Түрлі-түсті дыбыстар. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 2 – сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім:Өнер

Сабақ: 2

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Түрлі-түсті дыбыстар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау

 Сабақ мақсаттары

  • Ә.Қастеевтің «Амангелді сарбаздары» туындысымен танысу;
  • Ә. Қастеевтің өмірі мен шағармашылығымен танысады;
  • Ә.Қастеевтің «Жайлауда» суреті мен Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйінің өзара бейнесін салыстыру;
  • А.Естеновтың сөзіне жазылған А.Танидің «Бояулар мен дыбыстар» әнін үйрену және мәнерлеп орындау

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • музыка мен түстерді салыстырады;
  • көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • тыңдалған музыканы сипаттайды, дыбыстар мен бояулар жөнінде және олардың өзара байланыстылығын туралы өз пікірін айтады, көңіл күйін түрлі музыкалық іс-әрекеттер арқылы жеткізеді;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • әуен, оркестр.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Суретте не бейнеленген?
  • Бұл шығарманың авторын білеміз бе?
  • Ойыңызбен бөлісіңіз?
  • Суретті «сөйлету» үшін қандай аспаптарды қолданар едіңіз?

Құндылықтарды дарыту

Тайм менеджментті сақтай білу, уақытты өзінің теңіне орналастыру

Пәнаралық байланыстар

Дүние тану, жаратылыстану.

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

1-2 сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сұрақтарды талқылау.

Суретке назар аударыңыз.

  • Суретте не бейнеленген? 1-қосымша.
  • Бұл шығарманың авторын білеміз бе?
  • Амангелді кім?
  • Ойыңызбен бөлісіңіз?

Ә.Қастеевтің көпшілікке танымал 10 туындысы -

http://kerey.kz/?p=3577

Ұрмалы, шулы музыкалық аспаптар.

Сабақтың ортасы

30 минут

1- тапсырма. Импровизация.

Суретті «сөйлету» үшін қандай аспаптарды қолданар едіңіз?

Ұрмалы және шулы-музыкалық аспаптарды қолдана отырып суретті музыкамен сөйлетіңіз.

2- тапсырма. Ақпарат іздеу. Әбілхан Қастеевтің туындыларымен танысыңыз. 2-қосымша.

Ә.Қастеевтің «Жайлауда» суреті мен Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйінің өзара бейнесін салыстырыңыздар. 3-қосымша.

Оркестр– музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы. 4-қосымша.

  • - тапсырма. Ән орындау.

А.Естеновтың сөзіне жазылған А.Танидің «Бояулар мен дыбыстар» әнін үйреніңіз және мәнерлеп орындаңыз.

Жеті нота – шұғыла

Көз жасытар құбыла.

Қызыл бояу – қимас шақ,

Жалындатар нұрына.

Нәзік бояу көгілдір

Сыршыл әуен төгілдір.

Көк көйлекті көктемдей

Алау атқан көңіл бұл.

Сары бояу – сағыныш

Сәлемімді алып ұш.

Сары күздей сарғая

Достарыммен сағыныс.

Қоңыр бояу – қоңыр үн

Мамыражай өмірім.

Баяу әннен қоңыржай

Жайланады көңілім.

Ә.Қастеевтің көпшілікке танымал 10 туындысы -

http://kerey.kz/?p=3577

Тәттімбет «Сарыжайлау» күйі

Сөзі: А.Естенов,

әні: А. Тани

«Бояулар мен дыбыстар»

Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия:

  • Орындауда не жақсы шықты?
  • Не жақсы шықпады?
  • Нені жақсартуға болады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары аспапты меңгерген оқушыларға әнді аспаппен сүйемелдеу тапсырылады.

Шығармаларды салыстыру кезінде ауызша бағалау жүргізу.

Әнді мәнерлеп орындауда критерийлері бойынша бағалау

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
Пікір жазу