Музыка және мүсін өнері. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 3 – сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Музыка және мүсін өнері» бөлімінің үшінші сабағы. Сабақтың тақырыбын ашу үшін алдымен оқушыларға «Ескерткіш» ойынын ойнатыңыз.

Ойын шарты.

Оқушыларды екі топқа бөліңіз. Бір топ ортаға шығып музыка арқылы қозғалып жүреді. Музыка тоқтаған кезде ескерткіш болып қатып қалады. Екінші топ оларды күлдіріп қимылдату керек. Қім кимылдап немесе сөйлеп қойса ол ойыннан шығады. Осылай екінші топ жалғастырады.

Сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз.

1-тапсырмада оқушыларға «Астанадағы ескерткіштер» бейнесюжетін қарауды ұсыныңыз. «Астанадағы ескерткіштер» - https://www.youtube.com/watch?v=9oHiqvlFhDA

Қарап болған соң сұрақтарды талқылап, «Мүсін өнері» жайлы ақпатар беріңіз. Дидактикалық материалдар. 1-қосымша.

2-тапсырмада оқушылардың назарына үш түрлі бейне көрсетілген Астанадағы мүсіндердің суретін ұсыныңыз. Дидактикалық материалдар. 2-қосымша.

Оқушыларды 3 топқа бөліңіз. Топтарға бір бейнені таңдай отырып, сол бейнеге музыкалық композиция құрастыруды тапсырыңыз.Оларға музыкалық және ұрмалыы, шулы-музыкалық аспаптарды қолдануға болатынын ескертіңіз және аспаптарды алдын-ала дайындап қойыңыз. Музыка шығару барысында мүсіннің бейнесіне , эмоциясына басты назар аудару керектігін айтыңыз.

3-тапсырмада құрастырған композицияңызды музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен орындауды тапсырыңыз. Орындауды бағалау үшін, алдын-ала оқушылармен бірлесіп немесе дайын критерийлер алыңыз. Мысалы,

Бағалау критерийі:

  • Музыка шығарған;
  • Музыкалық аспаптар дұрыс таңдалған;
  • Мүсіннің образын ашады;
  • Топтық жұмыс қадағаланған;
  • Ансамблде өз партиясын меңгерген;
  • Музыканың көркемдеуші құралдарын дұрыс қолданған,

4-тапсырмада оқушыларға алдыңғы тоқсанда үйренген А.Естеновтың сөзіне жазылған А.Танидің «Ай келбетті Астана» әнін еске түсіріп, дирижерлық қимылдар көмегімен орындауды тапсырыңыз. Ұмытып қалса әннің сөзін таратып беріңіз.

Дидактикалық материалдар. 3-қосымша.

Әнді орындау кезінде таза интонацияға, сөздің тазалығына, ырғақтың сақталуына мән беріңіз. Әнді мәнерлеп дирижерлық қимылдар көмегімен орындауды қадағалаңыз.

Орындаудан кейін оқушыларға кері байланыс жүргізіңіз.

  • Орындауда не жақсы шықты?
  • Не жақсы шықпады?
  • Нені жақсартуға болады?

Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  • Астанадағы ескерткіштер жайлы біледі;
  • Мүсін өнері туралы айта алады;
  • Музыка мен мүсіндерді байланыстырады;
  • Әнді дирижерлық қимылдар көмегімен орындайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу