Музыка және қозғалыс. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 4 - сабақ.
Дидактикалық материалдар.
1-қосымша.
Би өнері жайлы ақпарат.
Музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер ол би. Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Би музыкамен тығыз байланысты. Көптеген халықтың билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалады. Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи географиялық, т.б. факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды. Солардың негізінде бал билері мен кәсіби сахна биі қалыптаса бастады. Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге көтеріліп, ғылыми жүйеленді. Мысалы, Еуропа классикалық биі, Азия мен Африка халықтарының билері сияқты түрлері қалыптасты. Шығыс елдерінің билері бет-пішіннің нәзік құбылуы және қол қимылы секілді дәстүрлі ишараларымен ерекшеленеді. Ежелгі би түрлері:мазурка, менуэт, полонез . Латын би түрлері: самба, румба, бачата, меренге, мамбо, сальса, зук, ламбада, кумбия, танго, фламенко, капоэйра, пачанга, болеро. Қазақ ұлттық билері Қамажай, Қаражорға.
Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/15967/
2-қосымша.
Қазақ би өнері
ҚАЗАҚ БИІ – бишінің қозғалысы мен дене қимылы арқылы көркем образды бейнелейтін, ұлттық сахна өнері. Қазақтың халықтық би өнері ерте заманнан қалыптасқан, халқымыздың аса бай ауыз әдебиетімен, ән-күйлерімен, дәстүрлі тұрмыс салтымен біте қайнасып келе жатқан ел мұрасы болып табылады. Қазақ биі халықтың тіршілік-тынысын, адамның табиғатқа көзқарасын, дүниетанымын айшықтайтын өнер ретінде өркендеуде. Қазақ биінің кейбір қимыл қозғалыстары, бақсы-балгерлердің ойындары арқылы қалыптасқан. Олар қобыз аспабымен бірге соқпалы муз. аспаптардың көмегімен де өздерінің бақсылық, балгерлік үрдістерін күшейтіп отырған
Қазақ биі өнерінің кәсіби деңгейге көтеріліп, сахна төріне шығуы, Қазақ мемл. музыка театрының (қазіргі Абай атынд. Қазақ мемл. академиялық опера және балет театры) шығарм. тарихымен тығыз байланысты (қ. Қазақ балеті). Халық бишісі Ысқақ Быжыбаев Мәскеу қ-нда өткен КСРО халықтары билерінің Бүкілодақтық фестивальдеріне қатысып, 1936 ж. екінші жүлдені, ал 1940 ж. бірінші жүлдені иеленді. Биші осы өнер сайысында домбыраның сүйемелдеуімен “Насыбайшы” және “Масқарампаз Қара жорға” билерін билеген. Халық биін тұңғыш кәсіби сахнаға шығарған таланттардың қатарында Ш.Жиенқұлова мен Ә.Ысмайлов болды. Бұл екі өнерпаз да арнайы би мектебінен өтпей-ақ кәсіби би өнерін шебер меңгерген. Қазақ халқының алғашқы кәсіби бишісі Жиенқұловадан бастау алған би өнері бірнеше ұрпақтың рухани байлығына айналды. Жиенқұлова – 1936 ж. Мемл. филармония жанынан би ансамблін құрды.
3-қосымша.
Қазақ бишілері жайлы ақпарат.
Аюханов Болат- балет өнерінің шебері, танымал биші, Қазақстанның халық әртісі (1973).
1938 жылы 13 қыркүйек күні Семей қаласында дүниеге келген.
1955 жылы Алматы хореографиялық училищесін А.Селезневтің сыныбы бойынша, 1957 жылы Ленинград (Санкт-Петербург) хореографиялық училищесінің шеберлікті ұштау курсын, 1964 жылы Мәскеу қаласындағы Театр өнері институтының балетмейстерлік бөлімін бітірген. 1957-1959 жылдары Қазақ академиялық опера және балет театры құрамында балет әртісі, 1964-1965 жылдары осында балетмейстер болған, 1965 жылы биші И.Манскаямен бірлесіп «Екі актер театрын» ұйымдастырды. Мұнда «Қазақ эпосының беттері» деген жалпы атпен «Қарлыға Бершімбайдың жекпе-жегі», «Біржан - Сара айтысы». «Қозы Көрпеш - Баян сұлу мазары маңында» секілді дуэттік би бағдарламаларын қойды. Дарынды бишінің репертуарынан өзі қойған «Ақындар биі», «Жігіттер биі», халық музыкасына қойылған «Айжан қыз», «Ақ сиса», «Күн сәулелі Қазақстан биі» және «Шашу» билері, Қазақстан композиторларының туындыларына жасалған әр алуан концерттік бағдарламалар орын алды.
Шара Баймолдақызы Жиенқұлова 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. Азан шақырып қойған есімі – Гүлшара. Әкесі Баймолда күллі Жетісу өңіріне әйгілі молда адам болған. Шара Жиенқұлова он алты жасында «Биші қыз» атағын иеленді. Үлкен сахнадағы өнер жолын жолдасы Құрманбек Жандарбековпен бірге Қазақ драма театрында бастаған. 1924-1930 жылдары Шара Жиенқұлова Қазақ Педагогикалық Институтының тарих факультетінде оқыды. Бейімбет Майлиннің «Майдан» пьесасындағы Пүліш бейнесі - оның театрдағы алғашқы сомдаған рөлі. Кейін ол Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөз» қойылымдарында басты рөлдерді сомдады. 1934 жылы өз жұмысын Музыкалық драма театрында (қазіргі Абай атындағы Мемлекеттік Қазақ опера және балет театры) жалғастырды. Мұхтар Әуезовтың «Айман-Шолпан» музыкалық драмасында, Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібек», «Жалбыр» және «Ер Тарғын» операларында бой көрсетті. Шара Жиенқұлова театрда ғана емес, өз таңбасын кинода да қалдырған. 1938 жылы «Амангелді» фильмінде Балым рөлін сомдады. Шәкен Аймановтың 1957 жылы түсірілген «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінде қазақтың мың бұрылған бишісі өзін-өзі сомдады
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/persona/703/
4-қосымша.
Мен де биші боламын
Сөзі: Е. Сейдахметов,
Әні: С. Тұяқова
1.Достарымды қуантады қадамым.
Қошеметтеп: «Таудай, - дейді, - талабың.»
Өнерімен өрге жүзер баламын,
Шұғыладай мен де биші боламын.
Қайырмасы:
Қырда өскен гүлдейміз.
Жадыраған күндей біз.
Жабырқамай, жалықпай,
Қол ұстасып, билейміз.
2.Күй де тартып, айтамын мен өлеңді.
Өнеріммен қуантамын мен елді,
Қандай жақсы бала болсаң әдепті!
Қандай жақсы бала болсаң өнерлі!
Қайырмасы:
Қырда өскен гүлдейміз.
Жадыраған күндей біз.
Жабырқамай, жалықпай,
Қол ұстасып, билейміз
Мен де биші боламын
Сөзі: Е. Сейдахметов,
Әні: С. Тұяқова
1.Достарымды қуантады қадамым.
Қошеметтеп: «Таудай, - дейді, - талабың.»
Өнерімен өрге жүзер баламын,
Шұғыладай мен де биші боламын.
Қайырмасы:
Қырда өскен гүлдейміз.
Жадыраған күндей біз.
Жабырқамай, жалықпай,
Қол ұстасып, билейміз.
2.Күй де тартып, айтамын мен өлеңді.
Өнеріммен қуантамын мен елді,
Қандай жақсы бала болсаң әдепті!
Қандай жақсы бала болсаң өнерлі!
Қайырмасы:
Қырда өскен гүлдейміз.
Жадыраған күндей біз.
Жабырқамай, жалықпай,
Қол ұстасып, билейміз 4-қосымша.
Мен де биші боламын
Сөзі: Е. Сейдахметов,
Әні: С. Тұяқова
1.Достарымды қуантады қадамым.
Қошеметтеп: «Таудай, - дейді, - талабың.»
Өнерімен өрге жүзер баламын,
Шұғыладай мен де биші боламын.
Қайырмасы:
Қырда өскен гүлдейміз.
Жадыраған күндей біз.
Жабырқамай, жалықпай,
Қол ұстасып, билейміз.
2.Күй де тартып, айтамын мен өлеңді.
Өнеріммен қуантамын мен елді,
Қандай жақсы бала болсаң әдепті!
Қандай жақсы бала болсаң өнерлі!
Қайырмасы:
Қырда өскен гүлдейміз.
Жадыраған күндей біз.
Жабырқамай, жалықпай,
Қол ұстасып, билейміз
Мен де биші боламын
Сөзі: Е. Сейдахметов,
Әні: С. Тұяқова
1.Достарымды қуантады қадамым.
Қошеметтеп: «Таудай, - дейді, - талабың.»
Өнерімен өрге жүзер баламын,
Шұғыладай мен де биші боламын.
Қайырмасы:
Қырда өскен гүлдейміз.
Жадыраған күндей біз.
Жабырқамай, жалықпай,
Қол ұстасып, билейміз.
2.Күй де тартып, айтамын мен өлеңді.
Өнеріммен қуантамын мен елді,
Қандай жақсы бала болсаң әдепті!
Қандай жақсы бала болсаң өнерлі!
Қайырмасы:
Қырда өскен гүлдейміз.
Жадыраған күндей біз.
Жабырқамай, жалықпай,
Қол ұстасып, билейміз
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?