Музыка және қозғалыс. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 4 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5-бөлім:Өнер

Сабақ: 4

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыка және қозғалыс

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.4 - музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтау және ажырату

3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну

3.2.1.2 - қарапайым музыкалық- шығармашылық

жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

 Сабақ мақсаттары

  • халық күйі «Салкүрең» және халық әні «Қара жорғаны» тыңдайды және салыстырады.
  • шығармалардың жанры мен стилін анықтайды;
  • музыкамен би қимылының үйлесімділігін зерттейді;
  • музыкалық шығармашылық жұмыстар жасайды.
  • С.Тұяқованың «Мен де биші боламын» әнін үйренеді және импровизация жасайды.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • музыкалық жанрлар мен стильдерді анықтайды және ажыратады;
  • музыкалық шығармашылық жұмыстар жасайды;
  • қарапайым музыкалық- шығармашылық жұмыстарды шығарады;
  • импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

тиісті терминологияны қолдана отырып, музыканы талқылай және талдай алады;

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • би,биші, қара жорға, балет

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Шығарманың жанрын анықтаңыз.
  • Шығармалардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз.
  • Музыка мен би өнерінің өзара байланысы қандай?
  • Би қимылы нені білдіреді?
  • Би өнері бізге шығарманың көңіл-күйі мен мазмұнын жеткізе ала ма?

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық өнеріміз «Би өнеріне» деген құрметке тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, бейнелеу өнері, Хореография.

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

1-2 сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Қара жорға биіне динамикалық жаттығу өткізу.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

1- тапсырма.

Музыка тыңдау және талдау.

Халық күйі «Салкүрең» және халық әні «Қара жорғаны» тыңдаңыз.

  • Шығарманың жанрын анықтаңыз.
  • Шығармалардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықтаңыз.
  • Музыка мен би өнерінің өзара байланысы қандай?
  • Би қимылы нені білдіреді?
  • Би өнері бізге шығарманың көңіл-күйі мен мазмұнын жеткізе ала ма?

«Қара жорға» сергіту-

https://www.youtube.com/watch?v=53l34e24ihw

Халық күйі «Салкүрең» -

https://www.youtube.com/watch?v=2W_1st6R21Q

Қара жорға -

https://www.youtube.com/watch?v=nnW3krqwVVQ

Сабақтың ортасы

30 минут

2-тапсырма. Ақпарат іздеу.

Интернет желісін және ақпараттық оқулықтарды қолдана отырып топта берілген тақырыптарға ақпарат іздеп постер жаса.

1-топ. Би өнері және бидің түрлері

2-топ. Қазақстандағы би өнері

3-топ. Қазақтың бишілері.

Постерді бағалау критеийлері:

  • Тақырыптың мазмұнын ашады;
  • Көркемдеп безендіреді;
  • Ақпаратты дұрыс береді;
  • Постерді қорғайды.

3 -тапсырма. Ән үйрену.

Е.Сейдахметовтің сөзіне жазылған, С.Тұяқованың «Мен де биші боламын» әнін үйреніңіз .

4-тапсырма. Импровизация және орындау. Дауысты, аспап дыбысын және қимыл- қозғалысты қолдана отырып топта музыкалық -сахналық қойылым ұйымдастырыңыз.

Презентация және бағалау.

Композицияңызды сынып алдында көрсетіңіз. Өз тобыңызды және өзгелерді бағалаңыз.

  • Орындауда не жақсы шықты?
  • Не жақсы шықпады?
  • Нені жақсартуға болады?

Ноутбуктар, музыкалық энциклопедия, ақпараттық парақтар

А3 форматтағы плакат, түрлі түсті қарындаш, фломастерлер

Әні: С.Тұяқова, Сөзі: Е.Сейдахметов

«Мен де биші боламын»

Сабақтың соңы

5мин

Рефлексия:

  • Бүгінгі сабақта не білдім?
  • Тағы не білгім келеді?
  • Мен үшін қызықты болғаны....

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары биді меңгерген оқушыларға импровизация жасау кезінде, топты басқарып би қимылдарын үйрету тапсырылады.

Постерді критерий бойынша бағалау.

Музыкалық сахналық қойылымды сұрақ-жауап арқылы бағалау.

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу