Бәріне ортақ музыка. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 5 - сабақ.


Дидактикалық материалдар.

1- қосымша.

Вальс — екі адам жұптасып, бірқалыпты немесе үдемелі жылдамдықпен айналып билейтін бал биі; сондай-ақ, би музыкасының жанры.

18 ғ-дың 70-жылдары Оңтүстік Германия мен Австрияда кең тараған шаруалар биінің лендлер деген түрінен бастау алған. 19 ғ-да бүкіл Еуропа  мемлекеттеріне тарайды. Әсіресе, Венада И. Ланнердің, әкелі-балалы Штраустардың шығармашылығында ерекше дамыды (қ. Штраус). Сондай-ақ, француз вальсі, вальс-бостон сияқты түрлері өрістеді. В.Ф. Шуберт,  Г.Шуман, И.Брамс, К.М.Вебер, Ф.Шопен, Ф.Лист, Э. Грич, Г. Малер, М.Глинка, П.Чайковский, С.Прокофьев, А.Хачатурян сияқты әр түрлі кезең мен түрлі ұлттық мектептерге жататын көптеген композиторлардың шығармашылығында кеңінен орын алды. Вальс музыка жанры ретінде симфония  опера , балет , оперетта сияқты музыка шығарма түрлерінде кең қолданылады. Қазақ музыкасында вальс дәстүрі М.Төлебаев (“Бақыт вальсі”), Л.Хамиди  (“Қазақ вальсі”), Ш.Қалдаяқов, С.Мұхамеджанов , Н.Тілендиев, т.б. шығармашылығында үлкен орын алады

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B0%D0%BB%D1%8C%D1%81

2 - қосымша.

Мектеп вальсы

Сөзін жазған: Е.Сейдахметов,

Әнін жазған: С. Тұяқова

1.Туған жердің әлі біз,

Өсіп-өнер дәніміз.

Қыркүйекте мектепке,

Асығамыз бәріміз.

 Қайырмасы:

 Талпындырған білімге,

 Мектеп, саған мың алғыс!

 Арман қуып бүгінде,

 Ұмтыламыз күнге алыс.

2.Оқып білім аламыз.

Ертеңге жол саламыз.

Үлгі болар кішіге,

Біз тәртіпті баламыз.

Қайырмасы:

3.Жаттап ертек, жыр, аңыз.

Өмір сырын ұғамыз.

Теріп білім жемісін,

Адам болып шығамыз.

Қайырмасы:

Мектеп вальсы

Сөзін жазған: Е.Сейдахметов,

Әнін жазған: С. Тұяқова

1.Туған жердің әлі біз,

Өсіп-өнер дәніміз.

Қыркүйекте мектепке,

Асығамыз бәріміз.

 Қайырмасы:

 Талпындырған білімге,

 Мектеп, саған мың алғыс!

 Арман қуып бүгінде,

 Ұмтыламыз күнге алыс.

2.Оқып білім аламыз.

Ертеңге жол саламыз.

Үлгі болар кішіге,

Біз тәртіпті баламыз.

Қайырмасы:

3.Жаттап ертек, жыр, аңыз.

Өмір сырын ұғамыз.

Теріп білім жемісін,

Адам болып шығамыз.

Қайырмасы:



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу