Музыка және поэзия. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.


 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

1. Музыкалық сәлемдесу

Сабақты нота биіктіктерін ұмытпау және тыңдау, орындау қабілеттерін дамыту үшін музыкалық сәлемдесуден бастаған жөн. Берілген музыкалық сәлемдесу үш тілде орындалады. Әр тілдің өз әуені бар, бқл оқушыларға айтылатын әуенді дұрыс меңгеруіне көмектеседі. Мұғалім өзі аспапта сүймелдеп тұрып немесе ауызша, орындауы тиіс. Оқушылар мұғалімнің берген моделін қайталау арқылы бірнеше қабілеттерін дамытуға мүмкіндік алады.

2. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару. «Ырғақты гимнастика» («Ритмирование») жаттығуы.

Өзін-өзі реттеуі және жинақталуы үшін білімді кинесиология жаттығуын орындау.

Бұл жаттығуды оқушылар шулап отырса немесе белсенді сабақтардан кейін келсе жасау ұсынылады. Жаттығу арқылы оқушы жинақталып, мұғалімге назарын аударады.

Бұл жаттығуды орындау үшін мұғалім нұсқау айтумен қатар жасалатын қимылдарды оқушыларға өзі көрсетіп тұруы қажет.

Сабақ мақсаты мен тақырыбын анықтау үшін мұғалім өлең оқиды. Өлеңді оқымас бұрын бұл өлең не үшін оқылады, және оқушыларға неге назар аударуы қажет екенін мұғалімге айтып өткен жөн.

3. Мұғалім талдау үшін оқушыларға ашық дәрежелі сұрақтар қояды.

  • Бұл өлеңде не туралы айтылған?
  • Менің дауысым қандай динамикамен шықты?
  • Бұл өлең өнердің қай түріне жатады?

4. Мұғалім сабақ тақырыбы мен мақсатын оқушыларға айтады.

Жаңа тақырыпты ашу үшін оқушылардың тақырып жөніндегіалдыңғы білімдерін тексеру мақсатында мұғалім бірнеше сұрақ қояды:

  • Балалар, сабақты мен кімнің өлеңімен бастадым?
  • Қандай адамды композитор дейді?
  • Ал кімді ақын дейді?

5. Миға шабуыл тапсырмасы оқушыларды екі үлкен топқа біріктіруден басаталады. Уақыт үнемділігі үшін мұғалім екі қатарды топтарға бөлуіне болады.

1 топ – музыка дегеніміз не? Адамға қалай әсер етеді?

2 топ – поэзия дегеніміз не? Адамға қалай әсер етеді?

Бұл тапсырманы орындау уақытын нақтылықпен көрсетіп, экранға таймер қосу ұсынылады. Себебі оқушылар таймерді көріп отырған кезде өз уақыттарын барынша тапсырманы орындауға жұмсайды.

6. Музыка тыңдау және талдау тапсырмасы үшін поэзияға фон бола алатын халықтық және классикалық музыкалық туындылар алынады. Оқушылар бұл музыкаға қандай өлең оқуға болатыны жайлы және оқылған өлеңмен қатар музыка не үшін қажет екені жөнінде ойланады.

1. «Көңіл толқыны» Секен Тұрысбеков

2. «Мелодия Рая» Фридерик Шопен

Музыканы талдау үшін мұғалім оқушыларға ашық дәрежелі сұрақтар қойып, талдау барысында ауызша түрде көпіршелер орнатуы қажет ға арналған сұрақтар:

  • Бұл екі музыкалық шығарма қандай көркем образды жеткізеді?
  • Екіпіні мен динамикасы қандай?
  • Бірінші тыңдалған музыка қандай жанрда орындалды неліктен?
  • Ал екінші музыкалық шығарма? Қайндай музыкалық аспапты естідіңіздер.
  • Осындай баяу әдемі әуендерді өлең оқыған кезде сүйемелдеу үшін қолдануға бола ма?

7. Топтарға бөлу Келесі шығармашылық тапсырманы жүзеге асыру үшін оқушыларды түстер бойынша арнайы алдын-ала дайындалған карточкалар арқылы топтарға біріктіру қажет. Алдын ала карточканы түстердің келесі жағына әр оқушыға сандар белгілеп қою керек.

Дифференциация тапсырма түрі бойынша жүргізіледі.

Түсті карточкалардың артқы жағында сандар жазылған.

Оқушылар топқа бірігу үшін сандарға емес түстерге негізделеді. Сандар оқушыларға топта нақты қандай тапсырманы орындау керектігін білдіреді. Мұғалім топтағы 4 оқушыға жеке-жеке тапсырманы белгілеу арқылы уақытты үнемдейді және әрбір оқушының топтық жұмысқа ат салысып қатысуын ұйымдастырады.

Карточкасында 1 саны бар оқушылар өлеңді мәнерлеп, мағынасын жеткізе отырып оқуы тиіс;

2 саны көрсетілген оқушылар металлофон аспабында ойнайды;

3 саны көрсетілген оқушылар ұрмалы аспаптарда ойнайды;

4 саны көрсетілген оқушылар шулы аспаптарда ойнайды.

8. Шығармашылық тапсырмаға нұсқауды ауызша және таратпа түрінде немесе презентацияға шығаруға болады. Оқушылар тапсырманы орындау барысында визуалды түрде қажет.

  • Поэзияны оқуға келетін музыканы аспаптармен импровизация жасау арқылы шығарыңыз.
  • Аспапшы рөліндегі оқушылар өз дыбыстарыңызды бірнеше рет орындап дайындалыңыздар.Қандай динамиканың сәйкес келетіні жөнінде ойланыңыздар.

Дайындыққа 6 минут уақыт беріледі.

Презентация және бағалауды «Сахна» әдісі арқылы өткізу ұсынылады. Оқушылар топтар шығармашылық жұмысын таныстырған кезде бір-бірін мұқият тыңдауды ұйымдастыру қажет. Оқушылар «Сахна» әдісі арөылы бір-бірін шапалақтау арқлы мадақтайды.

Өзін-өзі бағалауды мұғалім ауызша түрде сұрақтар қою арқылы өткізеді.

  • Шығармашылық жұмыс көңілдеріңнен шықты ма?
  • Дайындық кезінде қандай қиындықтар туды?
  • Егер қосымша уақыт болса, бұл жұмысты қалай өзгертер едіңіздер?

Сабақты қорытындылау үшін мұғалім белсенді оқу әрекетін және сөйлейтін қабырғаларды қолдануына болады.

Алдын-ала сөйлетін қабырғаларда «Иә» және «Жоқ» сөздері үлкен болйып көрініп жазылып тұрады. Мұғалім сөйлемді оқуыған кезде, оқушылар жауапты сол сөздің қасына барып тұра қалу арқылы білдіреді. Мұғалім оқушыларға поэзия мен музыкаға, сабақта болған әрекетке байланысты сөйлемдер оқиды. Оқушылар сөйлем дұрыс па, әлде қате ма екенін анықтап кабырғада ілініп тұрған «иә» және «жоқ» сөздерінің қасына барып тұра қалуы керек.

  • Поэзия мен музыканы байланыстыруға болады. (Иә)
  • «Көңіл Толқыны» Ф. Шопеннің музыкасы. (Жоқ)
  • Абайдың «Әсемпаз болма әрнеге» деген өлеңі бар. (Иә)
  • Бүгінгі сабақта біз өлең оқыдық және тыңдадық. (Иә)
  • Бүгінгі оқыған өлеңдер таным ақындардың өлеңдері болып табылады. (Жоқ)

 

Рефлексия:

Бүгінгі сабақ мен үшін

  • жағымды болды;
  • қиын болды;
  • жаңалықтарға толы болды;

 Оқушылар жоғарыдағы сөз тіркестерінің қайсысымен келіссе, сол санды саусақтарымен көрсетеді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу