Музыка және қозғалыс. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 4 - сабақ.


 Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

Сабақ музыка мен қозғалыс жайлы болатындықтан оқушылар флеш мобқа қатысу арқылы би туралы сабақ өтілетіні туралы өздері білуі тиіс. ОЛ үшін мұғалім сабақты тақырып ашу мақсатында флэшмобтан бастайды.

Флеш моб музыкасыны мұғалім өз қалауы бонйыша кез келген әнді немесе музыкалық копмозицияны таңдауына болады.

Сонан соң оқушыларға сабақ тақырыбы мен мақсаты айтылады.

 1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау. Оқушылар түрлі би түрлерін видео арқылы көреді. Әрбір көрген биді оқушылар жеке отырып талдайды. Талдау үшін оқушыларға талдау парақтары беріледі.

Бейне материалды қарау кезінде берілген парақтарға музыканың көркемдеуші құралдарын анықтап жазыңыздар. БҰұл жұмыс оқушылардың музыканың көркемдеуші құралдарын қаншалықты дұрыс анықтайтынын көру үшін жеке жұмыс түрі ретінде өткізіледі. Талдауды бастамас бұрын мұғалімге музыкадағы динамика, екпін, сипаты туралы ұғымдарды қайталап өткен жөн. Қайталау үшін сыныпта сөйлейтін қабырғаларды музыкалық терминдерді орналастыру қажет. Сөйлейтін қабырлағалардағы терминдер әр сабақ бойы оқушыларға көпіршелер қызметін атқарады.

Жұмыс түрі - жеке жұмыс.

Би түрлері

Динамикасы

Екпіні

Сипаты

1 би - «Киіз басу» қазақ биі

2 би - «Модерн» заманауи би

Алғашқы модерн биі

3 би - «Полонез» классикалық биі

Музыканы талдауды өзара бағалауды мұғалім бір патада отырға екі оқушыны жұпқа біріктіруді ұйымдастыру арқылы өткізеді. Оқушылар бір бірінің бағалау парақтарын қарап ауызша түрде баға береді. Өзара бағалау кезінде мұғалім

  • Талдауларың сәйкес пе?
  • Жұбыңның жазбаларымен келісесің бе? Неліктен?-деген сұрақтарды қоюына болады.

2-тапсырма. Импровизация және орындау.

Бұл тапсырманы орындау үшін мұғалім алдын ала үш би түрінің бейне көріністерін-суреттерін дайындауы қажет. Суреттер оқушылар санына байланысты қиықтарға бөліп, оқушыларға таратып беріледі.

Оқушылар бір суретті мозаика әдісімен жинау арқылы қандай келесі тапсырманың қандай болатынын түсінеді. Суретті жинау кезінде оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдылары дамиды.

Тапсырма: Суреттеріңде көрсетілген би түріне өз би қимылдарыңды ойлап табыңдар.

Би қимылдарын топпен бірге орындап көрсетіңдер.

Би қимылдарын ойлап табу кезінде музыка мұғаліміне алдын ала мектеп хореографтарынан үш би жанрына байланысты өзіне би қимылдарын үйреніп алу қажет, бұл кейбір топтарда қиындық туып, көмектесу қажет болса мұғалім дайын қимылдарды оқушыларға көрсете алады. Бұл тапсырманың дайындыққа беретін уақыт көлемін мұғалім оқушыларға нақтылап көрсетуі қажет.

Презентацияны екі кезеңге бөліп өткізу ұсынылады. Әр топ өз шығармашылық жұмысын орындап көрсетеді.

1 кезең – әр топ өз қимылдарын көрсетеді, қалған топтар көрермен болады.

2 кезең – топ топ қиымлдарын қайтадан көрсетеді, ал сынып қайталау арқылы флешмобқа қатысады.

Сынып орындауын мұғалім пікір білдіруі арқылы бағалайды. Қалыптастырушы бағалау ауызша түрде жүргізіледі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу