Музыка және қозғалыс. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 4 - сабақ.


 Би өнері туралы теориялық мәлімет.

 

 Би — музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен көрсетілетін өнер.

 Адамдардың күнделікті еңбек процесіндегі іс-әрекеттері, қоршаған дүниеден алған сезім-әсерлері би қимыл-қозғалыстары мен ишараларына негіз болған. Табиғат құбылыстарын, аңшылық және соғыс көріністерін белгілі жүйеге түскен ырғақты қимыл — бимен бейнелеу көне дәуірде өмір талабынан туды. Келе-келе би қимылдарының мәнерлеу мүмкіндігі мен тәжірибенің молаюына орай жеке би өнері қалыптасты. Көне мәдениеттер ордасы болған Шығыс елдерінде (Грекия, Рим, Мысыр, Қытай, Үндістан) билеу мәдениеті шеберліктің биігіне жетті. Би музыкамен тығыз байланысты. Көптеген халықтың билері ұрмалы музыкалық аспаптардың ырғақты үнімен орындалады.

 Би хореографиясы жинақы образдар арқылы болмысты бейнелеп, адамның ішкі жан дүниесін көрсетеді. Экономикалық, әлеуметтік, тарихи географиялық, т.б. факторлардың әсерімен де әр халықтың өзіне ғана тән би дәстүрлері, өзіндік хореография тілі, пластикалық бейнелілігі, қимыл-әрекетті музыкамен байланыстыру тәсілдері пайда болды. Солардың негізінде бал билері мен кәсіби сахна биі қалыптаса бастады. Кәсіби өнерде би жоғары деңгейге көтеріліп, ғылыми жүйеленді. Мысалы, Еуропа классикалық биі, Азия мен Африка халықтарының билері сияқты түрлері қалыптасты. Шығыс елдерінің билері бет-пішіннің нәзік құбылуы және қол қимылы секілді дәстүрлі ишараларымен ерекшеленеді.

 Би — қазақтың халық фольклорының көне түрлерінің бірі. Ол туралы Қазақстан жерінде сақталған тастағы суреттер, тарихи деректер, орыс саяхатшылары, тарихшылары, ғалымдарының этнографиялық жазбалары сыр шертеді.

 

 1934 ж. Қазақ музыкалық театры (қазіргі Опера және балет театры) құрылғаннан кейін сахналық билерді шығару қызу қолға алынды. Музыкалық, опералық спектакльдердегі алғашқы сахналық билерде ұлттық ойындар, салт-дәстүр элементтері Орта Азия және Қазақстан халықтары билері мен классикалық бидің стильдік қимыл-әдістері қолданылды.

 Бұл билер 1936 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігінде қойылған спектакльдерде,

 1930 — 40 ж. Алматыда болған халық шығармашылығының Бүкілқазақстандық слеттерінде көрсетіліп, үлкен табысқа ие болды.

 20 ғасырдың 50-жылдарынан бастап ұлттық балетмейстерлер қазақтың фольклорлық билерін, оның нағыз ұлттық қимыл-ерекшеліктерін зерттей бастады. Өңделген фольклорлық билер алғашқы сахналық билермен біріге, қазіргі заманғы қазақ билерінің негізін құрды. Оларды Классикалық би ансамблі, Ән-би ансамблі, “Гүлдер” эстрадалық жастар ансамблі, “Сазген” фольклорлық этнографиялық ансамблі, “Алтынай” мемлекеттік халық биі ансамблі, т.б. орындады. Сондай-ақ, би өнері көркемөнерпаздар ұжымдарының репертуарынан да кеңінен орын алды.

 20 ғасырдың 60-жылдарынан жазып алына бастаған халықтық-фольклорлық билер мен оның шығу тегі ғыл. тұрғыда зерттелді. Солардың негізінде ұлттық хореографтар жаңа шығармалар тудырып, би өнерінің жан-жақты дамуына үлес қосты. Кәсіби бишілерді Алматы жоғары би өнері мектебі даярлайды.

 

 Хореография (грек. choreіa — би, graphoжазамын) шартты белгілер жүйесі арқылы би қимылдарын жазу. Би қимылдарын жазып алу тарихы ежелгі дәуірден (ежелгі мысырлықтар, римдіктер, т.б.) басталды. 15 ғасырдың аяғы мен 18 ғасырдың басында Еуропада би қимылдарын жазуға алғашқы талпыныстар (мысалы, Францияда балетмейстер П.Бошан) жасалды. Алғаш рет “Хореография” терминін француз би үйретушісі Р.О. Фейе (“Хореография немесе би жазу өнері...” атты кітаптың авторы, 1700) енгізді.

 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында хореография термині би өнеріне қолданылатын болды.

 

 Полонез (польск. polonez, фр. polonaise, от фр. polonais — поляктыкі) — салтантты адымдау биі (торжественный танец шествие), орташа екпінде биленеді. Бұл жұптық би түрі үлкен іс шара, балл, мерекелердің басында биленетін. Полонез биленген мерекелер жоғарғы деңгейде өтіледі деп саналатын. Полонез биінде бишілер ережеге сай, гемотриялық фигура сызбасымен билейды. Бұл ереже өте көп бишілерге бір уақытта билеуге мүмкіндік беретін болған. Европалық классикалық би түрі. Бұл бидің музыкалық өлшемі - 3/4.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Музыканы талдауға арналған таратпа материал

Оқушының аты-жөні ________________________

 

Би түрлері

Динамикасы

Екпіні

Сипаты

1 би - «Киіз басу» қазақ биі

2 би - «Модерн» заманауи биі

Алғашқы модерн биі

Қазіргі модерн биі

3 би - «Полонез» классикалық биі

Оқушының аты-жөні ________________________

 

Би түрлері

Динамикасы

Екпіні

Сипаты

1 би - «Киіз басу» қазақ биі

2 би - «Модерн» заманауи биі

Алғашқы модерн биі

Қазіргі модерн биі

3 би - «Полонез» классикалық биі

Оқушының аты-жөні ________________________

 

Би түрлері

Динамикасы

Екпіні

Сипаты

1 би - «Киіз басу» қазақ биі

2 би - «Модерн» заманауи биі

Алғашқы модерн биі

Қазіргі модерн биі

3 би - «Полонез» класикалық биі

Оқушының аты-жөні ________________________

 

Би түрлері

Динамикасы

Екпіні

Сипаты

1 би - «Киіз басу» қазақ биі

2 би - «Модерн» заманауи биі

Алғашқы модерн биі

Қазіргі модерн биі

3 би - «Полонез» классикалық биі

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу