Музыкалық сарай. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.
«Тірі табиғат» бөлімінің 1сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақты оқушылармен әңгімелесуден бастаған жөн. Мұғалім оқушылардан өз қаласындағы қандай ғимараттарды білетіні жайлы сұрайды. Оқушыларды қалаға виртуалды сереуенге шақыруға болады. Мұғалім ғимараттарды көрсетіп отырып, оқушылардын сұрап отырады немесе бейнеролик көрсетуәне болады.
Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын анықтау үшін оқушыларға презентацияда көрсетілгенг екі түрлі ғимараттың суреті көрсетіледі.
Мұғалім ашық дәрежелі сұрақтайр қою арқылы оқушыларды жауап беруге жетелейді
-Бұл ғимараттар немен ерекшеленеді?
-Бұл ғимараттар қай қалада орналасқан?
- Бұл ғимараттардың сырт пішіні қандай?
-Әр ғимарат неше бөліктен тұрады?
1 тапсырма құрылымы әр түрлі екі ән тыңдатылады. Оқушыларға әннің формасын түсіну үшін мұағілом әннің сөздерін алдын ала ұсынуына болады. Оқушылар әндерді тыңдау кезінде сөздеріне қарап әуенін айтумен қатар, әннің қагнша шумағы мен қайырмасы барын визуалды түрде көріп отырады. Бұл әндегі музыкалық форманың түсінуіне көмектеседі.
Талдауға арналған сұрақтар:
-Әндерде неше шумақ бар?
-Ал неше қайырма бар?
-Балалар бұл әндердің құрылысында қандай айырмашылық байқадыңыздар?
-Қай ән шумақты форма, ал қай ән шумақты қайырмалы формаға сәйкес? Неліктен?
Музыкалық форма түрін анықтап болған соң мұғалім музыкалық форма латын әріптері A, B мен белгіленетінін атап айтып көрсетеді.
2 тапсырмада мұғалім оқушыларға өздері музыкалық форманың кестемсін жасауды ұсынады. Ол үшін пішіндерді қолданып тек әннің шумағы мен қайрымасын емес, шумақ пен қайырма арсында ойналатын музыкалық әуенді де белгілеуді ұсынады.
Әннің шумағы - дөңгелек
Қайырмасы - үшбұрыш
Әндегі әуен - төртбұрыш.
Әннің құрылымын көрсету үшін ән тағы бір мәрте тыңдатылады. Мұғалім әнді тыңдай барысында сөздерін айтып әуеніне қосылып отырауды ұсынуына болады.
Өзара бағалауды тиімді ұйымдастыру үшін, жұптардың бір біріне бұрылуын сұрау қажет. Алдыңға партағы оқушылар артқы парта оқушыларының жұмысын өз жұмысымен сәйкестендіреді.
Бағалау қорытындысын мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы өткізеді. Оқушылар өз қателерін дұрыстап, неліктен сондай қате кеткенін түсінеді.
Музыкалық форма тізбегі дұрыс па?
Қандай қателіктер кетті?
3 тапсырмада оқушылар сөзі: Е.Тілепбердиев, әні: Х. Сетеков
«Әуендер сарайы» әнін үйренеді. Алдыңғы бқлімдерде ән бірнеше рет тыңдалғандықтан оқушыларға әнді орындау барысында әннің музыкалық көркемдеуші құралдарына назар аударып орындауды ұсынады. Әнді орындау үшін сыныпты 3 топқа біріктіру қажет, қатар бойынша бөліп әр қатарға оорындау барысында неге назар аудары қажет екені түсіндіріледі. Әр қатардың орындауын бақылау және бағалу үшін мұғалім әннің шумақтарын тотарға кезекпен айтқыза алады. Динамика тобы динамиканың көшуін нақтылықпен көрсетуі тиіс. Екпін тобы орындау барысында әннің екпінін сақтауға назар аударуы тиіс. Дауыс бояуы тобы әнді қыз балалар және ер балалар деп бөліп орындап бір бірінің дауыс бояуын тыңдауы тиіс.
1 топ - Динамика
2 топ - Екпін
3 топ - Дауыс бояуы
Рефлексия:
-Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдыңыздар?
-Қай тапсырма оңай болды?
-Қай тапсырма қиын болды?
-Келесі сабаққа қандай тілектеріңіз бар?
Рефлексия оқушылармен әңгіме ретінде өткізіледі. Оқушылар мұғалім сұрақтарына өз қалауы бойынша жауап береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?