Музыкалық сарай. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4 бөлім: «Сәулет өнері»

Сабақ: 1

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыкалық сарай

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.3.2 - музыкалық форманың құрылымын анықтау: шумақ, шумақ-қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді

3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау

3.1.2.2. – әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • шумақ, шумақ-қайырма музыкалық формасын ажыратуды үйренеді
  • музыкалық форма сызбасын жасап үйренеді;
  • сөзі: Е.Тілепбердиев, әні: Х. Сетеков «Әуендер сарайы» әнін үйренеді.

 Бағалау

 критерийлері

  • әнді дирижерлық қимыл арқылы орындайды
  • шумақ, шумақ-қайырма музыкалық формасын ажыратады
  • орындау барысында музыканың көркемдеуші құралдарын сақтай отырып әннің көркем образын ашады

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • пәндік терминологияны қолданып, әртүрлі түсініктерді және тыңдалған әндерді талқылау;

Пәндік лексика мен терминология:

  • ән;
  • форма;
  • шумақтық форма;
  • шумақты-қайырмалы форма;
  • динамика
  • дыбыс бояу
  • екпін

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әннің қай бөлшегі бірнеше рет қайталанады?
  • Бұл әннің формасы ... деп ойлаймын, өйткені...;
  • Әннің/әуеннің көңіл-күйі менің ... сезімдерімді оятады, өйткені...;

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыстарға қатысу арқылы оқушылардың бір-біріне деген құрмет сезімерін қалыптастыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

Математика оқушылар пішіндерді қолданып музыкалық форманың сызбасын жасайды.

 АКТ дағдылары

АКТ дағдылары сабақта ресурстарды көрсету мақсатында қолданылады.

Бастапқы білім

Оқушылар қазақтың көне саз аспаптарының ұлттық музыка өнеріндегі орны мен уақыт аралығында тарихи жолы жайлы мәлімет алды. Сонымен қатар музыкалық сауаттылықтарын дамытты - өлшем, штрих, жетіген аспабымен танысты

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен сәлемдесу

Әңгімелесу:

  • Балалар, біз «Сәулет өнері» бөлімін бастаймыз.
  • Біздің қаламызда қандай әдемі ғимараттар бар?
  • - Неліктен сәулет нысандары әртүрлі?
  • Олар не үшін қажет?

Оқушыларға екі түрлі ғимараттың суреті көрсетіледі.

  • Бұл ғимараттар немен ерекшеленеді?
  • Бұл ғимараттар қай қалада орналасқан?
  • Бұл ғимараттардың сырт пішіні қандай?
  • Әр ғимарат неше бөліктен тұрады?

Балалар бүгінгі сабақта біз музыкалық форма туралы айтатын боламыз. Музыкалық форма да осы ғимараттар сияқты әр түрлі бөліктерден тұрады. Әндердің музыкалық формасын анықтауды ажыратуды үйренеміз.

Тапсырма 1. Әндерді тыңдау және талдау

Олай болса сабағымызды ән тыңдаудан бастайық

Балалар қазір біз өткен сабқтардың бірінде үйренген әнді және жаңа әнді тыңдаймыз. Әнді тыңдаған кезде әннің құрылымына көңіл бөліп, әуеніне көңіл бөліп отырыңыздар.

«Дала әуендері» сөзі: С. Қалиев, әні: Б. Қыдырбек «Әуендер сарайы» сөзі: Е.Тілепбердиев, әні: Х. Сетеков

Талдауға арналған сұрақтар:

  • Әндерде неше шумақ бар?
  • Ал неше қайырма бар?
  • Балалар бұл әндердің құрылысында қандай айырмашылық байқадыңыздар?
  • Қай ән шумақты форма, ал қай ән шумақты қайырмалы формаға сәйкес? Неліктен?

Тапсырма 2. Музыкалық форманың құрылымын көрсету

Қазір сіздер жұптасып осы әндердің формасының құрылымын пішіндер арқылы көрсетесіздер.

Әннің шумағы - дөңгелек

Қайырмасы - үшбұрыш

Әндегі әуен - төртбұрыш.

Оқушылар әнді тыңдап қосылып айта отырып, әннің құрылымын жасайды.

Өзара бағалау.

Жұптар бірін бірі бағалайды.

Музыкалық форма тізбегі дұрыс па?

Қандай қателіктер кетті?

Музыкалық форма – дегеніміз музыкалық шығарманың құрылымы болып табылады.

Презентация

Дала әуендері» сөзі: С. Қалиев, әні: Б. Қыдырбек «Әуендер сарайы» сөзі: Е.Тілепбердиев, әні: Х. Сетеков

Тапсырма 3. Ән үйрену.

«Әуендер сарайы» сөзі: Е.Тілепбердиев, әні: Х. Сетеков

1.Әуездің ойнар аспабын,

Оркестр емей басқа кім?!

Осы бір әсем сарайда,

Әуелеп жатыр асқақ үн.

Қайырмасы:

Құлпырған гүлмен арайы,

Әуенге тұнған маңайы,

Жанымның жарқын шуағы,

Жайнай бер, Әуендер сарайы,

Жайнай бер, Әуендер сарайы!

2. Дауылпаз, шертер, жетіген,

Аспаптар ғажап шетінен.

Ән тұнған сазды сарайда,

Сырнайлат, сырнай, өтінем.

3.Сиқырлы қобыз үніндей,

Төгілген қазақ күйіндей,

Көз тоймас ғажап ғимарат,

Қарарсың қайтіп сүйінбей?!

Әнді орындау үшін сыныпты 3 топқа біріктіру.

1 топ - Динамика

2 топ - Екпін

3 топ - Дауыс бояуы

Әр топ әнді орындау барысында өздерінің музыкалық көркемдеуші құралдарын көрсете отырып орындауы керек. Мысалы Динамика тобы динамиканың көшуін нақтылықпен көрсетуі тиіс.

Екпін тобы орындау барысында әннің екпінін сақтауға назар аударуы тиіс.

Дауыс бояуы тобы әнді қыз балалар және ер балалар деп бөліп орындап бір бірінің дауыс бояуын тыңдауы тиіс.

Әннің сөзі

Әннің минусы мен плюсы

Сабақтың соңы

5 минут

Қорытынды, рефлексия:

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа ақпарат алдыңыздар?
  • Қай тапсырма оңай болды?
  • Қай тапсырма қиын болды?
  • Келесі сабаққа қандай тілектеріңіз бар?

Оқушылармен әңгіме ретінде өткізу. Оқушылар мұғалім сұрақтарына өз қалауы бойынша жауап береді.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Музыканы талдау барысында музыканың көркемдеуші құралдары жазылған стендке оқушылардың назарын аудару.

Бақылау

Бағалау критерийлері арқылы

Интерактив тақтасын кажет болмаған кезде өшіріп отыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу