Музыка және сәулет өнері. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.
«Сәулет өнері» бөлімінің 2 сабағына әдістемелік нұсқаулық
Cабақтың басында мұғалім оқушыларға өткен материалды қайталау мақсатында сұрақтар қояды:
- музыкалық форма дегеніміз не?
- шумақты форма мен шумақты қайырмалы форманың айырмашылығы неде?
1 тапсырма сабақ тақырыбын айқындау мақсатында өткізіледі. Мұғалім оқушыларға презентация арқылы әр түрлі ерекше ғимараттар суреттерін көрсетеді. Ғимараттың суреті оқушылардың шығармашылық қиялдарын ояту мақсатында көрсетіледі. Оқушылар бұл ғимараттардың пішінінен қанждау муызка сәәкес келетіні жайлы ойланатын болады.
-Бұл ғимараттарда не қайталанады?
-Бұл ғимараттардың құрылысын музыка арқылы қалай жеткізуге болады?
Мұғалім сабақ мақсатын қарапайым оқушыларға түсінікті сөзбен айтады.
Бүгінгі сабақта біз
- музыкалық штрих ұғымымымен танысамыз;
- легато және стаккато штрихтарын орындап және жазып үйренеміз.
2 тапсырмада музыкалық штрихтардың музыка сипатын жеткізуге ісер ететінін түсіндіру үшін оқушыларға екі қарама қайшы сипаттағы классикалық музыкалық шығармалар тыңдатылады.
1. П.И. Чайковский «Осень» баяу, асықпай, легато,
2. В.А. Моцарт «Турецкий марш» жылдам, ойнақы, стаккато.
Талдау үшін сұрақтар қойылады:
- Екі музыкалық үзіндінің айырмашылығы қандай?
- Музыка қандай көңіл күйді білдіреді?
Балалар, өздерңіз байқағандай бұл екі музыкалық шығарма екі түрлі екпінде және сипатта орындалады. Музыкалық шығарманың сипатын музыкалық штрих арқылы жеткізуге болады.
3 тапсырманы өткізбес бұрын мұғалім оқушыларға теориялық тұрғыда музыкалық штрих ұғымын түсіндіреді. Озқушыларға айырмашылықты байқып түсіну үшін форепиано аспабында кез келген әнді немесе пьесаны легато және стаккатомен орындайды.
Оқушылар өздері металлофон аспабында штрихтарды орындап көреді. Асатаяқ, маракас аспаптарымен де музыкалық штрихтарды орындау әдістерін көрсетуге болады.
Сонан соң оқушылар тыңдалған музыкалық шығармаға сүйемелдей жасайды. Сүйемелдеу жасау тапсырмасын орындау кезінде штрихтардың орындалуына мән берген жөн. Оқушылар музыканың сипатына сай аспаптарымен легато және стаккатоны айқын көрсете білуі қажет.
1. И. Чайковский «Осень» легато штрихымен
2. В.А. Моцарт «Турецкий марш» стаккато штрихымен
4 тапсырмада оқушылар нота ұзақтықтарын еске түсіреді. Әр ұзақтықты қолданып өз ырғақтарын құрастырады. Бұл тапсырмада топтпрға тек біркелкі нота ұзақтықтары беріледі. Бұл оқушылардың ырғақты нақты орындау дағыларын дамытады сонымен қатар нота ұзақтықтарының айырмашылығын түсінуіне септігін тигізеджі. Оқушыларды 3 топқа бөлу.
5 тапсырмада топтар өз жұмысын сыныпқа көрсетеді және бағалау сұрақтарына жауап береді. Презентация және бағалау
- Үш топтың орындауы немен ерекшеленеді?
- Өз жұмысыңызды қалай жақсартушы едіңіз?
Рефлексияны мұғалім үлестірме қағаздарды тарату немесе ауызша жауап алу түрінде өткізуіне болады:
•Бүгін не білдім?
•Бүгін не үйрендім?
•Маған не ұнады?
•Тағы да нені білгім келеді?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?