Музыка және сәулет өнері. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Сәулет өнері» бөлімінің келесі тақырыбы «Музыка және сәулет өнері» деп аталады. Сабақтың басында оқушыларға Киіз үйдің суретін көрсетіңіз. Дидактикалық материалдар.1-қосымша.

Сұрақтарды талықлап, киіз үйдің құрылысының қайталанып тұратын бөлшектерін атай отырып, музыка да осындай қайталанатын элементтер бар екенін айтып, бүгінгі сабақта олармен танысатындарын айтыңыз. Сабақтың тақырпыбы және мақсатымен таныстырыңыз.

1-тапсырмада оқушыларға сұрақтарды талқылау барысында «Ырғақ» және «штрих» деген ұғымдарды естігендігін айтыңыз. Қәзір олардың не екенімен танысасыздар. Музыкалық сөздіктерді «ырғақ», «штрих», легато», «стаккато» ұғымдарымен таныстырыңыз және дәптерлеріне жазып алуды тапсырыңыз. Ырғақтық суреттерге қарап отырып, ырғақты соғуды ұсыныңыз. Жұмыс жасау барысында ырғақты біркелкі соғуды, бір -бірін естуді қадағалаңыз. Дидактикалық материалдар.2-қосымша.

Деңгейлік тапсырма.

Оқушылар арасында музыкалық мектепке баратын немесе музыкалық сауатты меңгерген оқушыларға қосымша тапсырма, өлшем бойынша ырғақтық суретті ұсыныңыз. Дидактикалық материалдар.3-қосымша.

2-тапсырмада оқушыларды екі топқа бөліңіз. Екі топқа ұсынылған әуенді стаккато және легато штрихтарымен соғуды тапсырыңыз. Түрлі музыкалық. Шулы- ұрмалы аспаптарды ұсынсаңыз болады немесе шапалақпен орындауына болады. Кейін топтар алмасады. Орындау кезінде ауызша бағалау өткізіңіз.

  • Ырғақты дұрыс сақтады,
  • ансамбль болды.

3-тапсырмада оқушыларға Евгений Дога «Вальс» және П.Чайковский «Ағаш солдаттар маршы» шығармаларын тыңдауды ұсыныңыз. Сұрақтарды талдап, ұсынылған кесте бойнша ұқсастығы мен айырмашылығын салыстыруды тапсырыңыз.

Шығармалар атауы

ұқсастығы

айырмашылығы

«Вальс»

«Ағаш солдаттар маршы»

Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  • ырғақ, музыкалық штрих, стаккато, легато ұғымдарын біледі;
  • ырғақты соға алады;
  • стаккато және легато штрихтарын әуенді орындау кезінде қолданады;
  • музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтауйды және ажыратады;
  • тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтайды және салыстырады.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу