Музыка және сәулет өнері. Музыка, 3 сынып, презентация. 2 - сабақ.
3 сынып. 4-бөлім.
Сәулет өнері.Музыка және сәулет өнері
Оқу мақсаты
3.1.3.3 -музыкалық шығармаларды талдау барысында негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату;
3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру.
Сабақ мақсаты
Музыкалық штрихтармен стакатто және легатомен танысады;
Берілген әуенді стаккато және легато штрихтарында орындайды;
Е.Дога «Вальс» және П.Чайковский «Ағаш солдаттар маршы» шығармаларын тыңдайды, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтайды және салыстырады
Киіз үйдің бөліктерін ата!
Сұрақтарды талқыла!
Киіз үйдің құрылысының қайталанып тұратын бөлшектерін байқадың ба?
Қай бөлігінде, атаңыз?
Осындай бөліктерді музыка тілінде де бейнелеуге бола ма?
Ырғақ дегеніміз не?
Музыкалық штрих дегенді білесіздер ме?
Музыкалық сауат
Ырғақ деп музыкада ұзын және қысқа дыбыстардың алма кезек ауысып отыруын айтамыз.
Штрих (нем. strich — сызық) — ноталарды, ноталардан тұратын дыбыстарды орындау әдісі, тәсілі.
«Стаккато» -үздікті, үзіп-үзіп ойнау.
«Легато» - байланысты, бір-бірімен
байланыстырып орындау.
2-тапсырма.Орындау.
Берілген әуенді стаккато және легато штрихтарымен орында.
3-тапсырма. Тыңдау және талдау.
Евгений Дога «Вальс» және П.Чайковский «Ағаш солдаттар маршы» шығармаларын тыңдаңыз..
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Шығармалар қай жанрда жазылған?
Екпіні қандай?
Ырғағында қандай айырмашылық бар?
Музыкалық шығармалардың көңіл-күйлері қандай?
Екі шығарманы кесте бойынша салыстырыңыз.
Рефлексия
бүгін не білдім?
қандай жұмыс жақсы өтті?
нәтижелерді қалай жақсартуға болады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?