Біз театрға барамыз. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 3 - сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

«Сәулет өнері» бөлімінің соңғы тақырыбы «Біз театрға барамыз» деп аталады. Сабақты театр жайлы бейне сюжетті көрсетуден бастап, сұрақтарды талқылаңыз. «Театр», «опера» ұғымдарымен таныстырыңыз. Театр өнері туралы ақпарат айтып кетіңіз. Дидактикалық материалдар.1-қосымша.

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырыңыз.

1-тапсырмада оқушыларды 3 топқа бөліңіз. Оларға топта театрлар туралы ақпарат жинастырып, постер жасауды тапсырыңыз. Постерді бағалау критерийін ұсыныңыз немесеалдын-ала оқушылармен бірге дайындап алыңыз.

1-топ. Қазақ театры.

2-топ. Опера театры.

3-топ. Қуыршақ театры.

Бағалау критерийі:

  • мазмұны;
  • көркем безендірілуі;
  • ақпараттың дұрыс жеткізілуі.

2-тапсырмада сол жұмыс жасаған топтарында «Қыс қызығы» тақырыбына шағын музыкалық ертегі құрастыруды тапсырыңыз. Сіз оларға құрастыру кезінде, музыкалық, шулы-музыкалық аспаптарды және дауысты, түрлі дыбыс бояуларын қолдануға болатынын ескертіңіз.Рөлдерді бөліп алып, дайындық жасауды тапсырыңыз.Көмек қажет болған топқа қол ұшыңызды беріп көмек көрсетіңіз..

3-тапсырмада оқушыларға дайындаған «Қыз қызығы» ертегілерін сынып алдында таныстыруды тапсырыңыз. Оқушыларға сахнаны безендіріп, декарацияға көмектесіңіз.

Бағалау:

  • Қойылымда сәтті шыққан тұстарын атаңыз?
  • Ал қай жерін жетілдіре түсуге болады деп ойлайсыз?

Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  • Театр өнері және театр түрлері жайлы білімдерін жетілдеді;
  • музыкалық-шығармашылық жұмыстар жасайды;
  • жұмыстарында музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады;
  • шығармашылық жұмыстарын көрсетеді;
  • өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу