Біз театрға барамыз. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 3 - сабақ.


Дидактикалық материалдар.

1-қосымша.Театр туралы ақпарат.

27 НАУРЫЗ – БҮКІЛӘЛЕМДІК ТЕАТР КҮНІ

Бүкіләлемдік театр күні 1961 жылы Халықаралық театр институтының ІХ конгресінде белгіленді.

«Театр» – көне грек сөзі. Ана тілімізге аударсақ, «көретін орын» деген қа-рапайым мағына береді.

Сахналық қойылым жайлы ең көне дерек біздің дәуірімізге дейінгі 2500 жылы қағазға түсіпті. Оқиға орны – Ежелгі Мысыр. Қойылымда Осирис құ-дайдың тарихы баяндалған.

Десек те, театр жеке дара өнер, өнер ордасы болып Ежелгі Грекияда қалыптасты. Сахналық өнердің комедия және трагедия жанрлары да сол дәуірден бастау алады. Эллада елінің әртістері қолданған маскалар театр символына айналды.

Қазақ театрының тарихы ХХ ғасырдың 14-15 жылдарынан басталады. Сол жылдары ана тіліміздегі алғашқы драмалық туындылар жазылып, әуесқой әртістердің күшімен сахнада қойылды. 1917 жылы маусым айында Ойқұдық жайлауында (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы) Мұхтар Әуезовтың «Еңлік-Кебек» трагедиясы алғаш рет сахналанды. 1918-24 жылдары Ақмолада, Көкшетауда, Орынборда, Шымкентте көптеген драмалық үйірмелер ұйымдастырылды. Ал тұңғыш кәсіби театрымыз 1925 жылы Қызылорда қаласында ашылды. 1928 жылы өнер ордасы жаңа астана – Алматыға қоныс аударып, Қазақтың мемлекеттік драма театры атанды.

Жадыңда жүрсін!

Бүгінде елімізде 35 кәсіби театр, соның ішінде 9 қазақ драма театры, 6 музыкалық драма театр, 2 балалар мен жасөспірімдер театры, 3 музыкалық драма театр және 5 қуыршақ театры жұмыс істейді.

http://zhasorken.kz/%D1%82%D0%B5%D0%B0%D1%82%D1%80-%D0%B4%D0%B5%D0%B3%D0%B5%D0%BD-%D0%BD%D0%B5/

2-қосымша. Қазақ театры туралы ақпараттар.

Қазақ өнерінің қара шаңырағы – осы күнгі Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры алғаш рет өз шымылдығын Қызылорда қаласында 1926 жылдың қаңтар айында ашты. Бұл – даусыз ақиқат. Алайда театр тарихына қатысты ресми мәліметтерде, баспасөз бетіндегі ақпараттарда ұйымның ашылған күні мен алғашқы сахналанған қойылымы туралы түрлі деректер кездеседі.

Театрдың ресми сайтындағы «Театр жайлы» деген айдарда М.Әуезов театры көркемдік жетекшісінің әдеби кеңесшісі Әлия Бөпежанова былай жазады: «Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры – тұңғыш ұлттық мәдени-сахналық мекеме. 1925 ж. соңында сол кездегі астана Қызылордада ұйымдастырылды. Театр шымылдығы ресми түрде 1926 ж. 10 қаңтарда Қ.Кемеңгеровтің «Алтын сақинасымен» ашылды, 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясы қойылды».

3-қосымша. Опера театры жайлы ақпараттар.

«Опера театрының тарихы»

Опера Еуропаның классикалық музыка мәдениетінің ең жоғары жетістігі болып есептеледі. Ең алдымен жазушы операның либреттасын жазады – мазмұны мен мәтінің құрайды – кейін композитор – музыкасын жазады.

Опера – бір үлкен өнердің топтастырылған күрделі жанры. Басты рөлде – орындаушы – әншілер – балет әртістері – хор ұжымы болады. Ол музыка ғана емес, бүтін театр, яғни біртұтас драмалық қойылым. Қойылымды басқаратын – режиссер, әншілерді, оркестр басқаратын – дирижер, қойылымды суреттейтін – суретшілер, себебі сахнаны қойылымға қарай безендіреді, әртістердің киім үлгілерін жасап шығ.ды, тігіншілер – суретшінің дайындаған үлгілері бойынша киім тігіп даярлайды, гримдеушілер, шаштараздар – әртістерді сахнаға шығуға дайындап, бет әлпеті мен шаштарын сәндейді. Дыбыс шеберлері – сахнаға жарық беріп тұрады.

Операны қоюшылар, орындаушылар тыңдармандарына терең мазмұнын жеткізуге күш – жігерін аямайды.

Опера – 16-17 ғ Италияда пайда болды. Ең алғашында речитатив түр. айтқан, кейін италияндық композитор Клаудио Монтеверди операға күрделі ариялар, вокалдық ансамбльдер, хор ұжымы мен оркестр сүйемелін енгізеді. Опера үшін театрлар салынды. Опера тез дамып, халықтың аңызы мен жырларын тарихын негізге алды.

4-қосымша. Қуыршақ театры жайлы ақпараттар.

Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б.[1]

Қуыршақ театры жайындағы алғашқы деректер Аристотель, Геродот, Ксенофонт, Апулей еңбектерінде кездеседі.

11-ғасырда “Діни жазба” тақырыбына ойын көрсететін қуыршақ театрының ерекше түрі пайда болды. Театр ойынындағы басты бейне Марияның атымен марионетка қуыршағы дүниеге келді. Шіркеу мен бай-манаптарды келеке еткен халық қуыршақ театры діни театрмен қатар туды. Оларды, көбіне қудалап отырды. Халық қуыршақ театры жайындағы тұңғыш жазба мұра Италияда сақталған.

19-ғасырда француз қуыршақ театры өркен жайды. Қазіргі кезде қуыршақ театры Еуропа мен Америка елдерінде кең дамыған. Қуыршақ ойыны Ежелгі Шығыс елдерінде (Үндістан, Индонезия, Қытай, Жапония, Иран, Түркия) өркендеді. Бұл елдердегі қуыршақ театрының репертуары мифтік сюжеттер мен батырлық эпостарға, сықақ әңгімелерге құрылды.

Қазақ өнерінің қара шаңырағы – осы күнгі Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театры алғаш рет өз шымылдығын Қызылорда қаласында 1926 жылдың қаңтар айында ашты. Бұл – даусыз ақиқат. Алайда театр тарихына қатысты ресми мәліметтерде, баспасөз бетіндегі ақпараттарда ұйымның ашылған күні мен алғашқы сахналанған қойылымы туралы түрлі деректер кездеседі.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу