Біз театрға барамыз. Музыка, 3 сынып, презентация. 3 - сабақ.
Біз театрға барамыз
Оқу мақсаты
3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану
3.3.1.1 - өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай білу
Сабақ мақсаттары:
театр өнері, театрлар туралы зерттейміз;
«Қыс қызығы» тақырыбына қысқа музыкалық ертегі құрастырамыз және орындаймыз;
өз шығармаларымызды таныстырамыз;
өзіміздің және өзгелердің жұмыстарын бағалаймыз.
Бейнесюжетке назар аударыңыз. Сұрақтарды талқылаңыз.
Сұрақтарды талқыла!
Театр дегеніміз не?
Қандай театрларды білесіз?
Қандай театр жанрларын білесіз?
Біздің елімізде қандай театрлар бар?
Астанада орналасқан театрларды білеміз бе?
Опера дегеніміз не?
Музыкалық сөздік
Театр – сахналық өнердің өмір көріністерін драмалық әрекет арқылы көрермендерге, актерлер күшімен жеткізетін, мәдени шаралар өткізілетін орын-жай.
Опера – негізі сөзден тұратын, сахналық іс-әрекеттерден және музыкадан тұратын күрделі музыкалық шығарма.
1-тапсырма. Зерттеу.
Топта театрлар туралы ақпарат жинастырып, постер жасаңыз.
1-топ. Қазақ театры.
2-топ. Опера театры.
3-топ. Қуыршақ театры.
Бағалау критерийі:
мазмұны;
көркем безендірілуі;
ақпараттың дұрыс жеткізілуі;
2-тапсырма. Музыка шығару және импровизация
Топта «Қыс қызығы» тақырыбына шағын музыкалық ертегі құрастырыңыз.
Музыкалық, шулы-музыкалық аспаптарды және дауысты, түрлі дыбыс бояуларын қолданыңыз.
Рөлдерді бөліп алып, дайындық жасаңыз.
3-тапсырма.
Презентация және бағалауСахнаны безедіріп, «Қыз қызығы» ертегіңізді таныстырыңыз.
Бағалау:
Қойылымда сәтті шыққан тұстарын атаңыз?
Ал қай жерін жетілдіре түсуге болады деп ойлайсыз?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?