Біз театрға барамыз. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 3 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 4-бөлім:Сәулет өнері

Сабақ: 3

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Біз театрға барамыз

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану

3.3.1.1 - өз шығармашылық жұмысын көрсету, өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалай білу

 Сабақ мақсаттары

  • театр өнері, театрлар туралы зерттейді;
  • «Қыс қызығы» тақырыбына қысқа музыкалық ертегі құрастырады;
  • өз шығармаларын таныстырады;
  • өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды.

 Бағалау критерийлері

Білім алушылар:

  • музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады;
  • өз шығармашылық жұмысын көрсетеді;
  • өзінің және өзгелердің жұмыстарын бағалайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

Оқушылар:

  • пәндік терминологияны қолданып, әртүрлі түсініктерді талдау және талқылау;

Пәндік лексика мен терминология:

  • театр;
  • опера;

Талқылауға арналған сұрақтар:

    • Театр дегеніміз не?
    • Қандай театрларды білесіз?
    • Қандай театр жанрларын білесіз?
    • Біздің елімізде қандай театрлар бар?
    • Опера дегеніміз не?

Құндылықтарды дарыту

Қазақ өнерін құрметтеу, білу, түсінуге үйрету.

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті.

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

1-2 сыныпта алған білімдері

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Сұрақтарды талқыла!

    •  Театр дегеніміз не?
    •  Қандай театрларды білесіз?
    • Қандай театр жанрларын білесіз?
    • Біздің елімізде қандай театрлар бар?
    • Астанада орналасқан театрларды білеміз бе?
    • Опера дегеніміз не?

Театр жайлы сюжет https://www.youtube.com/watch?v=nouMYret478

Сабақтың ортасы

  • инут

1-тапсырма.

Зерттеу.

Топта театрлар туралы ақпарат жинастырып, постер жасаңыз.

1-топ. Қазақ театры.

2-топ. Опера театры.

3-топ. Қуаршақ театры.

Бағалау критерийі:

  • мазмұны;
  • көркем безендірілуі;
  • ақпараттың дұрыс жеткізілуі;

2-тапсырма.

Музыка шығару және импровизация

Топта «Қыс қызығы» тақырыбында шағын музыкалық ертегі сюжетін ойластырыңыз.

Музыкалық, шулы-музыкалық аспаптарды және дауысты, түрлі дыбыс бояуларын қолданыңыз. Рөлдерді бөліп алып, дайындық жасаңыз.

  • тапсырма.

Презентация және бағалау

Сахнаны безедіріп, «Қыз қызығы» ертегіңізді таныстырңыз.

Бағалау:

-Қойылымда сәтті шыққан тұстарын атаңыз?

- Ал қай жерін жетілдіре түсуге болады деп ойлайсыз?

Әлемдегі ең үздік 10 театр - http://www.stihi-xix-xxvekov.ru/stat114.html

Қуыршақ театры -

https://www.youtube.com/watch?v=Wt_i0MPnmz4

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ рефлексиясы:

-бүгін не білдім?

-тағы не білгім келеді?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеттері жоғары оқушылар әнді фонограммамен жеке орындайды,ал қалған оқушылар топпен орындайды.

Шығарманы тыңдап, сұраққа жауап берген кезінде ауызша бағалау жүргізу.

Орындау және импровизация тапсырмасында бағалау критерийлері бойынша бағаланады.

Техникалық қауіпсіздікті сабақта қадағалау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу