Музыкалық сарай. Музыка, 3 сынып, презентация. 1 - сабақ.
3 сынып. 4-бөлім.
Сәулет өнері.Музыкалық сарай
Оқу мақсаты
3.1.3.2 - музыкалық форманың құрылымын анықтау: шумақ, шумақ-қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді
3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау
3.1.2.2. – әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау
Сабақ мақсаты
музыкалық формамен танысады, шығармаларды талдаймыз;
А.Естеновтың сөзіне жазлыған А. Танидің «Ай келбетті Астана» әнін үйренеміз және көркем образын аша орындаймыз;
әнді дирижерлық қимылдар көмегімен орындаймыз.
Суреттерге назар аударыңыздар
«Бәйтерек» 2002 жыл
Биіктігі -97 м
«Ақ орда» 2004 жыл.
EXPO ұлттық павилон «Нұр әлем» 2017жыл.
«Хан шатыр». 2010 жыл.
«Қазақстан» концерт залы.
2009 жыл.
«Бейбітшілік және келісім сарайы»
2006 жыл
Сұрақтарды талқыла!
Бұл суреттер сізге қандай әсер қалдырды?
Бұл әдемі құрылыстарды жайлы не білеміз?
Сәулет өнері дегеніміз не?
Бұл ғимараттардың сырт пішіні қандай?
Әр ғимарат неше бөліктен тұрады?
Сәулет - құрылыс өнері; жобалау және құрылыс салу өнері. Архитектура, сәулет өнері – құрылысты жобалау, салу, оған көркемдік бейне беру өнері. Архитектура латынша archіtectura, ал грекше аrchіtekton, яғни құрылысшы деген мағынаны білдіреді.
1-тапсырма. Тыңдау және талдау.
Сөзі Е.Тілепбердиевтің, музыкасы
Х. Сетековтың «Әуендер сарайы» және сөзі А.Естеновтың музыкасы А. Танидің «Ай келбетті Астана» әнін тыңдаңыз, сұрақтарға жауап беріңіз.
Сұрақтарға жауап беріңіз:
Әндерде неше шумақ бар?
Ал неше қайырма бар?
Балалар бұл әндердің құрылысында қандай айырмашылық байқадыңыздар?
Қай ән шумақты форма, ал қай ән шумақты-қайырмалы формаға сәйкес? Неліктен?
Музыкалық сауат.
Музыкалық форма –музыкалық шығарманың құрылымы, құрылысы.
Музыкалық форманың шумақтық, шумақты қайырмалық, екі бөлімді, үш бөлімді (жай және күрделі) сонаталық, вариациалық, рондо, фуга, полифониялық, т.б. түрлері болады.
Екі бөлімді
Үш бөлімді
Варияция
Рондо
Бір бөлімді
3-тапсырма. Ән үйрен және орында.
А.Естеновтың сөзіне жазлыған
А. Танидің «Ай келбетті Астана»
әнін қайта тыңдаңыз. Әнді үйреніп, дирижерлық қимылды қосып, көркем бейнесін аша жұппен және топпен орындаңыз.
Орындауды бағалау критерийі
әннің сөзін ұғынықты айтады;
әннің ырғағын сақтайды;
әннің көркемдік мазмұнын жеткізеді:
әнді дирижерлық қимылды қосып орындайды
Рефлексия
бүгін не білдім?
қандай жұмыс жақсы өтті?
нәтижелерді қалай жақсартуға болады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?