Музыка және уақыт. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.


 «Уақыт» бөлімінің «Музыка және уақыт» сабағына әдістемелік нұсқаулық

 Музыка сабағын нота атаулары мен биіктіктерін қайталау мақсатында музыкалық сәлемдесуден бастаған жөн.

 Сабақ тақырыбын мақсаттарын анықтау.

 Сабақтың басында мұғалім оқушылармен уақыт жайлы әңгімелеседі. Қандайф музыкалық жанрларды ұнатып тыңдайтындары жайлы сұрайды.

 -Айтыңыздаршы музыка уақытқа тәуелді ма?

 -Сіздер қандай музыка түрін ұнатасыздар?

 -Ал, классикалық музыканы тыңдайсыздар ма?

 Мұғалім оқушылардың айтқан жауаптарына негізделе отырып сабақ тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады.

 1 тапсырмада оқушылар классикалық музыка тыңдайды. «Ұлытау» тобының орындауында және скрипка аспабыныңм орындауында бір музыкалық шығарма тыңдатылады. Бұл музыка үлгілері оқушылардың классикалық музыканың қалай интерпретацияланатынына көз жеткізуі үшін, соынмен қатар қазақстандық этно топпен таныстыру үшін ұйымдастырылады.

 Тыңдалған музыканы талдау үшін төмендегі сұрақтар қойылады:

 -Музыканың сипаты қандай?

 -Бұл музыка қандай қысты суреттейді?

 -Бірінші үзіндіде қандай аспаптарды естідіңіздер?

 -Екінші орындауда қандай аспаптарды естідіңіздер?

 2 тапсырмада мұғалім композитор А. Вивальди және Қазақстандық «Ұлытау» тобымен оқушыларды таныстырады. Бұл тапсырманы оқушылардың өздеріне ақпарат іздеу ретінде ұйымдастыруға болады. Мұғалім алдын ала ақпарат көрсетілген парақтарды оқушыларға таратады, олар өздері оқып танысып бір біріне түсіндіреді. Немесае ақпарат іздеу үшін интернетті пайдаланып дереккөздерді ноутбук арқылы табуға болады.

 «Ұлытау» қазақстандық аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. 2001 жылы құрылған. Топтың әуендері келесі қолданылаты негізгі аспаптарынан туындайды: домбыра, электр гитара және скрипка. Топ игі мақсатпен құрылған. Мақсат – қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды.

 Антонио Лучо Вивальди 1678-1741- итальяндық композитор, скрипкашы, педагог, дирижёр, католиктік діни қызметші. Вивальди XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады. Музыкант көзі тірісінде керемет атаққа бөленіп, халық тарапынан мойындалған, Еуропадағы ірі мәдени қайраткер - Кончерто гроссо, ансамбль-оркестірлік концерттің шебері, 40-тан астам опералардың авторы. Вивальдидің танымалдылығы аспаптық концерттерінің, әсіресе скрипканың арқасында келді. Оның атақты туындысы – скрипкалы 4 концерттен тұратын «Жыл мезгілдері» («Времена года») атты сериялы шығармасы.

 3 тапсырманы орындау үшін мұғалім оқушыларды 4 топқа біріктіреді. Оқушыларды топтарға бөлу үшін алдын ала парталарға түсті карточкаларды таратуға немес санау арқылы бөлуге болады. Топқа бөлудің тағы бір әдісі ол сурет қиықтары мозаика рақылы бөлу. Бұл тапсырмада оқушылар берліген суреттерді музыкалық аспапатрмен дыбыстайтын болғандықтан мозаика әдісін қолдану тиімдірек болады.

 Тапсырма: өз суретіңіздегі жыл мезгілінің сипатын Вивальди музыкасына ұқсатып дыбыстаңыз. Композитор қолданған музыканың көркемдешуі құралдарын қолданыңыз.

 Музыкалық аспаптармен дыбысталуға дайындық барысында мұғалім әрбір топтың жұмысын қадағалап, сол суреттің сипатын жеткізу үшін қандай музыканың көркекмдеуші құралдарын қолдануға болатыны жайлы қосымша көмек көрсетіп, көпіршелер орнатуына болады.

 4 тапсырмада оқушылар муз.И.Нүсіпбаев, сөзі Х.Талғаровтың «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін үйренеді. Ән үйренбес бұрын мұғалім оқушыларға буандарға айтылатын дауыс жаттығуларын мысалы, ма ме ми мому, бра бре, бри бро бру деп бір нотада немесе терция интервалындай айтқызуына болады.

 Әннің әуенін дұрыс үйрену үшін әннің әрбір жолын жеке айтқызып, содан кейін толық орындату қажет.

 Әннің ырғағын сүйемелдеп орындау кезінде мұғаллім дұрыс орындау нұсқасын өзі аспапта ойнап көрсетуіне болады. Аспаппен сүйемелдеу уақытында екпін пен динамиканы сақтау жөнінде жұмыс барысында ескертіп отыру қажет.

 Рефлексияны оқушы өзі таңдаған сөйлемді айту арқылы өткзуге болады. Бұл жерде оқушыларға міндетті түрде барлық сөз тіркестерін жалғастыру қажет емес, ал бір сөйлемді аяқтай отырып олар тілдік қабілеттерін, қазақша дұрыс сөйлеу қабілеттерін дамыта алады. Өзге оқушылар айтып жатқан кезде оқушы алдын ала ішінен сөйлем құрап тұрады және сабақта болған іс әрекеттерді есіне түсіреді.

 Рефлексия:

 «Сөйлемді жалғастыр»

 Мен білдім.....

 Мен үйрендім.....

 Мен сездім.....

 Мен бұрын ойлайтын едім........

 Мен бүгінгі сабақтан алдым.........

 Мен өзімді сол үшін мадақтаймын

 Маған бұл маңызды болды...........

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу