Музыка және уақыт. Музыка, 3 сынып, презентация. 1 - сабақ.


Музыка және уақыт

Бүгінгі сабақта оқушылар:

Классикалық музыкалық шығармаларды

тыңдайды және талдайды;

А.Вивальди шығармашылығымен танысады;

Ұлытау тобымен танысады;

Жыл мезгілдері тақырыбында импровизация жасайды;

Жаңа ән үйренеді.

1 тапсырма. Музыка тыңдау және талдау

Классика - латын тілінен аударғанда үлгі аларлық, сипатты, көрсетуге тұрарлық деген мағынаны білдіреді.

А.Вивальди «Қыс»

Антонио Лучо Вивальди итальяндық

композитор, скрипкашы,

педагог, дирижер.

Вивальди XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің

көрнекті өкілі

«Ұлытау» тобы

Скрипка

Музыканы талдауға арналған сұрақтар

Музыканың сипаты қандай?

Бұл музыка қандай қысты суреттейді?

Бірінші үзіндіде қандай аспаптарды естідіңіздер?

Екінші орындауда қандай аспаптарды естідіңіздер?

Сыныпты 4 топқа біріктіру

Оқушыларды сандар бойынша 4 топқа біріктіру

Музыка шығару және импровизация

Әр топқа қыс және күздің суреттері беріледі

Тапсырма: өз суретіңіздегі жыл мезгілінің сипатын Вивальди музыкасына ұқсатып дыбыстаңыз. Композитор қолданған музыканың көркемдешуі құралдарын қолданыңыз.

«Жас дәуірдің түлегіміз»

Муз.И.Нүсіпбаев,

сөзі Х.Талғаровтың

1. Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан

Көңілді ауыл, қаламыз.

Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей

Бақытты біздер баламыз! (2 рет)

2. Өзіміз туған,

Көбелек қуған

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып

Білімді адам боламыз.

Мен білдім.....

Мен үйрендім.....

Мен сездім.....

Мен бұрын ойлайтын едім........

Мен бүгінгі сабақтан алдым.........

Мен өзімді сол үшін мадақтаймын

Маған бұл маңызды болды...........

Рефлексия:

«Сөйлемді жалғастыр»



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?
Пікір жазу