Музыка және уақыт. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім: «Уақыт» Сабақ: 1 | ||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||
Сыныбы: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы: | Музыка және уақыт | |||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру 3.2.1.2 - қарапайым музыкалық-шығармашылық жұмыстарды шығару және импровизация жасау үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану 3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау | |||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| |||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||
Тілдік мақсаттар:
| Оқушылар:
Пәндік лексика мен терминология:
Ұлытау тобы Талқылауға арналған сұрақтар:
| |||||||
Құндылықтарды дарыту | Топтық жұмыстарға қатысу арқылы оқушылардың бір-біріне деген құрмет сезімерін қалыптастыру. Оқушылар классикалық музыкамен танысып тыңдау арқылы классикалық өнерге деген құрмет сезімдерін қалыптастырады. | |||||||
Пәнаралық байланыстар | Көркем еңбек – оқушылар жыл мезгілдерінің суреттеріне қарап суретте көрсетілген құбылысты дыбыстап музыка шығарады және импровизация жасайды. | |||||||
АКТ дағдылары | АКТ дағдылары сабақта ресурстарды көрсету мақсатында қолданылады. | |||||||
Бастапқы білім | Оқушылар ля нотасы, жартылық нота, лад, мажор, минор, контраст, жанр, терме тәрізді музыкалық түсініктерді үйренді, алған білімдерін қайталады және кеңейтті. Контраст музыкаларды тыңдап, суреттерді қарап, салыстыра отырып «жақсы мен жаман» және «мажор мен минорды» ажыратуды үйренді. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 5 мин | Музыкалық сәлемдесу Балалар, бүгін біз «Уақыт» бөлімін бастаймыз. Оқушылармен әңгімелесу.
Мұғалім оқушылардың айтқан жауаптарына негізделе отырып сабақ тақырыбы мен сабақ мақсаттарын айтады. Бүгінгі сабақта біз
| Презентация | ||||||
1 тапсырма. Музыка тыңдау және талдау Балалар, классика сөзінің мағынасы қандай? Классика сөзі латын тілінен аударғанда үлгі аларлық, сипатты, көрсетуге тұрарлық деген мағынаны білдіреді. Классикалық музыка үлгісінде тәрбиеленген заманауи музыкант мағынасы терең тамаша музыка шығара алады. Бүгінгі күні сол замандағы классиктер өз музыкасын тек қана жүздеген жылдар бойы тыңдалмай, оның заманауи өңдеуде тыңдаса, таңқалар ма еді. Композиторлар музыка шығару кезінде жыл мезгілдеріне, табиғатқа шабыттанған. Сол музыка үлгілерін біз әр түрлі интерпретацияда тыңдап көрейік.
Скрипка аспабының орындауында
Музыканы талдауға арналған сұрақтар
Бағалау критерийі:
2 тапсырма. Ақпарат іздеу Оқушыларды композитор А. Вивальди және қазақстандың этно «Ұлытау» тобымен таныстыру «Ұлытау» қазақстандық аспапты этно-рок стиліндегі музыкалық ұжым. 2001 жылы құрылған. Топтың әуендері келесі қолданылаты негізгі аспаптарынан туындайды: домбыра, электр гитара және скрипка. Топ игі мақсатпен құрылған. Мақсат – қазақтың қара домбырасы мен халық күйлерін әлем халықтарына таныту. 2001 жылы Голливудта өткен Бүкіләлемдік музыка орындаушыларының чемпионатында Бас жүлдені жеңіп алды. Антонио Лучо Вивальди 1678-1741- итальяндық композитор, скрипкашы, педагог, дирижёр, католиктік діни қызметші. Вивальди XVIII ғасырдағы итальяндық скрипка өнерінің көрнекті өкілдерінің бірі болып саналады. Музыкант көзі тірісінде керемет атаққа бөленіп, халық тарапынан мойындалған, Еуропадағы ірі мәдени қайраткер - Кончерто гроссо, ансамбль-оркестірлік концерттің шебері, 40-тан астам опералардың авторы. Вивальдидің танымалдылығы аспаптық концерттерінің, әсіресе скрипканың арқасында келді. Оның атақты туындысы – скрипкалы 4 концерттен тұратын «Жыл мезгілдері» («Времена года») атты сериялы шығармасы. Сынып 4 топқа бірігеді Оқушыларды сандар бойынша 4 топқа біріктіру 3 тапсырма. Музыка шығару және импровизация. Бағалау критерийі - Музыканың көркемдеуші құралдарын қолдана отырып импровизация жасайды. А.Вивальдидің «Жыл мезгілдері» сериясынан «Күз» және «Қыс» музыкалық шығармалары тыңдатылады. Әр топқа қыс және күздің суреттері беріледі. Тапсырма: өз суретіңіздегі жыл мезгілінің сипатын Вивальди музыкасына ұқсатып дыбыстаңыз. Композитор қолданған музыканың көркемдешуі құралдарын қолданыңыз. 4 тапсырма. Әнді үйрену. Бағалау критерийі: әнді әуені мен ырғағын сақтап, сипатын жеткізе отырып орындайды. Муз.И.Нүсіпбаев, сөзі Х.Талғаровтың «Жас дәуірдің түлегіміз» әнін үйреніңіз. Әннің әуені мен ырғағын нақты ороындаңыз. 1. Бау, бақша, белдер, Орман, тау, көлдер Көрікті шексіз даламыз. Дәулеті тасқан, Сәулеті асқан Көңілді ауыл, қаламыз. Қайырмасы: Жадырап күндей, Жайнаған гүлдей Бақытты біздер баламыз! (2 рет) 2. Өзіміз туған, Көбелек қуған Өлкеде өсіп, толамыз. Жалықпай оқып, Көңілге тоқып Білімді адам боламыз. Әнді музыкалық аспаптарда ырғағын сүйемелдей отырып орындаңыз. | Презентация https://www.youtube.com/watch?v=QFFrkZOYojk https://www.youtube.com/watch?v=oXd2gbyjsUg
https://www.youtube.com/watch?v=Ec6mhFqaqgU Әннің әуенін мұғалім сүйемелдеутін аспап Әннің сөздері Музыкалық-шулы, жәні ырғақтық аспаптар. | |||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия: «Сөйлемді жалғастыр» Мен білдім..... Мен үйрендім..... Мен сездім..... Мен бұрын ойлайтын едім........ Мен бүгінгі сабақтан алдым......... Мен өзімді сол үшін мадақтаймын Маған бұл маңызды болды........... | |||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Музыканы талдау барысында музыканың көркемдеуші құралдары жазылған стендке оқушылардың назарын аудару. | Бақылау Бағалау критерийлері арқылы | Интерактив тақтасын кажет болмаған кезде өшіріп отыру | ||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?