Уақыт толқынында. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 2 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім: «Уақыт»

Сабақ: 2

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы:

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Уақыт толқынында.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру

3.1.3.6 - нотамен қарапайым әуендер орындау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • бағдарламалық музыка ұғымымен танысады;
  • бағдарламалық музыка үлгілерін тыңдап талдайды;
  • әнді нотаға салып орындайды;
  • музыкалық өлшем ұғымымен танысады және музыкалық өлшемге сай ырғақ құрастырып үйренеді.

 Бағалау

 критерийлері

  • тыңдалған шығарманың мазмұнын және көркемдеуші құралдарын анықтайды.
  • нота ұзақтықтарын нақтылықпен орындайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

аспаптық бағдарламалық музыканы талдай біледі.

Пәндік лексика мен терминология:

Қорқыт «Башпай» күйі

Бағдарламалық музыка

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Күйдің атауы оның мазмұнын аша ала ма?
  • Бағдарламалық музыка дегенді қалай түсінесің?
  • Күйдің мазмұны туралы не айтасың?
  • Күй сарыны уақыт пен музыка түсінімін жеткізе ала ма?

Құндылықтарды дарыту

Халық аспабында орындалатын музыканы тыңдау арқылы оқушылар ұлттық құндылықтарын дарытады, ұлттық музыкалық мұраға деген құрмет сезімдерін қалыптастастырады. Топпен жұмыс жасау арқылы еңбек және шығармашылықиқұндылықтары дамиды.

 Пәнаралық

 байланыстар

Тарих – оқушылар күйдің шығу тарихымен танысады.

 АКТ дағдылары

АКТ дағдылары сабақта ресурстарды көрсету мақсатында қолданылады.

Бастапқы білім

Оқушылар Вивальдидің «Жыл мезгілдері» сериясынынң музыкалық шығармаларымен танысты, өздерінің уақытқа байланысты музыкалық импровизщацияларын шығарып орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Музыкалық сәлемдесу

Қайырлы күн, балалар!

Қайырлы күн, мұғалім!

Сөз тіркестерін ноталармен орындау.

Сабақ тақырыбы мен мақсаттары.

Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Уақыт толқынында»

Бүгінгі сабақта:

  • бұрынғы кезде шығарылған күйлерді тыңдап,

олардың мағынасын анықтап ажырататын боламыз.

  • бағдарламалық (программалық) музыка ұғымымен танысамыз.
  • өткен сабақта үйренген әнді нотаға салып орындаймыз.

1 тапсырма: Музыка тыңдау және талдау

Қорқыттың «Башпай» күйін тыңдау

-Күйдің атауы оның мазмұнын аша ала ма?

-Бағдарламалық музыка дегенді қалай түсінесіз?

-Күйдің мазмұны туралы не айтасыз?

-Күй сарыны уақыт пен музыка түсінімін жеткізе ала ма?

Бағалау критерийі:

  • тыңдалған шығарманың мазмұнын және көркемдеуші құралдарын анықтайды.

синтезатор

https://poiskm.co/show/%D0%BE%D1%80-%D1%8B%D1%82-%D0%B0%D1%82%D0%B0

Қорқыт “Башпай”

Подробнее - на Znanija.com - https://znanija.com/task/26832134#readmore

2 тапсырма. Ақпарат іздеу.

Балалар, жаңа біз тыңдаған Қорқыттың күйі бағдарламалық музыкаға жатады.

Бағдарламалық музыка дегеніміз не? Өз ойларыңмен бөлісіңіздер.

Бағдарламалық музыка —музыканың негізгі жанры. Программалық музыкаға әдейі көркем әдебиет шығармаларының желісімен жазылған, яғни программасы бар, мазмұнды аспапты музыкалық шығармалар жатады.

- Бағдарламалық музыка жазған қандай қазақ композиторларын білесіздер?

Мысалы Құрманғазының «Кішкентай» күйі Исатай мен Махамбеттің көтерілісіне арнлып шығарылған.

Күйдің шығу тарихы бойынша Махамбет пен Исатай көтеріліске аттанып бара жатқанда Құрманғазы кішкентай өнерпаз бала болыпты. Ол өзін де соғысқа барғысы келетіні жайлы Махамбет Өтемісұлына айтқан көрінеді. Махамбет оған сен өз өнерің арқылы үлес қосып, осы көтеріліс туралы бір күй шығар, әзірге кішкентайсың бізбен бірге бара алмайсың. Сенің өнерің осы көтеріліске қосқан үлесің болсын деген екен. Өсе келе осы оқиғаны еске алып Құрманғазы өзінің кішкентай кезіндегі сезімін күй арқылы жеткізген екен.

Дина «Набор» (Он алтыншы жыл) – Патша үкіметі бұратана деп есептейтін ұлт аймақтарының 18-ден 43-ке дейінгі азаматтарды тыл жұмысына алуды ұйғаруына байланысты 1916 жылдың уақиғалары Динаға үлкен əсерін тигізіп “Набор” күйінің шығуына себеп болды. Бұл күй халық арасында “Он алтыншы жыл” деген атпен тарап, сол уақыттағы халық көтерілісшілерінің ерлігін, патшаның тақтан түскендігіне халықтың қуануын паш етеді. Күйде Дина халқының күшіне, болашағына сенетіндігін көрсетті. Он алтыншы жыл көтерілісшілердің жауынгерлік ұраны, жауға қарсы шапқан жауынгерлердің көңіл–күйін, жылқының дүбірі, сонымен қатар жаңа өмірдің алыс еместігін де байқататын сыршыл күй.

3 тапсырма.

Дина «Набор» мен Құрманғазы «Кішкентай» күйлерінен үзінді тыңдау және аспапта орындау.

Оқушыларды қатар бойынша үлкен екі топқа біріктіру.

Әр топ тыңдалған күйдің үзіндісіне аспаппен ырғақтық импровизация орындайды

4 тапсырма Музыкалық өлшемдерді үйрену

  • Балалар, білесіздер ма, кез келген музыканы өлшеуге болады?! Мысалы сіздер ұзындықты өлшеу үшін не пайдаланасыздар?

Иа см, мм, дм метр деп ұзындықтың әр түрлі өлшемдерін атайсыздар. Сол сияқты музыкада біз ноталардың әр түрлі өлшемдерін қолданамыз. Сол арқылы музыкалық өлшем пайда болады.

Музыкалық өлшем екі санмен белгіленеді.

Жоғарғысы ноталар санын, төмен нота ұзақтығын білдіреді. Егер музыкалық өлшем болса, бұл бір такт ішінде төрттік нотаның болуын немесе төрт сегіздік нотаның болуын білдіреді.

Қазір біз сыныппен бірге 2/4 және 3\4 өлшемдерін шапалақтау арқылы орындап көреміз.

2/4 өлшемінде ноталарды 1-ге, 2-ге деп санаймыз.

Ырғақты орындамас бұрын төрттік, сегіздік және жартылық нота ұзақтықтарын санап отырып орындап көрейік.

Нота ұзақтықтарын орындау

1 қатар сегіздік нотаны

2 қатар төрттік нотаны

3 қатар жартылық нотаны орындайды.

Тақтада музыкалық өлшемдердің мысалы көрсетіледі.

2

4

1-ге 2-ге

1-ге 2-ге

1 ге 2 ге

3

4

1 ге 2 ге 3 ке

1 ге 2ге 3 ке

2/4 Музыкалық өлшемге сай

И. Штраустың «Полька пиццикато» музыкалық шығармасына аспаптармен ырғақтық сүйемелдеу орындайды.

https://kk.wikipedia.org/

http://old.el.kz/blogs/entry/%D0%94%D0%B8%D0%BD%D0%B0-%D0%9D%D2%B1%D1%80%D0%BF%D0%B5%D0%B9%D1%96%D1%81%D0%BE%D0%B2%D0%B0%D0%BD%D1%8B%D2%A3-%D0%BA%D2%AF%D0%B9%D0%BB%D0%B5%D1%80%D1%96

Музыкалық және шулы, ұрмалы аспаптар.

Ырғақтық карта

Музыкалық-шулы, және ырғақтық аспаптар.

https://www.youtube.com/watch?v=_2Vev5JDxKM

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

«Бағдаршам» әдісі

Жасыл бүгінгі сабақ мен үшін түсінікті болды, өзімнің жұмысыма көңілім толды.

Сары бүгінгі сабақты түсіндім, бірақ мен кейбір тапсырмаларды орындай алмадым.

Қызыл бүгінгі сабақта мен үшін көптеген қиыншылықтар туды.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Музыкалық өлшеммен танысу кезінде музыка мектебінде оқитын балаларға паузаларды қолданып ырғақ құрастыруды ұсыну.

Бақылау

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері арқылы

Интерактив тақтасын кажет болмаған кезде өшіріп отыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу