Көне саз аспабы жетіген. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 3 - сабақ.


 «Уақыт» бөлімінің 3 сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

 Музыка сабағын нота атаулары мен биіктіктерін қайталау мақсатында музыкалық сәлемдесуден бастаған жөн.

Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын айқындау үшін оқушыларға бейнематериал көрсетіледі.

Оқушылар сабақ барысында жетіген аспабының көне аспап бола тұра заманауи әуендерде қолданылып, жетілдірілгені туралы түсінетін болады.

1 тапсырмада бейнематериал көруді бастамас бұрын мұғалім оқушыларға неге назар аудару қажет жөнінде ескертеді. Бейне матреиалды белгілі бір мақсатпен көріп, қажет ақпаратты алдын ала іздеу оқушыларға берілген мағлұматты есте сақтауына септігін тигізеді.

Екінші бейнематериалда оқушыларға қарапйым тілмен балалардың даусымен «Жетігеннің жетеуі» аңызы айтылады.

Сонан соң оқушылармен бірге көрген матреиалды талқылауға болады. Ол үшін мұғалім сұрақтар қояды:

  • Жетіген аспабының ескі түрі мен жаңа жетілдірілген түрін қарап, оны ажыратыңыз.
  • /презентацияда аспаптың көне және жетілдірілген түрі көрсетіледі/
  • Қалай ойлайсың, уақыт өз дегенін жасай ма?
  • Ескі түрі мен жетілдірілген түрлерінің өзара айырмашылықтары бар ма?
  • Қандай? Атап шық.

Оқушыларға презентацияда жетігеннің мұражайдағы көне түрі және қазіргі кезде қолданыста жүрген жетілдірілген түрі көрсетіледі.

Жетігеннің тек қана күй ойнамай әндерді де сүйемелдейтініне көз жеткізу үшін оқушыларға эстрадамен қосылып орындалатын бейнематериал көрсетіледі.

2 тапсырманы ұйымдастырмас бұрын оқушыларды асықтардың көмегімен топтарға біріктіру қажет. Әр бір топқа белгілі бір аспаптар тобы анықталады.

1 топ қызыл асық - шулы аспаптар /маракас, асатаяқ, қоңырау, сылдырмақ/

2 топ көк асық - ұрмалы аспаптар /тоқылдак, барабан, тұяқтас, бубен/

3 топ жасыл асық - музыкалық аспаптар /металлофон/

Әр топ өз аспаптарымен жетіген аспабында орындалатын күйге сүйемелдеу және импровизация жасау керек.

Бұл тапсырманы орындау кезінде оқушыларға еркіндік беруге болады, оқушылар топта би қимылдарын ойлап тауып, ырғақтық сүйемлдеу жасап жетіген аспабында орындалатын күйдің сипатын өздерінше жеткізуі мүмкін.

Балалар, сүйемелдеу жасау барысында күйдің сипатын жеткізу қажет. Сіздер топтарыңызда орындайтын ырғақты қайталап алыңыздар. Егер барлық оқушыларға аспап детпесе, би қимылдарын да қосуға болатыны жайлы ұмытпаңыздар. Ол үшін күйді тыңдайық.

Тапсырма нұсқаулығы айтылған соң күй бірнеше рет тыңдатылады. Оқушылар күйді тыңдап отырып қосылып, дайындықтарын бастап кетуіне рұқсат еткен жөн. Шығармашылық тапсырманы орындау барысында аспаптар бір біріне бөгет жасайтындықтан үш топты сыныптың әр түрлі жеріне орналастыруға болады.

Шығармашылық жұмысқа дайындалу үшін оқушыларға 4 минут уақыт беріледі. Дайындық уақытын таймер арқылы қадағалапр отыру оқушылардың бойында тайм менеджмент дағдлыраын қалыптастырады.

3 тапсырмада топтар өздерінің шығармашылық жұмыстарын көрсетеді және өз жұмысын түсіндіріп мұғалімнің қойған сұрақтарына жауап беру арқылы бағалайды.

  • Орындауда не сәтті шықты?
  • Қай тұстарын жақсартуға болады?

4 тапсырмада оқушылар жетіген аспабына арналған жаңа ән «Жетіген үні» әнін үйренеді. сөзін жазған: Е.Тілепбердиев, әнін жазған: Б. Аманжолдың

Әнді үйренуде дауыспен жазылған музыкалық жазбаны /плюсовка/ тыңдау арқылы оқушылар бірнеше рет қосылып айтып, әннің әуенін еске сақтай алады немесе алдымен мұғалім аспапта ойнап отырып әннің жолдарын жеке айтқызып үйретуіне болады.

Рефлексияны өткізу барысында «Үйренгім келеді» айдарында мұғалім келесі сабаққа деген оқушылардың тілектерін ескеруіне болады. Бұл әдіс алдыңғы өтетін сабақтарды тиімді етіп ұйымдастыурға көмегін тигізеді



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу