Уақыт және музыкалық аспаптар. Музыка, 3 сынып, презентация. 3 - сабақ.
Жұмбақты шеш!
Бас, құлақ, мойны бар,
Үп-үлкен шанағы бар.Әндетіп шығар әні бар,Бұл аспап, қай аспап?**** **** ****
Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды.Боз арғымақ, аузы жоқ,
Мұрны жоқ - екі құлақ,Белінде белбеуі бар бунақ-бунақ."Шу" деп, саусақпенен шертіп қалсаң,Шабады жүйрік әуен тулап-тулап.**** **** ****
Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,Бұл аспап,қай аспап?3 сынып. 3-бөлім.
Уақыт.Уақыт және
музыкалық аспаптар
Оқу мақсаты
3.1.3.2 - музыкалық форманың құрылымын анықтау: шумақ, шумақ-қайырма, бір бөлімді, екі бөлімді
3.2.1.1- музыкалық шығармашылық жұмыстар жасау үшін өз идеясын ұсыну
Сабақ мақсаты
«Балапан қаз» халық әнін тыңдайды және талдайды;
«Жетіген» аспабы жайлы ақпарат іздейді және зерттейді;
Е.Тілепбердиевтің «Жетіген үні» әнін үйренеді және орындайды.
1-тапсырма. «Балапан қаз»
әнін тыңдаңыз.
Сұрақтарға жауап беріңіз
Бұл ән сіздерге таныс па?
Ән не жайыда?
Әннің авторы орындаушысы жайында не білеміз?
Шығарма неше бөлімнен тұрады?
Музыкалық форма дегеніміз не?
Әнді қандай аспап сүйемелдеп тұр?
Жетіген туралы не білеміз
Музыкалық сөздік
Музыкалық форма –шығарманың құрылымы, құрылысы болып табылады. Музыкалық форманың шумақтық, екі бөлімді, үш бөлімді (жай және күрделі) сонаталық, вариациалық рондо, фуга, полифониялық, т.б. түрлері болады.
2-тапсырма. Зерттеу
Уақыт музыка аспаптарының үніне ерекше үн бере ала ма? Неге? Көне жән қазіргі жетілдірілген жетіген аспаптары жайлы зерттеңіз. Ұқсатығы мен айырмашылығын атаңыз. Постер жасап көрсетіңіз.
Жетіген аспабы
Көне жетіген аспабы
Жетілдірілген жетіген аспабы
Постерді бағалау критерийі
Тақырыпты ашып көрсету
Сұрақтардың жауабын көрсету
Дәлелдемелерді келтіру
Қорғай білуі, таныстыруы
3-тапсырма. Ән үйрен және орында.
Е.Тілепбердиевтің сөзін жазылған,
Б. Аманжолдың «Жетіген үні» әнін үйреніңіз және орындаңыз.
Жетіген үні
1.Мың түрлі әуені бар,
Салт-дәстүр дәнегі бар.
Асықтан тиегі бар,
Халқымның мәйегі бар.
Қайырмасы:
Жетіген аспабын-ай,
Сазының асқағын-ай.
Үні бар мөлдір, әсем,
Аспап жоқ басқа мұндай.
Ойна деп он саусақпен,
Тіземде жатқанын-ай.
2.Шектерін шерткен сайын,
Сазды әуен төккен дәйім.
Қосылып ән салғанда,
Бойыңнан кеткен уайым.
Қайырмасы:
3.Мөп-мөлдір сезімдей бір,
Анамның сөзіндей нұр.
Жанымды жадыратқан,
Бабамның көзіндей бұл.
Қайырмасы:
Рефлексия:
Мен бүгін не білдім?
Не жақсы шықты?
Нәтижені қалай жақсартуға болады?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?