Музыкалық кемпірқосақ. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Кемпірқосақ» тақырыбына арналған сабақ «Тірі табиғат» бөлімінің алғашқы тақырыбы. Сабақтың басында әні А.Овсейчик, сөзі Т.Штерннің «Радуга» әнін тыңдатыңыз. Әнді сұрақтар арқылы талдай отырып, бүгінгі сабақтың тақырыбын ашып аласыз.Оқушылармен кемпірқосақ туралы, оның жаңбырдан кейін пайда болатынын, табиғаттың ерекше құбылысы екені жайында әңгіме өткізіп, жаратылыстанудан алдыңғы білімдерін еске түсіртіңіз, қайталаңыз. Бөлімнің «Тірі табиғат» деп аталуын еске салыңыз. Сыныпты «Кемпірқосақ» түстерімен безендіріңіз, осы түстерімен боялған үлестірмелі парақтар (карточкалар) дайындап алыңыз. Оларды оқушылар көңіл күйлерін көрсеткен кезде пайдаланады.Сабақтың мақсаты мен оқу мақсатын айтып кетіңіз.
Кемпірқосақ туралы ақпарат.
Күннің сәулесі (жарығы) су бұрқағы тамшыларының немесе су тұманының арасынан өткенде кемпірқосақ шығады. Ол сондай-ақ қатты заттар хрустальдан немесе плексигластан (сынбайтын шыны) өткенде де кемпірқосақ жасайды. Иә, кемпірқосақ-аспан күмбезінде түрлі-түсті доға ретінде көрінетін тамаша табиғат құбылысы. Оның түрлі-түстілігі адамды елітіп әкетіп, жадыратады, қуаныш сыйлайды.
Ал сіз ондағы түстердің де өз реті бар екендігін білесіз бе? Кемпірқосақтың сыртқы иіні қызыл түске, ал ішкі иіні күлгін түске боялған, ал олардың аралығында спектрдің басқа түсті бояулары орналасады және әр түстің өз реті болады. Кемпірқосақтағы түстердің кезектілік ретін есте сақтау үшін мына орысша сөз тіркесін ұмытпаңыздар: "Каждый Охотник Желает Знать, Где Сидит Фазан": (Әр аңшы қырғауылдың қайда отырғанын білгісі келеді), яғни Красный(Каждый)-қызыл, Оранжевый (Охотник)-қызғылт-сары, Жёлтый (Желает)-сары, Зелёный (Знать)-жасыл, Голубой (Где)-көгілдір, Синий (Сидит)-көк, Фиолетовый (Фазан)-күлгін.Толығырақ: https://massaget.kz/blogs/15695/
2-тапсырмада оқушылар аспаптардың суреттерін қарай отырып ажыратады, егер білмеген жағдайда кестені толтыру нұсқаулығындағы жауаптардан қарап, оларды атайды.
1. Аспаптардың атауы: туба, сазсырнай, труба
2. Оркестрдің құрамына кіреді: ұлттық, симфониялық, үрмелі
3. Дыбыс бояулары: қоңыр, қызыл, сары. (дыбысын тыңдау)
4. Дыбыс регистрі: жоғары орташа, төмен.
3 және 4 сұрақтарды толтырмас бұрын аспаптардың үнін тыңдатыңыз.
Сазсырнай - https://www.youtube.com/watch?v=5hyXC3iEoO0
Труба - https://www.youtube.com/watch?v=f_4YJL3hRa8
Туба - https://www.youtube.com/watch?v=fYOsNp4O7AU
Аспаптар болған жағдайда сыныпқа әкеліп, оқушыларға ұстап қарауына рұқсат етіледі. Сазсырнай аспабын ойнап көруіне болады.Аспаптар болмаған жағдайда олардың суреттерін слайдтан көрсетіңіз.
Берілген аспаптардың ұқсастығы мен айырмашылығын ата? –сұрағын талқылау кезінде, оқушыларға:
1) ұқсастығы - бұл аспаптардың барлығы үрмелі аспаптар тобына жататынын;
2) айырмашылығы – бұл аспаптардың сырт пішінінде, дыбыс бояуында екенін айтып кетіңіз. Аспаптарға сипаттама беріп кетіңіз.Аспаптардың үнін табиғат құбылыстарымен байланыстырып кетіңіз.
3-тапсырмада оқушыларға ақпарат іздеу үшін «Музыкалық сөздік» дайындап алыңыз немесе интернет желісін пайдалануға рұқсат етіңіз.
4-тапсырмада оқушыларға сабақтың басында тыңдап талдаған «Радуга» әндерін қайта тыңдатып, оны үйренетіндерін айтыңыз. Әннің сөзіне мән беріп, әнді мәнерлеп орындауды тапсырыңыз. Оқушыларды екі топқа бөліңіз.
1-топқа әннің ырғағын сақтай отырып, музыкалық шулы аспаптармен сүйемелдеуді тапсырыңыз.
2-топқа әнге би қимылын қоса отырып, мәнерлеп орындауды ұсыныңыз.
Қалыптастырушы бағалау.
Осы тапсырмада ауызша қалыптастырушы бағалау өткізуге болады. Қай топтың орындауы жақсы шақты? «Ырғақты сақтай отырып, мәнерлеп орындады». «Тамаша», «өте жақсы» деген сөздермен.
Па-рам - па-па-рам!
Па-рам - па-па-рам!
Па-рам - па-па-рам!
Па-рам - па-па-рам! –сөздері кездескен кезде шапалақ соғуды тапсырыңыз.
Кейін рөлдерін ауыстырыңыз.
Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:
- кемпірқосақ туралы біледі және түстерін ретімен айта алады, олардың өздеріне тән ерекшеліктерін анықтайды;
- сазсырнай, труба, туба аспаптарын біледі және олардың дыбысын тыңдай отырып ажыратады;
- сазсырнай, труба, туба аспаптарының ұқсастығы мен айрмашылығын атай алады;
- әнді көркем бейнесін жеткізе отырып орындайды;
- әнге импровизация жасайды.
Қалыптастырушы бағалау.
4-тапсырмада әнді екі топ болып импровизациялау кезінде ауызша өткізуге болады. Қай топтың орындауы жақсы шықты?
Тыңдауға ұсынылатын музыкалық материалдарға сілтеме.
1. Әні: А.Овсейчик Сөзі : Т.Штерн «Радуга»
https://www.youtube.com/watch?v=AUW4vZJ9rHU
2. Сазсырнай- https://www.youtube.com/watch?v=5hyXC3iEoO0
3. Труба - https://www.youtube.com/watch?v=f_4YJL3hRa8
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды