Музыкалық кемпірқосақ. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1-бөлім:Тірі табиғат

Сабақ: 1

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сыныбы: 3

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыкалық кемпірқосақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтау және салыстыру

3.1.3.5 - ұлттық, үрмелі, симфониялық оркестр аспаптарын ажырату

3.2.1.1 музыканың көркемдеуші құралдарын қолданып, музыка шығару және импровизациялау үшін идеялар ұсыну;

 Сабақ мақсаттары

  • сазсырнай, труба, туба аспаптарының дыбысын тыңдайды және анықтайды.
  • «интонация» «тембр», «регистр»ұғымдарын біледі;
  • «Радуга» әнін үйреніп орындайды.

 Бағалау критерийлері

Білім алушы:

Сазсырнай, труба, туба аспаптарының дыбысын тыңдай отырып ажыратады;

әнді көркем бейнесін жеткізе отырып орындайды;

әнге импровизация жасайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

Музыкалық аспаптарды сипаттайды;

тыңдалған музыкалық шығарма жайлы өз ойларын жеткізеді.

Пәнге қатысты лексика мен терминология

музыкалық аспаптар: сазсырнай, труба, туба, интонация, тембр, регистр.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Әннің көңіл-күйі қандай?
  • Кемпірқосақта қандай түстер кездеседі?
  • Көңіл күйлеріңізді түстермен көрсетіңіздер және оны түсіндіріңіздер.
  • Аспаптардың ұқсастығы мен айырмашылығын анықта?

Құндылықтарды дарыту

 

 

Түрлі музыкалық іс-әрекеттерге қатыса отырып, эстетикалық талғамы қалыптасады, музыкалық аспаптар жайлы білімі дамып, ұлттық аспаптарға деген қызығушылығы оянады.

Пәнаралық байланыстар

Бейнелеу өнері. Музыкалық аспаптардың тембрін анықтау кезінде байланыс қадағаланады. Сонымен қатар, ән тақырыбына сәйкес түстерді талдау кезінде байқалады.

 АКТ дағдылары

Презентация Power Point

Бастапқы білім

1-2 сыныпта алған музыкалық аспаптар жайлы білімін негізге ала отырып, жаңа музыкалық аспаптар мен танысып, «интонация» «тембр», «регистр» ұғымдарымен білімін толықтырады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Музыкалық сәлемдесу.

Бірлескен орта құру.

1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау.

Әні А.Овсейчик, сөзі Т.Штерннің «Радуга» әнін тыңдаңыз. Сұрақтарды талқылаңыз:

  • Ән не жайында?
  • Әннің көңіл-күйі қандай?
  • Кемпірқосақта қандай түстер кездеседі?
  • Көңіл күйлеріңізді түстермен көрсетіңіздер және оны түсіндіріңіздер.

Оқушыларға сабақтың тақырыбын, мақсаты мен іс-әрекеттерін таныстыру.

Әні: А.Овсейчик Сөзі : Т.Штерн «Радуга»

https://www.youtube.com/watch?v=AUW4vZJ9rHU

Кемпірқосақ жайлы ақпарат-

https://massaget.kz/blogs/15695/

Сабақтың ортасы

30 минут

2-тапсырма. Аспаптарды анықта

1. Аспаптар туралы кестені толтыр.

1

2

3

4

Кестені толтыру нұсқаулығы.

1. Аспаптардың атауы: туба, сазсырнай, труба

2. Оркестрдің құрамына кіреді: ұлттық, симфониялық, үрмелі

3. Дыбыс бояулары: қоңыр, қызыл, сары. (дыбысын тыңдау)

4. Дыбыс регистрі: жоғары орташа, төмен.

Талқыла. Берілген аспаптардың ұқсастығы мен айырмашылығын ата.

3-тапсырма. Музыкалық сөздік

Музыкалық сөздіктен интонация, музыкалық тембр, регистр сөздерінің анықтамасын тауып, дәптеріңе көшіріп жазып ал.

4-тапсырма. Ән үйрену және орындау.

Әні А.Овсейчик, сөзі: Т.Штерннің «Радуга» әнін үйреніңіз және орындаңыз.

Әнді музыкалық, шулы аспаптарды қолдана отырып, топпен импровизация жасап орындаңыз.

Сазсырнай-

https://www.youtube.com/watch?v=5hyXC3iEoO0

Труба - https://www.youtube.com/watch?v=f_4YJL3hRa8

Туба - https://www.youtube.com/watch?v=fYOsNp4O7AU

Әні: А.Овсейчик Сөзі : Т.Штерн «Радуга»

https://www.youtube.com/watch?v=AUW4vZJ9rHU

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

  • Мен бүгін не білдім, не үйрендім?
  • Не жақсы шықты?
  • Нәтижені қалай жақсартуға болады?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілеті жоғары оқушылар ән орындау кезінде музыкалық аспаптармен сүйемелдеу жасайды немесе басты ырғақты ұстап тұрады.

Әнді талдау кезінде ауызша бағалау жүргізу.

Бағалау критерийлері бойынша

Музыкалық аспаптардыұқыпты ұстау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу