Табиғат дыбысы. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.


 Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық

 

 «Табиғат дыбысы» тақырыбын бастау үшін алдын-ала табиғат құбылыстары бейнеленген суреттер дайындап алыңыз немесе презентацияның 1 слайдын көрсетіңіз. Оқушылар суретке қарай отырып оларды дыбыстайды.Бұл тапсырманы жұппен немесе барлық сыныппен жүргізуге болады. Осылай сабақтың тақырыбын ашып аласыз.

 Сабақтың мақсатымен таныстырыңыз.

 1-тапсырмада Е.Үсенівтың «Күзгі әуен» шығармасын тыңдатып, оқушылармен сұрақтарды талқылаңыз. Бұл шығармада күз бейнесі қалай суреттелгені жайында талқылаңыз. Ермұрат Үсенов туралы мәлімет айтып кетіңіз. Дидиктикалық материалдарда ұсынылған 1-қосымшамен жұмыс жасаңыз.

 

 

 2-тапсырмада сыныпқа қобыз және қылқобыз аспаптарын әкеліп, дайындап алыңыз. Оқушыларға қобыз және қылқобыз аспаптарының ұқсастығы мен айырмашылығын анықтау үшін ноутбуктар, энциклопедия таратып беріңіз немесе қобыз туралы бейнеролик көрсетіңіз.

Қобыз аспабы туралы бейнеролик - https://www.youtube.com/watch?v=SuIi6bYI_f8

 Кестені толтыру үшін 1- қосымшаны жекелеп оқушыларға таратып беріңіз немесе дәптерлеріне сызғызыңыз.

 

 2-қосымша.

 

ұқсастығы

айырмашылығы

Қобыз

Қылқобыз

 

3-тапсырмада оқушылар қылқобыз, қобыз аспаптарында және дауыспен табиғат дыбыстарын, қасқырдың ұлуын салып көрсетпес бұрын, оларға халық күйі «Қасқырды» және табиғат дыбыстарын дауыспен салған шеберлердің бейне сюжетін көрсетіңіз.

Алдымен оқушыларға өзіңіз тәжірибе жасап көрсетіңіз, яғни өзіңіз қобыз немесе қылқобыз аспабында қасқырдың ұлуын ойнап беріңіз немесе аспапты меңгерген адамды шақырып ойнатыңыз.

Халық күйі «Қасқыр» - https://www.youtube.com/watch?v=F8idFGLD178

Дауыспен табиғат дыбыстарын салу бейне сюжет -https://www.youtube.com/watch?v=FkaVBszsgkY

https://www.youtube.com/watch?v=M0ZUez6udnE

Қалыптастырушы бағалау

 

Тапсырма. Қылқобыз, қобыз аспаптарындада және дауыспен табиғат дыбыстарын, қасқырдың ұлуын салып көрсет.

Дескриптор:

  • Қылқобыз, қобыз аспабында ойнады;
  • Аспаптарда қасқырдың, табиғаттың дыбысын салды;
  • Өз дауысымен қасқырдың және табиғат дыбыстарын салды.

4-тапсырмада оқушыларға Жанар Айжанованың орындуындағы «Қобызым» әнін тыңдатыңыз. Әннің сөзін таратып беріңіз. Дидактикалық материалдар, 4-қосымша.

Әннің сөзін оқып қайталаңыздар. Әнді домбырада меңгерген оқушыларға сүйемелдетіп орындатыңыз.

«Қобызым» әні - https://www.youtube.com/watch?v=W_DJKhmCGC8

Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:

  • Музыкалық шығарманы тыңдап өз ойын жеткізеді;
  • Қобыз және қылқобыз аспаптарының ұқсатығы мен айырмашылығын анықтайды;
  • Қылқобыз және қобыз аспаптарында ойнайды;
  • Өз дауысымен табиғат дыбыстарын салады;
  • «Қобызым» әнін үйреніп, мәнерлеп орындайды.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу