Дала дауысы. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 3 - сабақ.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Дала дауысы» тақырыбы бастамас бұрын қазақ даласына саяхат жасап, қазақстан картасынан қазақтың кенң байтақ жері туралы, Жетісу, Сарыарқа, Ақжайық, Сыр өңірлері неге олай аталғанын, оларға неге ән жыр көп арналғаны жайында әңгімелеп кетіңіз. Оқушыларға картадан осы өңірлерді көрсетуді, және ол өңірлерге қай облыстар жататынын анықтауды тапсырыңыз. Дидактикалық материалдар 1-қосымша.
Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстырып кетіңіз.
1-тапсырмада Болат Мажағұлов, Секен Тұрысбек және Ренат Гайсин орындауындағы «Ұлы дала» музыкалық композиция тыңдаңыз оқушылармен сұрақтарды талқылаңыз. Қазақтың кең байтақ даласын, керемет табиғатын музыка қалай жеткізгені туралы талқылаңыз.
Орындаушылар жайында ақпарат беріп кетіңіз. Дидактикалық материалдар 2-қосымша.
2-тапсырмада Музыкасы М.Тналин, сөзі Д.Қалиевтің «Кең дала» әнін ән үйрету ережесіне сай үйретіңіз. Алдымен әнді тыңдатыңыз. http://votekara.org/id/Аманжан%20Манабаев/
Әннің сөзін таратып беріңіз. Дидактикалық материалдар. 3-қосымша.
Әнің сөзін таза ырғағын сақтап орындауды талап етіңіз.
Әнді дирижердың қиылының көмегімен орындатыңыз.
3-тапсырмада оқушылар өз дауыстарын, ноталарды, музыкалық аспаптарды қолдана отырып «Дала дауысы» әуенін құрастырады. Оқушыларға шулы, музыкалық аспаптар дайындап қойыңыз. Мысалы, домбыра, сазсырнай, шаңқобыз, қобыз, жетіген,дауылпаз, қоңырау, асатаяқ, сылдырмақ, маракастар және т.б.
4-тапсырмада оқушылардың өздері құрастырған композицияларын орындауды тапсырыңыз. Орындау кезінде импровизация жасауды және өзінің, өзгелердің жұмысына баға беруді ұсыныңыз. Бұл тапсырманы қалыптастырушы бағалау ретінде орындатуға болады.
Өзінің және өзгелердің жұмысына төмендегі сұрақтарға жауап бере отырып бағалайды:
- Не жақсы шықты?
- Нені жақсартуға болады?
- Дала әуендерін жеткізе алдыңыздар ма?
Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:
- музыкалық шығарманы талдайды;
- әнді көркемдік бейнесін жеткізе орындайды;
- дала әуендерін шығарады;
дала әуендерін орындайды. музыкалық шығарманы талдайды;
әнді көркемдік бейнесін жеткізе орындайды;
дала әуендерін шығарады;
- дала әуендерін орындайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?