Табиғат әуендері. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 4 - сабақ.
Сабақты ұйымдастыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақты музыкалық сәлемдесуден бастап, дауысқа арналған жаттығу жасатыңыз.
Тоқ- тоқ,тоқылдақ,
Жерден тары шоқып ап,
Тоқылдайды тоқылдақ,
Тоқ-тоқ-тоқ
Бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстырыңыз. «Табиғат әуендері» тақырыбында ән тыңдап, ән айтатындарын ескертіңіз.
1-тапсырмада әні мен сөзі Иса Омардың «Күзгі әуен» әнін Хадиша Шалабаеваның орындауында тыңдатыңыз және бейнебаянын тамашалауды ұсыныңыз. Сұрақтарды талқылап ән жайлы өз сезімдерін жеткізуді тапсырыңыз..
«Күзгі әуен» әні - https://www.youtube.com/watch?v=ULJj0wYmgxE
2-тапсырмада До, ре, ми, фа, соль ноталардың көлемінде әуен құрастырып, оларды нота сызығына орналастыруды, нота дәптеріне жазуды тапсырыңыз. Шығарған әуендерін сынып алдында орындап беруді ұсыныңыз. Нота дәптері болмаған жағдайда нота сызығы сызылған арнайы парақшаларды таратыңыз.
3-тапсырманы «Қалыптастырушы бағалау» ретінде өткізіңіз.
1-қосымша жеке ұсынылған.
Оқушыларды 3 топқа бөліңіз. Топқа берілген әндерді қайталап, мәнерлеп орындауды тапсырыңыз. Дайындыққа уақыт беріңіз.
1-топ. «Радуга» әні
2-топ. «Қобызым» әні
3- топ «Кең дала» әні
Топтар өз орындауларын дескриптор бойынша бағалайды.
Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:
- музыкалық шығарманы талдайды;
- нота сауатын меңгереді;
- әнді көркемдік бейнесін жеткізе орындайды;
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?