Музыкалық кемпірқосақ. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.


 «Тірі табиғат» бөлімінің 1сабағына әдістемелік нұсқаулық

 Музыка сабағын нота атаулары мен биіктіктерін қайталау мақсатында музыкалық сәлемдесуден бастаған жөн.

 Сабақ тақырыбын мақсаттарын анықтау. Сабақ тақырыбын және мақсаттарын анықтау үшін мұғалім оқушыларға әр түрлі суреттерді алдын-ала дайындап таратады. Топтармен бірге ортақ тақырыпты анықтау кезінде мұғалім оқушыларға бейімдеу сұрақтарын қойып, тақырыпты дұрыс анықтауға көмектесу керек.

 Оқушылар екі шеңбер құрады. Әрбір шеңберге бір ортақ сөзге байланысты суреттер

 Оқушылар топтарда ақылдасып «Музыка» және «кемпірқосақ» сөздерін анықтайды.

 Осы тапсырманы орындау арқылы мұғалім оқушылармен бірге сабақ тақырыбы мен мақсаттарын анықтайды.

 Сабақ тақырыбы мен сабақта орындалатын әс әрекетті байланыстыру үшін мұғалім сабақтың басында кемпірқосақтың түстеріне сай оқушыларды 7 топқа біріктіреді. Әр түстің қасына нота атауы беріледі. Оқушылар түстермен жұмыс істеу барысында ноталардың қай түске сай екенін сабақ бойы еске сақтау мүмкіншіігне ие болады.

 1 тапсырманы өткізу кезінде оқушылар музыкалық үзінділер тыңдайды. Мұғалім музыкалық үзінділерді қай аспап орындағанын айтпағаны жөн. Оқушыларға ашық дәрежелі сұрақтар қоя арқылы мұғалім әрбір тыңдалған музыканы оқушылармен бірге талқылайды.

 Тыңдалған музыкалық үзйінділерде суық жіне жылы түстермен баланыстыру үшін мұғалім түстер спектрін дайындап оқушыларға көрсетеді.

 2 тапсырмада оқушылар ноталармен әуен құрастырады. БҰл тапсырмада сабақ басында бөлінген 7 топ жұмыс жасайды.

 Тапсырманы орындау кезінде оқушылар нота атаулары мен жылы және суық түстерді қаншалықты есте сақтау алады.

 1. Өз тобыңыздың түсіне сай нотаңызды нота сызығына орналастырыңыз.

 2. Өз нотаңызға суық түсті нотаны қосып әуен құрастырыңыз.

 3. Өз нотаңызға жылы түсті нотаны қосып әуен құрастырыңыз.

 4. Әуенді металофон аспабында орындаңыз.

 Тапсырманы орындап болған соң топтар өз әуендерін металлофон аспабында орындайды.

 Бұл апсырмадан соң қалыптастырушы бағалау өзін-өзі бағалау түрінде өтеді.

 3 тапсырма терминдермен жұмыс - мұғалім «Регистр» терминін өзі түсіндіреді және пианино аспабында реигстрдің үш түрін ойынап көрсетеді. Практикалық тұрғыда есту арқылы оқушылар регистрдің мағынасын нақтырауқ түсіне алады.

 4 тапсырмада оқушылар жаңа ән үйренеді. Ән үйретуді жаттығулардан бастауға болады. Оқушылар бір нотада және түрлі интервалдармен дауыс жаттығуын орындау арқылы дыбыс аппаратын ән айтуға бейімдеді. Дауыс жаттығуларын жасаған соң оқушылар әнді тыңда алып, әннің мағынасын, сипатын, музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтайды.

 Сыныппен бірге ән орындап болған соң сөздерін тез жаттату және барық оқушыларды бақылай отырып бағалау мақсатында мұғалім сыныпты төрт топқа біріктіріп, әннің әрбір шумағын кезекпен айтқызады.

  Рефлексия сабақ тақырыбымен байланысты «Менің түрлі түсті көңіл-күйім» деп аталады.

 Оқушылар өз көңіл-күйлеріне кемпірқосақтың түстерін ассоциация келтіреді.

 Мысалы менің көңілім жасыл түсті, себебі мен жайдарымын.

 Немесе менің көңілім қызыл түсті сабақта зауқым болған жоқ т.с.с.

 Егер оқушалар кемпірқосақтың түстерінің барлығын айтуға қиналса, мұғалім бағдаршам әдісін қолдануды ұсынуына болады.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу