Музыкалық кемпірқосақ. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 1 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 бөлім: «Тірі табиғат»

Сабақ: 1

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Гульбану

Сыныбы:

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Музыкалық кемпірқосақ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру

3.1.3.5 - ұлттық, үрмелі, симфониялық оркестр аспаптарын ажырату

3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • аспаптарда орындалған музыканы талдайды;
  • суық және жылы түске қандай музыканың сәйкес келетінін түсінеді;
  • ноталардың атауы мен түстерін жаттайды
  • сөзі: А.Естенов, муз: А. Тани«Бояулар мен дыбыстар» әнін үйренеді.

 Бағалау

 критерийлері

  • тыңдалған әуендердің дыбысталуын салыстырады және аспаптарды ажыратады.
  • әнді әуені мен ырғағын сақтай отырып орындайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • музыканы талқылай және талдай алады;
  • тыңдалған музыкалық шығармалары туралы өз ойын ортаға салады.

Пәндік лексика мен терминология:

Скрипка

Шаңқобыз

балалайка;

динамика – форте, пиано, крещендо, диминуэндо

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Жылы түстерге қандай динамика сәйкес келеді деп ойлайсыздар?
  • Суық түстерге қандай динамика сәкес келеді деп ойлайсыздар?
  • Ноталардың түстерін айта аласыздар ма?

Құндылықтарды дарыту

Топтық жұмыстарға қатысу арқылы оқушылардың бір-біріне деген құрмет сезімерін қалыптастыру.

 Пәнаралық

 байланыстар

Көркем еңбек пәнімен байланыс – оқушылар жылы және суық түстерді ажыратады, түстерге сай динамикалық белгілерді анықтайды.

Дүниетану пәнімен байланыс – оқушылар табиғат құбылыстарын анықтайды, кемпірқосақтың түстерін нота түстерімен сәйкестендіреді.

 АКТ дағдылары

Бастапқы білім

2 сыныпта алған білім, білік, дағдыларына сүйенеді.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин

Музыкалық сәлемдесу

Сабақ тақырыбын және мақсаттарын анықтау

Оқушылар екі шеңбер құрады. Әрбір шеңберге бір ортақ сөзге байланысты суреттер беріледі.

1 шеңбер – музыка (таратылатын суреттер – ноталар, нота сызығы, әнші, биші, музыкант, музыкалық аспаптар)

2 шеңбер – кемпірқосақ (жаңбыр, бұлттар, найзағай, күннің көзі, 7 түрлі түстер )сөзін анықтауы тиіс.

- Балалар, әрбір шеңберге түрлі суреттер берілді. Сіздерге осы суреттер ортақ қандай тақырыппен байланысты екенін анықтау керек.

Оқушылар топтарда ақылдасып «Музыка» және «кемпірқосақ» сөздерін анықтайды.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: Музыкалық кемпірқосақ.

Бүгінгі сабақта біз әр түрлі аспаптардың дыбысталуын тыңдаймыз, музыканы талдаймыз

Кемпірқосақтың түстеріне сай нота атауларын жаттаймыз және ноталаржы қолдана отырып шағын әуендер шығарамыз.

Оқушыларды топқа бөлу

Олай болса қазір сіздер кемпірқосақ түстері бойынша 7 топқа бөлінесіздер.

Оқушылар 7 түсті карточкалар бойынша топтарға бірігеді. /қызыл, қызғылтсары, сары, жасыл, көгілдір, көк, күлгін./

Сіздер осы түстермен сабақ бойы жұмыс жасайсыздар.Сынып 7 топқа бірігеді.

Презентация

Түрлі түсті суреттер

7 түс

І карточкалар

Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин

5 мин

5 мин

Оқушылармен әңгімелесу.

  • Балалар, айтыңдаршы ал кемпірқосақта қандай түстер бар?
  • Жалпы түстерді біз көркем еңбек сабағында қалай бөлеміз?

Иә, дұрыс, жылы түстер және суық түстер.

1 тапсырма. Музыка тыңдау және талдау

Топтық жұмыс

Қазір біз сіздермен бір тапсырма орындаймыз. Мен сіздерге әр түрлі музыкалық үзінділер қоям, сіздер тыңдалған музыка қандай түске сәйкес болуы мүмкін жөнінде ойлануларыңыз қажет. Әрбір музыкалық үзінді ойнап болған соң сіздер топпен ақылдасып

  • Қандай аспап ойналып тұр,
  • Аспап қай топқа жатады: ұлттық, классикалық
  • музыканың көркемдеуші құралдарын және
  • қай түске сәйкес екенін анықтау керексіздер.

Музыкалық үзінділер тыңдаңыз. шаңқобыз, скрипка, балалайка әр түрлі динамикада тыңдатылады.

Музыканы талдауға арналған сұрақтар:

- Әр аспаптың дыбысталуының айырмашылығы неде?

- Аспаптың дыбысталуы неге байланысты?

Әр топ өз ойымен бөліседі.

2 тапсырма. Ноталармен әуен құрастыру

1. Өз тобыңыздың түсіне сай нотаңызды нота сызығына орналастырыңыз.

2. Өз нотаңызға суық түсті нотаны қосып әуен құрастырыңыз.

3. Өз нотаңызға жылы түсті нотаны қосып әуен құрастырыңыз.

4. Әуенді металофон аспабында орындаңыз.

Топтар өз жұмыстарын өздері бағалайды.

3 тапсырма. Ақпарат іздеу

Терминдермен жұмыс - «регистр»  музыкалық аспаптар немесе әнші дауысының белгілі бір биіктікте орналасқан дыбыс диапазонының бөлігі. Регистрдің 3 түрі болады төмен, ортаңғы және жоғары.

4 тапсырма. Әнді үйрену.

«Бояулар мен дыбыстар» сөзін жазған: А.Естенов, әнін жазған: А. Тани

1.Жеті нота – шұғыла

Көз жасытар құбыла.

Қызыл бояу – қимас шақ,

Жалындатар нұрына.

Нәзік бояу көгілдір

Сыршыл әуен төгілдір.

Көк көйлекті көктемдей

Алау атқан көңіл бұл.

Сары бояу – сағыныш

Сәлемімді алып ұш.

Сары күздей сарғая

Достарыммен сағыныс.

Қоңыр бояу – қоңыр үн

Мамыражай өмірім.

Баяу әннен қоңыржай

Жайланады көңілім.

Оқушылар әнді бірнеше рет тыңдайды.

Оқушылар 4 топқа бөлінеді, әр топқа 1 шумақты орындау тапсырмасы беріледі.

1. Шаңқобыз https://www.youtube.com/watch?v=MJRJI1RUZFI

2. https://www.youtube.com/watch?v=qDXehWx1T-w скрипка

3. Балалайка

https://www.youtube.com/watch?v=nNwDtSKFtqg

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия:

«Менің түрлі түсті көңіл-күйім»

Оқушылар өз көңіл-күйлеріне кемпірқосақтың түстерін ассоциация келтіреді.

Мысалы менің көңілім жасыл түсті, себебі мен жайдарымын.

Немесе менің көңілім қызыл түсті сабақта зауқым болған жоқ т.с.с.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Музыканы талдау барысында музыканың көркемдеуші құралдары жазылған стендке оқушылардың назарын аудару.

Күйге сәйкес ырғақтық сүймелдеу орындау барысында ырғқтық қабілеті төмен оқушылармен орындалатын ырғақты бірнеше рет орындап көрсету.

Бақылау

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері арқылы

Ырғақтық сүйемелдеу жасау барысында оқушылар шеңбер бойымен қозғалып жүреді.

Интерактив тақтасын кажет болмаған кезде өшіріп отыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу