Табиғат дыбысы. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 2 - сабақ.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 бөлім: «Тірі табиғат» Сабақ: 2 | |||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Гульбану | ||||||||||||||||||||
Сыныбы: | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы: | Табиғат дыбысы | ||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру 3.1.2.3 - музыкалық штрихтарды қолдана отырып,аспаптарда ойнау дағдыларын көрсету | ||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар:
| ||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері |
| ||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар:
| Оқушылар:
Пәндік лексика мен терминология:
сазсырнай; Талқылауға арналған сұрақтар:
| ||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дарыту
| Топтық жұмыстарға қатысу арқылы оқушылардың бір-біріне деген құрмет сезімерін қалыптастыру. | ||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану пәнімен байланыс – оқушылар табиғат құбылыстарын анықтайды | ||||||||||||||||||||
АКТ дағдылары | |||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | Оқушылар кемпірқосақ түстеріне сай ноталары ажыратып үйренді. Скрипка балалайка, қобыз аспаптарында орындалған музыканы тыңдап, анықтап | ||||||||||||||||||||
Сабақ барысы | |||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||||||||||||||||
Сабақтың басы 5 мин | Музыкалық сәлемдесу Сабақ тақырыбы мен мақсаттарын анықтау үшін оқушыларға табиғат дыбыстары тыңдатылады Жаңбыр, жел, бұлбұл құс, тоқылдақ
Бүгінгі сабақта біз
| ||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы 10 мин 5 мин 5 мин 5 мин 3 мин 7 мин
| Тапсырма 1. Музыка тыңдау және талдау - Балалар, қазір сіздер екі әуен тыңдайсыздар. Тыңдалған әуенді талдау үшін партада қасыңызда отырған досыңызбен ақылдаса отырып мына парақтарды толтыру қажет болады Әрбір жұпқа музыка талдау парақтары беріледі.
Оқушыларға сыбызғы және сазсырнай аспаптармен орындалған әуен тыңдатылады. Оқушылар әрбір әуенді 2 рет тыңдайды. Бірінші рет өзі тыңдау үшін, екінші рет сыныптасымен ақылдасып талдау үшін тыңдайды. Бірнеше оқушы өз жауаптарымен бөліседі. Қалыптастырушы бағалау. Сынып оқушылардың жазғанымен келісемін, келіспеймін деп басбармақ әдісін қолдана отырып көрсетеді. Тапсырма 2. Аспаптарды анықтау және ажырату Оқушыларға сыбызғы және сазсынай аспаптарының суреттері көрсетіледі.
Сыбызғы және сазсырнай аспаптары қалай жасалатыны туралы бейнематериал көрсетіледі. Музыкалық терминдермен танысу Тембр (фр. tіmbre – кішкене қоңырау) – дыбыстың сапасы (оның “бояуы”, “характері”). Ол әр түрлі аспаптарда немесе түрлі дауыста орындалған белгілі бір биіктіктегі дыбыстарды ажыратуға мүмкіндік туғызады. Тембр дыбыс тербелістерінің формасына байланысты болады. Тембрге музалық аспаптың материалы, формасы, дыбыс шығару тәсілі, т.б. әсер етеді. Интонация латын тілінде «қатты айтамын» дегенді білідереді. Кең мағынада көркем образды музыкалық дыбыстар арқылы жеткізу дегенді білідреді. Интонацияны музыканың жаны, музыкалық ойлау мен түсініктің негізі деп атайды. Тапсырма 3. Дауысты анықта ойыны Ойынның мақсаты оқушылар бір-бірінің дыбыс бояуы мен интонация арқылы тануы. Ойынның шарты. Барлық оқушылар көздерін жұмып отырады. Мұғалім сынып ішінде жүріп бір оқушыны таңдап түртеді, сол оқушы өлең оқып немесе ән орындауы қажет. Тапсырма 4. Ырғақтық сүйемелдеу орындау. Оқушылар Сейдолла Байтерековтың «Кішкентай» күйін тыңдайды. Топқа бөлу. Үлкен шеңберге оқушыларды тұрғызып 3 топқа санау бойынша бөлінеді. 1 топ – ұрмалы аспаптар /ағаш таяқшалар, тоқылдақ, дауылпаз, тұяқтас, барабандар / 2 топ – шулы аспаптар /сылдырмақ, қолдан жасалған маракастар, бубен, асатаяқ/ 3 топ – музыкалық аспаптар /металлофондар/ Музыка ойналған уақытта мұғалім сандарды айту арқылы әр аспаптар тобына орындау қажет партияны ойнатады. Оқушылар шеңбер бойымен тұрып ойнайды. Белгілі бір топ партияны ойнап тұрғанда қалған оқушылар музыкаға сай шеңбер бойымен жүреді. Топтар өз партиясын мұғалімнің көмегімен бірнеше рет орындап болған соң, топтар күйге сүйемелдеуді өздері орындайды. Оқушылар өз орындауларын бағалайды | 1 әуен https://www.youtube.com/watch?v=72n1x3DB6xk күй -Өмір толғауы, орын. Бейілхан Қалиакпарұлы 2 әуен https://www.youtube.com/watch?v=L-weBeLRLy8 Ержан Мукышов - Балапан қаз (Халық әні) Презентация Презентация https://www.youtube.com/watch?v=PaMvCu-Sf-U Сыбызғы туралы https://www.youtube.com/watch?v=xjwFpi1D4Mc сазсырнай туралы Презентация https://www.youtube.com/watch?v=W26ocFfDoJ8 С. Байтереков «Кішкентай» балаларға арналған музыкалық аспаптар: ағаш таяқшалар, сылдырмақ, қолдан жасалған маракастар, бубен, металлофондар | |||||||||||||||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия:
| ||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||||||||||||||||
Музыканы талдау барысында музыканың көркемдеуші құралдары жазылған стендке оқушылардың назарын аудару. Күйге сәйкес ырғақтық сүймелдеу орындау барысында ырғқтық қабілеті төмен оқушылармен орындалатын ырғақты бірнеше рет орындап көрсету. | Бақылау Өзара бағалау Бағалау критерийлері арқылы | Ырғақтық сүйемелдеу жасау барысында оқушылар шеңбер бойымен қозғалып жүреді. Интерактив тақтасын кажет болмаған кезде өшіріп отыру | |||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| ||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?