Дала дауысы. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 3 - сабақ.
«Тірі табиғат» бөлімінің 3 сабағына әдістемелік нұсқаулық
Музыка сабағын нота атаулары мен биіктіктерін қайталау мақсатында музыкалық сәлемдесуден бастаған жөн.
Сабақ тақырыбын мақсаттарын анықтау үшін оқушыларға Ф. Оңғарсынованың «Қазақ даласы» өлеңі тыңдатылады және қазақ даласының бейнематериалы көрсетіледі.
Оқушыларға тақырыпты ашу үшін сұрақтар қойылады.
- Бұл өлең не туралы?
- Қазақ даласын қандай музыкамен суреттеуге болады?
1 тапсырма сабақтың тақырыбы мақсаттарын анықтауға арналған бейнематериалмен байланысты. Оқушылар берілген табиғи құбылысты қандай аспаптың көмегімен дыбыстауға болатыны жөнінде ойлануларын мұғалім ескертеді. Мысалы үшбұрыш, металлофонмен бұлақты, маракас сылдырмақтармен шөпті дыбыстауға болады. Осыны оқушылар өздері түсініп, қажет аспаптарды таңдап алуылары қажет. Ол үшін мұғалім сұрақтар қойып, көпіршелер орнатады.
1 топ - шөптің дыбысы
2 топ - желдің дыбысы
3 топ – бұлақтың дыбысы
4 топ – орманның дыбысы.
2 тапсырмада оқушылар халық әнін екі түрлі интерпретацияда тыңдап талдайды, талқылайды. Оқушылар талдау үшін мұғалімнің ашық дәрежелі сұрақтарына жауап береді.
- Әр түрлі орындауда қандай айырмашылық бар
- Әнді тыңдау барысында көзіңізге не елестеді?
- Әннің қай орындаулы сізге ұнады? Түсіндіріңіз.
- Берілген әнді «дала дауысы» деп атауға бола ма? Неліктен?
3 тапсырманы орындау барысында оқушылар тыңдалған халық әні нәзік, баяу және бұл музыкаға қолдың әсем қимылдары, баяу жүріс сәйкес келетінін түсінеді.
4 тапсырма. Әнді орындау.
«Дала әуендері» сөзін жазған: С. Қалиев, әнін жазған Б. Қыдырбек
Әнді үйрету алдында оқушылармен Емельяновтың фонопедиялық жаттығуларын жасауға болады. Бұл жаттығулар оқушылардың дауыс аппаратын ән айтуға дайындайды, сонымен қатар сыныпта жағымды ахуал орнатады.
5 тапсырмада оқушылар ре нотасын қолдана отырып шағын әуен құрастырапды. Құрастырған әуенді мұғалім пианино немесе синтещатор аспабында сыныппен бірге орындауына болады.
Рефлексия:
«Бір сөзбен»
Оқушылар презентацияда көрсетілген 12 сөздің ішінен өздерінің жай күйін білдіретін 3 сөз таңдап айтуы қажет.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?