Табиғат әуендері. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 4 - сабақ.


 «Тірі табиғат» бөлімінің 4 сабағына әдістемелік нұсқаулық

 

 Музыка сабағын нота атаулары мен биіктіктерін қайталау мақсатында музыкалық сәлемдесуден бастаған жөн.

Сабақ тақырыбын мақсаттарын анықтау үшін

Музыкалық сәлемдесу

Сыныпта жағымды ахуал орнату, өткен сабақты қайталау

«Сыртқы және ішкі шеңбер» жаттығуы.

Жаттығуды орындамас бұрын мұғалім оқушыларға нақты нұсқаулық береді. Ішкі шеңберде тұрған оқушылар 1 сұрақ дайындайды және сол сұрақты қайталап , сыртқы шеңберде тұрған оқушыларға қоя береді. Сыртқы шеңбер сағат тілімен қозғала отырып ішкі шеңбер оқушылары қойған сұрақтарға жауап береді.

1 тапсырмада оқушылар қазақ музыкасы мен классикалық музыканы тыңдайды, сипаттайд салыстырады және мағынасын ашады. Мұғалім оқушыларға музыканы тыңдаған уақытта көздеріңізді жұмып, бұл музыканың табиғатпен қандай байланысы бар жөнінде ойлануын, мухыкалық көркемдеуші құралдарын анықтауын және екінші әуенді тыңдау барысында алдыңғы тыңдаған әуеннен қандай айырмашылығы бар соған назар аударуын ескертіп отырады.

2 тапсырмада тыңдалған музыканы талдау үшін ашық дәрежелі сұрақтар қойылады.

- Шығарманың жанрын оның негізгі әуенінен немесе интонациясынан тауып анықтаңыз.

- Табиғаттың дыбыстары естілді ме?

- Қандай аспап табиғаттың дыбысына сәйкес деп ойлайсыздар?

-Екі шығарманың дыбысталуын салыстырыңыз?

3 тапсырмада оқушылар екі композитор туралы постер жасайды. Мұғалім оқушыларға алдын-ала дайындалған дидактикалық материалды береді.

1 топ – Абай

2 топ – Э. Григ

Композиторлардың шығармашылығымен танысыңыз: Абай Құнанбаев, Эдвард Григ.

Бір-сөзбен ғана ойыңызды білдіріңіз. Мұғалім тақтаға непесе флипчартқа Абай және Эдвард Григ деп жазады. Оқушылар Абай Құнанбаев және Эдвард Григ туралы мұғалім дайындаған ақпараттарды оқып 3 минут дайындалады.

Кейін композиторлардың есімін естігендегі ассоциация туатын бір сөзбен суреттейді.

Әр топ өз постерлерін жасап дайындалады

Бұл тапсырманы орындау барысында мұғалім оқушыларға топта жұмыс жасау ережелерін сұрайды. Оқушыларды ынтымақтастықта жұмыс жасауға жіне уақытты дұрыс пайдалану туралы ескертеді.

Сонымен қатар бұл тапсырмада дүниетану пәнімен байланыс байқалады, оқушыларға әлем қартасы көрсетіліп, олар картадан екі композитордың туған елін табады.

Презентация. Топтар өз жұмысын сыныпқа таныстырады. Өзге топтар таныстырған топты бағалайды.

4 тапсырмада оқушылар Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін үйренеді. Мұғалім әнді үйрету барысында әннің сипатын жеткізіп орындау жөнінде ескертіп отырады.

Әннің әуенін нотамен және сөзбен мұғалім айтып отырады, оқушылар қайталатады.

Әннің әуенін үйрену. Әннің әуенін мұғалім Ре минор тональдігінде нотамен айтады, оқушылар қайталайды.

5 тапсырма. Нота сауаттылық

Әннің әуенін нотаға салу.

Оқушылар өткен сабақта үйренген «ре» нотасын естеріне түсіреді.

Мұғалім айтқан әннің ноталарын нота сызығына орналастырады. Мұғалім ноталарды бір-бірден асықпай айтып отырады. Оқушылар айтқан ноталардың түстері бойынша нота сызығына орналастырады. Ноталарды орналастыру кезінде мұғалім түрлі түсті нота ретңнде боялған асықтарды емесе боялған дөңгелекшелерді қолдануына болады.

«ре-ре-ми-фа-ми-ре-ми-фа-ми »

«ми-фа-соль-ми-фа-соль-ля»

«фа-ми-ре»

Нотаны орналастыру арқылы айту кезінде визуалды түрде дыбыстың төмен және биіктігін қадағалап отыру арқылы оқушылар таза дыбыспен айтуды үйренеді. Мұғалім дыбысты таза айтылмайтын

Дифференциация:

Әннің нотасын жасау кезінде музыка мектебіне қатысатын оқушыларға әннің өзге де жолдарын нотаға салу тапсырмасы беріледі.

Рефлексия:

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

«Екі жұлдыз- бір тілек» әдісі бойынша білдіреді.

Мұғалім рефлексияны өз көзқарасына сай топпен немесе жеке өткізуіне болады.

Оқушылар шағын топтарда отырып, ақылдасып шешмідерін сыныппен бөліседі жеке-жеке өз ойларын айтады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу