Табиғат әуендері. Музыка, 3 сынып, сабақ жоспары. 4 - сабақ.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1 бөлім: «Тірі табиғат»

Сабақ: 3

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавина Гульбану

Сыныбы:

Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Табиғат әуендері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.1.1.1- тыңдалған әуеннің сипатын, мазмұнын, жанрын, көркемдеуші құралдарын анықтаужәне салыстыру

3.1.1.2 - музыкалық шығармаларды интонация, әуен арқылы танып ажырату

3.1.2.1 - көркем образдарды аша отырып,түрлі сипатты әндерді орындау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Абайдың және Э.Григтің шығармаларын тыңдай отырып салыстыруды үйренеді
  • Абайдың «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін үйренеді

 Бағалау

 критерийлері

Тыңдалған әуенді интонациясы арқылы ажыратады.

Тыңдалған әуендерді і салыстырады, жанры мен музыкалық көркемдеуші құралдарын анықтайды.

Әнді көркем образын жеткізе отырып орындайды.

 Тілдік мақсаттар:

 

Оқушылар:

  • музыканы талқылай және талдай алады;
  • тыңдалған музыкалық шығармалары туралы өз ойын ортаға салады.

Пәндік лексика мен терминология:

Интонация

Абай

Эдвард Григ

Талқылауға арналған сұрақтар:

Шығарманың жанрын оның негізгі әуенінен немесе интонациясынан тауып анықтаңыз.

- Табиғаттың дыбыстары естілді ме?

- Қандай аспап табиғаттың дыбысына сәйкес деп ойлайсыздар?

-Екі шығарманың дыбысталуын салыстырыңыз?

Құндылықтарды дарыту

 

 

Оқушыларға Абайдың әнін тыңдату, және үйрету арқылы ұлттық құндылықтарды Қазақстандық патриотизмді қалыптастыру.

Шығармашылық жұмыстарына презентация жасау барысында бір-біріне деген сыйластық сезімерін дамыту.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану пәнімен байланыс – оқушылар композиторлардың туған жерін анықтайды, картадан қарап өздері табады.

 АКТ дағдылары

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылар «Япурай» халық әнімен танысып, «Дала дауысы» әнін үйренді. Қазақ даласының таиғатының дыбыстарын музыкалық аспаптар арқылы орындап импровизация жасады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Музыкалық сәлемдесу

Сыныпта жағымды ахуал орнату, өткен сабақты қайталау

«Сыртқы және ішкі шеңбер» жаттығуы

Ішкі шеңберде тұрған оқушылар 1 сұрақ дайындайды, сыртқы шеңберге сұрақ қояды. Сыртқы шеңбер сағат тілімен қозғала отырып ішкі шеңбер оқушылары қойған сұрақтарға жауап береді.

Балалар өткен сабақтары біз халық әндерін, аспаптармен таныстық. Ал бүгінгі сабақта табиғат туралы айтылған әнмен танысамыз.

Сабақтың ортасы

10 мин

5 мин

1 мин

5 мин

5 мин

8 мин

1 тапсырма. Музыка тыңдау және талдау

Музыкалық шығармаларды тыңдаңыз:

1 әуен Абай Құнанбаев «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін тыңдаңыз.

  • Әннің ырғағы мен екпіні қандай?
  • Бұл өлеңді неміс ақыны Гётеден М.Лермонтов орыс тіліне, ал Абай Құнанбаев қазақ тіліне аударып, тек қана өлең қылып шығармай, ән қып жарыққа шығарды.

2 әуен. Эдвард Григ «Утро» шығармасы тыңдатылады.

  • Балалар, музыканы тыңдаған уақытта көздеріңізді жұмып, бұл музыканың табиғатпен қандай байланысы бар жөнінде ойланыңыздар. Сонымен қатар алдыңғы тыңдаған әуеннен қандай айырмашылығы бар соған назар аударыңыздар.

2 тапсырма. Тыңдалған музыканы талдау

- Шығарманың жанрын оның негізгі әуенінен немесе интонациясынан тауып анықтаңыз.

- Табиғаттың дыбыстары естілді ме?

- Қандай аспап табиғаттың дыбысына сәйкес деп ойлайсыздар?

-Екі шығарманың дыбысталуын салыстырыңыз?

3 тапсырма. Ақпарат іздеу.

Сынып екі топқа бірігеді

1 топ – Абай

2 топ – Э. Григ

Композиторлардың шығармашылығымен танысыңыз: Абай Құнанбаев, Эдвард Григ.

Абай деген кім? Бір-сөзбен ғана ойыңызды білдіріңіз

Мүғалім тақтаға непесе флипчартқа Абай және Эдвард Григ деп жазады. Оқушылар Абай Құнанбаев және Эдвард Григ туралы мұғалім дайындаған ақпараттарды оқып 3 минут дайындалады.

Кейін композиторлардың есімін естігендегі ассоциация туатын бір сөзбен суреттейді.

Әр топ өз постерлерін жасап дайындалады

Презентация

Топтар өз жұмысын сыныпқа презентациялайды.

Оқушыларға әлем қартасы көрсетіледі, олар картадан екі композитордың туған елін табады.

4 тапсырма. Ән үйрену және орындау

«Қараңғы түнде тау қалғып» Абай.

Әннің әуенін үйрену.

Әннің әуенін мұғалім Ре минор тональдігінде нотамен айтады, оқушылар қайталайды.

Мұғалім әнді үйрету барысында әннің сипатын жеткізіп орындау жөнінде ескертіп отырады.

5 тапсырма. Нота сауаттылық

Әннің әуенін нотаға салу.

Оқушылар өткен сабақта үйренген «ре» нотасын естеріне түсіреді.

Мұғалім айтқан әннің ноталарын нота сызығына орналастырады.

«ре-ре-ми-фа-ми-ре-ми-фа-ми »

«ми-фа-соль-ми-фа-соль-ля»

«фа-ми-ре»

Визуалды түрде дыбыстың төмен және биіктігін қадағалап отыру арқылы оқушылар таза дыбыспен айтуды үйренеді.

Дифференциация:

Әннің нотасын жасау кезінде музыка мектебіне қатысатын оқушыларға әннің өзге де жолдарын нотаға салу тапсырмасы беріледі.

https://www.youtube.com/watch?v=JTNlLBmDiDI Майра Ильясова орындауында

https://www.youtube.com/watch?v=L4o4IN-FPy8 «Дос Мұқасан» тобының орындауында

https://www.youtube.com/watch?v=6n41kxhkZDs

Дидактикалық материал

А3 форматты қағаз

Фломастер, маркер. Композитор портреттері

Нота сызығы, ноталар

Сабақтың соңы

2 минут

Рефлексия:

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін

«Екі жұлдыз- бір тілек» әдісі бойынша білдіреді.

Оқушылар шағын топтарда отырып, ақылдасып шешмідерін сыныппен бөліседі.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Әннің нотасын жасау кезінде музыка мектебіне қатысатын оқушыларға әннің өзге де жолдарын нотаға салу тапсырмасы беріледі.

Бақылау

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері арқылы

Ән орындау кезінде оқушылардың тыныс алу жолдары дамиды. Оқушылар әннің фазалары біткенге дейін дұрыс дем алуды үйрену арқылы өкпелерін дамытады.

Интерактив тақтасын кажет болмаған кезде өшіріп отыру

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары /оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақытты кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы солжақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу