Мажорлы көңіл-күй. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 1 - сабақ.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
Сабақты тақырыпты ашу үшін «Мен саған, сен маған» атты ойын жүргізуден бастаңыз. Ол үшін оқушыларды екі топқа бөліп, оларға бір -біріне қарама-қарсы тұруды тапсырыңыз. Ойынның мақсаты- оқушылар 1-2 сыныпта және алдыңғы бөлімдерде өткен музыкалық терминдерді қайталау, тек қарама-қайшы сөздерді атау. Мысалы, бір оқушы «форте» десе қарсы тұрған оқушы оның антонимін, яғни «пиано» деп айтуы керек. Солай ойын жалғасады. Кім сөз таба алмаса ол ойыннан шығып отырады.
Музыкалық терминдер: форте-пиано, жылдам-жай, мажор-минор, жоғары-төмен, бірте-бірте қатты-бірте бірте ақырын (крещендо-диминуэндо), стаккато-легато, аллегро-адажио және т.б
Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Мажорлы көңіл күй» деп аталатынын айтып және мақсатымен таныстырып, бұл сабақта музыка тыңдап, ән айтатындарын ескертіңіз.
1-тапсырмада Контрасты (қарама- қайшы) екі әнді тыңдатыңыз. Әнді өзіңіз таңдасаңыз болады немесе ұсынылған әнді алыңыз. Мысалы, Мадина Садуақасованың орындауында халық әні «Балапан қаз» және Мақпал Жүнісованың орындауында халық әні «Еркем-ай» әндері.
Халық әні «Балапан қаз» (минор) https://www.youtube.com/watch?v=BgJYHuD04eg
Халық әні «Еркем-ай» (мажор) https://www.youtube.com/watch?v=VtsrKs7G34I
Оқушылармен сұрақтарды талқылап, алдыңғы білімдерінің негізіне сүйене отырып, музыкалық лад, мажор, минор ұғымдарын қайталаңыз.
«Халық әні» -авторы жоқ, ел аузынан таралған әндерді айтатынын естеріне салыңыз.
2-тапсырмада Қазақтың халық әні «Әри-айдайды» ән үйрету ережесіне сай үйретіңіз. Әнді үйретпес бұрын әннің сөзін таратып беріңіз. Дидактикалық материалдар, 1-қосымша.
Халық әні «Әри-айдайды» караокеге қосылтып айтқызыңыз. https://www.youtube.com/watch?v=bISFi8RHSrg
Әнді орындаған кезде,сөздеріне мән беріп, ырғағын дұрыс сақтай білуді тапсырыңыз және өзіңіз қадағалаңыз.
3-тапсырмада Ля нотасымен таныстырыңыз. Оны тақтаға жазып, дауыспен орындап көрсетіңіз. Оқушыларға нота дәптеріне жазуды, нота дәптері болмаған жағдайда дидактикалық материалдар, 2-қосымшада берілген дайын шаблонды шығарып беріңіз, соған толтыруды тапсырыңыз.
Деңгейлік тапсырма
Нота меңгерген оқушыға сольфеджиомен қысқа әуенді орындап беруді тапсырыңыз.
Аспапты меңгерген оқушыға «Әри айдай» әнін аспапта сүйемелдеп, ля нотасын көрсетуді ұсыныңыз .
4 тапсырмада оқушылар «Әри айдай» әніне музыкалық және шулы музыкалық аспаптармен сүйемелдеп импровизациялап орындайды. Ол үшін оқушыларды 3 топқа бөліңіз, әр топтан 1 дирижер тағайындап алыңыз. Әнді дайындауға 5 минут уақыт беріңіз.
Музыкалық контрасты қолдануды ескертіңіз.
Бұл тапсырманы қалыптастырушы бағалауға тапсырма ретінде орындатуға болады.Топтар өз орындауларын дескриптор бойынша бағалайды.
Дидактикалық материалдар, 3-қосымша.
Қосымша 3
Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:
- Контарсты музыкалық шығарманы тыңдап, сипаттап салыстырады;
- Нота сауатын меңгереді;
- Әнді ансамбльмен көркемдік бейнесін жеткізе орындайды;
- Әнге импровизация жасап, дирижердың көмегімен орындайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?