Мұңды минор. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 2 - сабақ.
Сабақты ұйымдатыруға арналған әдістемелік нұсқаулық
«Мұңды минор» тақырыбын бастамас бұрын алдыңғы сабақтарда өткен музыкалық терминдерді қайталап, «Хан тағы» ойынын ойнатыңыз.
«Хан тағы» ойын шарт.
Бір оқушы хан болып ортаға шығып орындыққа отырады. Хан болған оқушы жасырын сөзді сақтайды. Қалған оқушылар сол сөзді сұрақ қою арқылы тауып алады. Кім сөзді тапса ол хан болады. Осылай оқушылар алмасып отырады және музыкалық терминдерді қайталайды.
Оқушыларға көңілді (мажорлы), көңілсіз(минорлы) балалардың суретін көрсете отырып, сабақтың тақырып және мақсатымен таныстырыңыз.
1-тапсырмада Димаш Құдайбергеннің орындауында қазақтың халық әні «Дайдидауды» тыңдатыңыз. Әнді талдап, сұрақтарды талқылаңыздар.
Халық әні «Дайдидау»
http://poiskm.co/show/димаш-кудайбергенов/дайдидау
Әннің минор тональдігінде жазылғанын айтып кетіңіз. Әннің орындаушысы жайында ақпарат беріңіз. Дидактикалық материалда, 1-қосымша.
https://baribar.kz/17139/dimash-qudaybergenov-turaly-ne-bilemiz/
2-тапсырмада бүтін, жартылық, төрттік, ширек ноталардың ұзақтықтарын қайталатыңыз.
Ноталар ұзақтығы бойынша тапсырмалар орындатыңыз. Бұл тапсырмаларды қалыптастырушы бағалау ретінде алуға болады.
Дидактикалық материалдар, 2-қосымша.
3-тапсырмада Халық әні «Бір баланы» караокеге қосылтып айтқызыңыз. https://www.youtube.com/watch?v=BdWX0Oh33P4
Әнді орындаған кезде,сөздеріне мән беріп, ырғағын дұрыс сақтай білуді тапсырыңыз және өзіңіз қадағалаңыз.
4 тапсырмада оқушылар «Бір бала» әніне ұрмалы, шулы, музыкалық аспаптарды қоса отырып, ырғақтық сүйемелдеу жасату үшін алдын-ала музыкалық аспаптарды дайындап алыңыз. Мысалы, ұшбұрыш, сылдырмақ, дауылпаз, сазсырнай, домбыра және т.б.
Дидактикалық материалдар, 3-қосымша.
Осы бөлім тақырыптарын толық меңгергенде оқушылар:
- Тыңдаған музыкалық шығарманы талдап, сипаттайды;
- Орындаушы туралы мәліметтер оқиды;
- Нота сауатын тапсырмалар орындау арқылы дамытады;
- «Бір бала» әнін үйренеді және орындайды.
- Әнге музыкалық сүйемелдеу жасайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?