Айтыс- сөз сайысы. Музыка, 3 сынып, дидактикалық материал. 4 - сабақ.
1-қосымша
Мақал мәтелдер
Ел боламын десең бесігіңді түзе.
Бала тілі бал.
Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен.
Бірлік болмай,тірлік болмайды.
Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей.
Не ексең соны орасың.
Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі,
жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі
Жаяуға жол алыс.
Аш бала, тоқ баламен ойнамайды.
Тоқ бала, аш болам деп ойламайды.
Аспаннан киіз жаусада
Сорлы ұлтараққа жарымайды.
Ұста пышаққа жарымас,
Етікші етікке жарымас.
Жоқшылық ердің қолын байлар.
Біреу тойып секіреді,
Біреу тоңып секіреді.
Батыр туса ел ырысы
Жаңбыр жауса жер ырысы
Есекке алтын ноқта тақсаңда есек болады.
Балықшы балықшыны алыстан таниды.
Өтірік өрге баспайды.
Қанағат қарын тойдырады.
Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаңда қарызыңды өтей алмайсың.
Балалы үйде өтірік жатпайды.
Өзге елде сұлтан болғанша,өз еліңде ұлтан бол
Айтылған сөз атылған оқпен тең.
Ақылы көпті дау алмайды, досы көпті жау алмайды.
Жігітке жеті өнерде аз болады.
Алыстағы туыстан жақындағы көршің артық.
Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
Жылтырағанның бәрі алтын емес.
Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады.
Астың дәмін тұз келтірер, ауылдың сәнін қыз келтірер
Қыз өссе елдің көркі, гүл өссе жердің көркі.
Үндемеген үйдей пәледен құтылады.
2-қосымша
Айтыс өнері
Айтыс — ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Айтыс - әдебиет жанры болғанымен, ертеден қалыптасқан халықтық дәстүрдің үлкен түрі. Ойын, той, ас, қыз ұзату, келін түсіру сияқты қазақ тойлары жүйрік ат, білекті палуандармен бірге айтыс ақындары да қатысып, олар айтыс арқылы той қызығы мен мәртебесін көтере түскен. Әрине мұндай жерде айтыстардың өз мақсаты, талабы, шарты бар. Көшпелі елдің қызық-қуанышын бөлісіп келген айтыс халқымыздың сан алуан ойын-той, әр түрлі дәстүрлі думандарда қуана қызықтайтын театры іспеттес болған. Жұрт көпшілік алдында сөз сайысына түскен екі ақынның жеңіске жету жолындағы тапқырлықтары мен алғырлықтарына куә болып, солардың біреуінің намысын жыртып, тілеуін тілейтін жанкүйеріне айналады. Айтыстың түрлері Айтыстың ескі түрі деп есептелетін бәдік айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, басқа айтыстардың ішінде қайсысы ерте, қайсысы кеш туды, оны айту қиын. Дегенмен, кейбір айтыстардың мазмұнына, лексикасына, сөйлем құрылыстарына қарап, қай заманда пайда болғанын топшылауға болады. Мысалы, жануарлар айтысына, өлі мен тірінің айтысына қарағаңда, жұмбақ айтысының анағұрлым кеш туғандығы анық. Салт айтысының ескі түрі қыз бен жігіт айтысында негізгі тақырып – жастық көңіл күйі мен өнер сынасу болса, ақындар айтысында өнер салыстыру, сөз сынасудың үстіне әр ақын өз руын дәріптей жырлаушылық келіп қосылғанын көреміз. Айтыстың ерекшелігі Ақындар айтысында жаттама (трафарет) өлеңдер аз болады. Олар өлеңді табан астында шығарады, тосыннан айтысады. Айтыс үстінде талай күтпеген жайлар кездеседі. Айтысар тақырыбы белгісіз, тосын сұрауларға тап болады. Екі ақын да бірін-бірі тығырыққа қамау үшін, бірін-бірі сүріндіру үшін, өмір құбылыстарын жұмбақ етіп те тартады. Соның бәріне ақындар жөпелдемеде жауап беруге, дәлел айтуға әзір болуы керек. Мұның бәрі ақындардан сөзге жүйріктікті, білгірлікті, тапқырлықты, ұсталықты қажетсінумен қатар, ел-елдің шежіресін, тарихын, жер жайын, этнографиялық ерекшеліктерін білуді керек етеді. Олай болмаған күнде құр ділмарлықпен ештеңе өндіре алмайды, сайыста дәрменсіз болып қала береді. Жаттанды сөз өрнегін қолдану ақынға абырой әпермейді. Қазақ қоғамында ақынның ақын болып танылуы да тек айтыс арқылы жүзеге асқан. Айтыс – ақынның талантын шыңдайтын үлкен өнер жарысы. Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. Кешегі Шынболаттай шындықты шыңғыртып айтып жүрген айтыскер ақындар бүгінгі таңда да аз емес.
Толығырақ: https://massaget.kz/layfstayl/debiet/kkzhiek/21999/
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?