Терме - нақыл сөз. Музыка, 3 сынып, қосымша материал. 3 - сабақ.
«Жақсыдан үйрен жаманнан жирен» бөлімінің 2 сабағына әдістемелік нұсқаулық
Сабақ жанр сөзін талқылаудан басталады. Мұғалім оқушылармен бірге жанр сөзін қайталайды. Қандай жанрларды білетінін, қай жанрларды ұнататынын сұрайды.
Ең қарапайым және кең тараған жанрлар- ән, би және марш деп бөлінетінін оқушылар алдыңғы сыныптардан біледі.
Жанр тақырыбын қайталай келе мұғалім оқушыларға сабақта жаңа халықтық жанрдың түрімен танысатыны жайлы айтады: Бүгін сабақта «терме» жанрымен танысамыз;
-Термені тыңдаймыз және талдаймыз;
- «Жақсы және жаман» тақырыбына өз термесін шығарып, соқпалы музыкалық аспаптармен сүймелдеп , терме орындаймыз
1 тапсырмада оқушылар дәстүрлі орындаудағы термені тыңдайды. Тыңдалған термені талдау үшін мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды. Терме тақырыбын түсіндіру кезінде адами құндылықтар тақырыбы да қозғалады. Оқушыларға не жаман, не жақсы екені неліктен терме тақырыбында айтылатыны жөнінде сұрақтар қояға болады.
Тыңдалып болған соң оқушыларға мұғаім теорияны түсіндірді.
Теория: Терме — қазақ поэзиясының сонымен қатар вокалды музыка жанры. Бұл музыкалық-поэзиялық түрдегі өсиет. Терме – ән мен өлеңнін түрі, «теру , тер» сөздері «толтыру, жинау, жиын» мағыналарын береді. Термеде өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, жақсылық пен жамандық мәселелері жайлы баяндалады.Терменің қызықтылығы оның маңызды сұрақтарды қозғайтындығында.Асан Қайғы, Қазтуған, Бұқар жырау, Махамбет шығармаларында терме мысалдары жиі кездеседі. Эмоционалды әсерін көтеру үшін термеде музыкалық дыбыстардың ритмикалық түрлері мен қайталаулар жиі кездеседі.
Екінші мезетте Е Құдайбергеновтың орындауында Махамбет Өтемісұлы «Мен мен едім» термесін заманауи оңдауда тыңдалады. Оқушыларға берілген термеде речитатив орындау стилі қолданғаны жөнінде түсіндіріледі.
Тыңдалған шығарманы талдауға арналған сұрақтар :
- Бұл терменің бірінші термеден айырмашылығы неде?
- Бұл орындаудың ритм, динамика мен мәнері қандай?
- Термеші деген кім? Анықтамасын беріңдер
Речитатив – музыкалық- вокалды шығармадағы әуенді сөйлеу.
2 тапсырманы өткізу үшін мұғалім оқушыларды кез-келген әдіс бойынша топтарға бөле алады. Бұл тасырмада оқушылар өздері терме шығарады, импровизация жасайды.
Шығармашылық жұмыста оқушыларға көпіршелер ретінде жұмыстың
«Жақсы және жаман» тақырыбына әннің сөзін терме жанрында жазыңдар.
Тапсырманы орындау кезеңдері
- Терменің тақырыбын анықтаңдар.
- Негізгі сөздерді жазып алыңдар
- Негізгі сөздерге ұйқасын (рифма) табыңдар
- Әр негізгі сөзге сөйлем құрастырыңдар.
- Ритмді соқпалы музыкалық аспаптармен сүймелдей отыра өз орындауларыңды дайындаңдар.
Термені ойлап шығару 3 сынып оқушылары үшін күрделі тапсырма болғандықтан, мұғалім тапсырманы орындау нқсқаулығына сай барлық топтардың жұмысын тексеріп, қажет уақытта көмек көрсетіп отырады.
Терме тақырыбын қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімінің көмегіне жүгініп те өткізуге болады. Қазақ тілі мұғалімі оқушыларға ұйқас сөздер табуға жіне өлең шығаруға көмек көрсете алады.
3 тапсырмада оқушылар өздері шығарған термені сыныпқа орындап көрсетеді. Орындау барысында мұғалім топтарға речитатви стилін қолдануды ұсынады. Оқушылар қазақтың ұрмалы және шулы аспаптарымен өз термелерін сүйемелдей отырып орындайды.
Егер кейбір топтар терме шығаруға қиналып жатса мұғалім альтернатива ретінде бұл топтарға Махамбеттің термесінің сөздерін таратып беруіне болады. Оқушылар бұл сөздерді речитаттив стиліне салып импровизация жасай отырып орындауға дайындалады.
Дидактикалық материалдарда терме сөздері берілген.
Өзара бағалауды өткізу үшін мұғалім сұрақтар қояды:
- Не жақсы шықты?
- Қандай қызықты тақырыптар қолданылды?
- Қай жерлерін толықтыру қажет?
Рефлексия барысында мұғалім оқушыларың сабақ бйы жасаған іс-әрекеттерін мадақтайды. Және оқушылардың өз ойларын сұрақтар қоя арқылы біле алады.
- Мен бүгін не білдім?
- Сабақта не қызықты болды?
Қай тапсырма мен үшін қиын болды?
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?