Саяхат басталады! Музыка, 2 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5С-бөлім: Саяхат | Мектеп: Талдықорған қ. Физика математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Карипжанов М.С. | ||||||
Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Саяхат басталады! | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.5.1 материалдар және оларды үйлестіру тәсілдерін анықтай отырып, формалар мен бұйымдардың жасалу жолын және олардың қалай жұмыс істейтінін түсіну 2.1.6.1 өзіндік және жинақталған тәжірибелер негізінде қабылданған шешімдерді қолдау үшін ақпаратты жинақтай отырып, шығармашылық идеяларын шығару және дамыту | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы көліктің не екенін біледі, ажырата алады бейнелеп үйренеді | ||||||
Бағалау критерийлері | -оқушы көліктің не екенін біледі, ажырата алады -оқушы өзінің қалауы бойынша көліктеррді салып ісемдей алады.. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Талқылауға арналған сұрақтар:
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыныптастардың бірбіріне деген , бірбірінің ойына деген, пікіріне деген сыйласымдықты диалогтік оқыту арқылы арттыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетанумен байланысты | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Бұл сабақта оқушылар АҚТ дағдыларын дамытпайды себебі, АҚТ технологияларын қолданбайды | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар түрлі-түсті қарындашпен жұмыс жасау дағдылары бар, көліктерді ажырата алады. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру бөлімі
ә) оқушыларды түгендеу. Оқушылармен бірге «ТАЧКИ» атты мультфильмін қарап сабақ тақырыбын, мақсатын және критерилерді анықтап алу. Сабақ соңында оқушылар; машиналарды ажырата алады, олардың функцияларын айтады, суретін салады. | https://www.youtube.com/watch?v=bhW8uMo_nYc «ТАЧКИ» мультфильмі | |||||
Сабақтың ортасы
| Сабаққа қажетті құралдар:
Тақырыпты, мақсатты, критерилерді анықтап алғаннан кейін оқушыларға олардың осы тақырып барысында қозғалатын көлік құралдарын жобалап және жасайтынын түсіндіру. Ол көлік құралын елестету немесе нақты техникаға еліктеп жасауы мүмкін. Оқушыларға көліктердің суреттері бейнеленген карточкалар таратылады, мысалы;
Өзіңіз таңдаған көлік құралын атаңыз. Ол не үшін қолданылады? Оның формасы қандай? Оның ерекшеліктері бар ма? Ол қандай дыбыс шығарады? Ол қалай жұмыс істейді? Онда қанша дөңгелектер бар? Оны кім пайдаланады? (Ж,Т,қ) Оқушылар суреттерге/көлік құралдарына қарапайым сипаттамалар береді. (Ұ,қ) Барлық көлік құралдарының дөңгелектері бар ма? Олардың барлығында саны бірдей ме? Олардың дөңгелектерініңүлкендігі бірдей ме? Барлығы үнемі тек бір орында ма? Көлік құралдары неліктен әртүрлі формалы болып келеді? Олардың қайсысы қозғалатын /көтерілетін/шу шығаратын бөліктерге ие? Ол неліктен? Әсемделген көліктер видиосы http://www.youtube.com/watch?v=rCthb1OdrMc (Ж) Оқушылар таңдауы бойынша альбомдарына кез-келген көлік құралының суретін салып, дөңгелек, фарасын, көлік құралының түрі тәрізді бөлшектерін белгілейді. Олар көліктің сыртқы түрі туралы толық ақпарат қоса алады.
(Ұ) Оқушылар өздерінің көлік құралдары және өздері болған саяхаттар туралы тарихтарымен бөліседі. | Қазақстанды қоса, әлемнің әртүрлі бөлігіндегі бейнелер, әңгімелер және/немесе поез және басқа дөңгелекті көлікпен жүріп түсірілген материал. Үндістанның карнавалдық паромдары | |||||
Сабақтың соңы | Рефлексия. Сабақ соңында оқушылар: Өз жұмыстары мен бір-бірінің жұмыстарын өздері құрастырған критерилер бойынша бағалайды. Оқушыларға келесі сұрақтарды қоюға болады
| ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың барысында қабілеті жоғары оқушыға тапсырманы күрделетемін , мысалы; қосымша детальдар қосуын сұраймын | Өзін-өзі бағалау, бір-бірін бағалау жүреді. | Денсаулық сақтау технологиялары. Интерактивті тақтаны 10-мин артық қолданбау Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет. Бұл сабақта практикалық жұмыс жасау барысында оқушылар орындарынан тұрып жүреді Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелері |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?