Жайлау әуендері. Музыка, 2 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Саяхат

Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А.Б.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

ЖАЙЛАУ ӘУЕНДЕРІ

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1 түрлі мәдениет пен жанрдағы қарапайым музыкалық материалдарды, ырғақ пен екпінін сақтай отырып жатқа ойнап ән айту

2.1.2.1 ұжымдық музыкалық орындауға әрбір орындаушының жеке үлесін ескере отырып, басқа қатысушылардың орындауының маңыздылығын түсінуді көрсету

2.4.1.1 өз жұмысын жақсарту мақсатында пікір айту және ұсыныстар енгізу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • домбырауда орындаудың шертпе стилімен танысады;
  • табиғат суреттемесін музыка арқылы қомпозитордың қалай жеткізгенін түсінеді;
  • жайлау музыкасын музыкалық шулы аспаптар арқылы шығарады.

 Бағалау

 критерийлері

  • ұжымдық орындау барысында өзінің және басқа қатысушылардың маңыздылығын түсінеді және көрсетеді.
  • шығармашылық жұмысын таныстырып, пікір білдіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар :

  • әуенді тыңдау кезінде суреттерді ойша елестетеді;
  • суреттерді ойша салу үшін өздерінің қиялдарын қолданады;
  • ұзақ және қысқа дыбыстарды ажырата біледі.

Пән лексикасы мен терминологиясы

  • шертпе күй
  • Тәттімбет
  • Орындау стилі
  • Жайлау

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

  • Музыка қалай естіледі?

Сен музыканы тыңдағанда қандай суреттерді ойша елестетесің?

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтастық- ұжымда жұмыс жасау

Құрмет- өзге топтардың және жұптардың жұмысына құрметпен қарау

Еңбек және шығармашылық- әр тапсырманы қызығушылықпен орындау, топтық жұмысқа қатысу

 Пәнаралық

 байланыстар

Өнер

 АКТ қолдану

 дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды

Бастапқы білім

Оқушылар музыкалық және шулы дыбыстарды жаңғырта және ажырата алады.

Өткен сабақта аспаптар арқылы қала және ауыл дыбыстарын дыбыстап, қала мен ауылға байланысты шағын композицияны ноталар арқылы шығарып орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Музыкалық сәлемдесу.

Балалар сыныпқа кірген уақытта домбыра дыбысы ойналып тұрады.

Балаларға презентацияда жайлау суреті көрсетіледі.

Оқушылармен әңгімелесу

  • Балалар бұл суретте не бейнеленген?
  • Егер сен жайлауға барсаң қандай дыбыстарды естисің?

Музыка тыңдау және талдау

Тәттімбет «Сарыжайлау»

  • Күйдің музыкасында қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?
  • Күйдің сипаты қандай?
  • Күйдің екпіні мен ырғағы қандай?

Оқушылар үш топқа бөлінеді.

Күйді екінші рет тыңдаған уақытта оқушыларға жайлауды бейнелеу тапсырмасы беріледі

Күйді домбырашының орындауында бейнематериал көрсету.

Орындаушы мен композитор жайлы айтып өту

Тәттімбет- (1815 ж., қазіргі Қарағанды облысы Қарқаралы ауданында туып, 1862 ж. қайтыс боған) – күйші-композитор, домбырашы, шертпе күй орындаушылық мектебінің негізін қалаушылардың бірі, халық күй өнерінің классигі.

Композитор “Сары жайлау” күйін Майдасары жайлауына қоныстанған кезінде, күз мезгілінде шығарған. Мұнда табиғаттың әсем суреті, жаз-сайрандағы рахатты шақтар бейнеленеді. Күйдің ішкі философиясы табиғатты суреттеу арқылы жаз думанын бастан кешкен адам өмірінің қайта оралмас бұралаң жолдарын табиғат мезгілімен салыстыруды мегзейді. Күй табиғаты сыршыл, қиялшыл, мөлдір лиризмге толы. Нәзік нюанстар мен әсем ырғақты иірімдер тыңдаушысын бірде желпіндіріп, енді бірде тәтті мұң толқынымен тербетеді.

Біләл Ысқақов- Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық және Республикалық конкурстардың лауреаты, Тәттімбеттің туған немересінен тәлім алған күйші-ғалым. Ол қазіргі кезеңдегі Арқа, Қаратау, Алтай-Тарбағатай, Жетісу өңірі күйлерінің көрнекті орындаушысы, әрі зерделі зерттеушісі саналады. Арқаның ақиығы Мағауия мен Қаратаудың дүлділі Төлегеннен, Жетісудің майталманы Нұрғисалардың қолынан күй үйреніп, осы өңір күйлерінің дәстүрлі негіздерін алып келе жатқан шебер күйші әр күйдің шығу тарихына, әсіресе өзі зерттеп келе жатқан Тәттімбеттің күйлері.

Тәттімбеттің күйлерін композитордың туған немересінен үйренген.

Шертпе стиль- домбырада көне орындаушылық стиль. Қазақстанның барлық жерлерінде тараған. /БҚО басқа/

Зерттеушілік әрекет.

Шертпе стилінің орындау әдістерін түсіндіру.

Оқушылар домбыра аспабында шертпе стилін өздері ойнап көреді.

Музыка шығару

  • Жайлау туралы қандай музыка шығарар едің?
  • Ол үшін нені қолдануға болады?

Оқушыларды екі топқа бөлу

1 топ- жайлау дыбысарын аспап арқылы шығарады

2 топ- жайлау жайыл сөздерді до-ми соль ноталарымен орындап, шағын композиция шығарады.

/қажет болса оқушыларға жасыл шөп, байтақ дала, сылдыр су, жайлау, жайылым сөздері ұсынылады/

Презентация

Әр топ өз жұмысын таныстырып жұмыстарына байланысты пікірлерін білдіреді

Орындаушылық.

«Қошақаным қайда екен» әнін қайталау.

Рефлексия

«Ең қызықты сәт»

Оқушылар сабақта болған өздеріне ұнаған ең қызықты сәтпен бөліседі

https://www.youtube.com/watch?v=MANxj0LHZyI&list=PLK2PKoMT30MSgFDegmMaUrke2osjYMFI1

презентация

Ырғақтық флеш карталар

https://www.youtube.com/watch?v=_Q5D-unFreI

А3 форматты қағаздар, қарындаштар

https://www.youtube.com/watch?v=ro-rr_Sxu_k

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

бағалау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады

Әр топқа жеке барып бағыттайды, қажет аспаптар мен ноталарды көрсетеді.

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері мен дексриптор бойынша бағалау

Оқушылармен әңгіме барысында әр баланы бақылау

Топтық жұмыс кезінде бақылау

Қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу