Ырғақты зерттеу. Музыка, 2 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Қоршаған әлем

Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А.Б.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Ырғақты зерттеу.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.4.2.1 дыбыстар мен символдардың арасында байланыс бар екенін түсіну

2.1.2.1 ұжымдық музыкалық орындауға әрбір орындаушының жеке үлесін ескере отырып, басқа қатысушылардың орындауының маңыздылығын түсінуді көрсету

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • ырғақтық қозғалыстарды қолдана отырып, музыканы орындайды;
  • дыбыс және символдардың арасындағы байланысты таба алады.

 Бағалау

 критерийлері

  • Ұсынылған тақырып пен суреттерді зерттеу арқылы композиция шығарады
  • Музыканың көңіл-күйін шығармашылықпен ұсыну үшін өз дауысы мен музыкалық аспаптарды пайдаланады

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар :

  • әуенді тыңдау кезінде суреттерді ойша елестетеді;
  • суреттерді ойша салу үшін өздерінің қиялдарын қолданады;
  • ұзақ және қысқа дыбыстарды ажырата біледі.

Пән лексикасы мен терминологиясы

  • ұзағырақ, қысқарақ,
  • ұзақ дыбыстар, қысқа дыбыстар
  • крещендо, диминуэндо.

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

  • Музыка қалай естіледі?

Сен музыканы тыңдағанда қандай суреттерді ойша елестетесің?

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтастық- ұжымда жұмыс жасау

Құрмет- өзге топтардың және жұптардың жұмысына құрметпен қарау

Еңбек және шығармашылық- әр тапсырманы қызығушылықпен орындау, топтық жұмысқа қатысу

 Пәнаралық

 байланыстар

Өнер

 АКТ қолдану

 дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды

Бастапқы білім

Оқушылар ксилофон мен металлофонда ойнау және ми, соль ноталарын қол белгілерін қолдану дағдыларын пайдалана біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Оқушыларды ұйымдастыру

Мұғалім сөзі:

  • Сәлеметсіңдер ме, балалар! Айтыңдаршы, сендер ән айтқанды ұнатасыңдар ма?
  • Жақсы, ал ән неден тұрады?

Оқушылар жауабы (сөзі, әуені дыбысы, ырғағы)

  • Дұрыс айтасыңдар ән әуеннен, сөзден және ырғақтан тұрады. Бүгінгі сабағымыз ырғаққа арналады.
  • Ал ырғақты қандай аспаптарда соғуға болады?

Оқушылар жауабы (барабан, бубен, маракас, үшбұрыш)

  • Жақсы қазір сендер мына дөңгелек қорапшаның ішінен бір-бір қағаздан аласыңдар. Сонан кейін топтарға бөлінеміз

(оқушылар 2 топқа бөлінеді)

1 тапсырма:

  • Жақсы орындарыңа жайғасып болсаңдар келесі тапсырмаға көшейік. Қазір мен әр топқа екі флэш- картадан беремін. Сендер қабырғада ілінген флэш карталардан осы ырғақпен бірдей флэш- картаны тауып алуларың керек. Тапсырма түсінікті ма?

Олай болса бастаймыз.

(оқушылар сынып қабырғаларында ілініп тұрған флэш карталардың ішінен қажетті ырғақты тауып алады.)

Сонан кейін флэш карталарды екі топқа алмастыру. Әр топта 4 түрлі ырғақты флэш- карталар болады.

2 тапсырма: флэш карталарды топтарыңда ақылдасып белгілі бір ретпен орналастырыңдар, сонан кейін ырғақты өздерің қалаған қимыл арқылы соғуларың керек. (мысалы, топылдату, партаны соғу, шапалақтау, секіру немесе т.б)

Дайындалуға 3 минут уақыт беріледі.

Топ қатысушылары кезекпен орындарына тұрып өздері құрастырған ырғақтарды сыныптастарына ойнайды.

3 тапсырма:

  • Ал енді балалар, біз осы ырғақты сөздермен айтамыз. Ол үшін менің қасыма әр топтан бір оқушы келіп қолымдағы карточканы алады. Ол карточкада бір тақырып берілген осы сөзді естігенде ең алғаш ойларыңа келген сөздерді парталарыңның үстінде жатқан қағазға жазасыңдар. Сонан кейін ырғаққа салып айтып берулерің керек. Бұл жұмысқа сендерге 4 минут уақыт беріледі.

(оқушылар топтарда дайындалады 1 топ- қыс

2 топ- күз, өзара ырғақтарды бөліседі)

Оқушылар алынған сөздерге ассоциация сөздер құрастырып, ырғақпен орындайды..

  • Бұл тапсырмадан кідірмей өттіңдер енді келесі тапсырма өзгешелеу болады. Сендер қазір жұппен жұмыс істейсіңдер. Алдында алған қағаздарың әр түрлі түсті болса, келесі жағында пішіндер бар сол пішін бойынша жұпға бөлінеміз. Мысалы дөңгелектер бір жұп, үшбұрыштар, шаршылар, бесбұрыш, және сызықша.

Оқушылар жұпқа бөлініп басқа парталарға отырады.

  • Мына үстелдің үстінде әр түрлі кітаптар бар. Кітап бізге не үшін керек? (бірнеше оқушының жауабы)
  • Өте дұрыс ал бүгін біз кітаптарды басқа мақсатта қолданамыз.
  • Кітаптар да әр түрлі дыбыстар шығарады. Сендер қазір соны зерттейсіңдер. Мына үстелдің үстіндегі кітаптардан әр қайсысың екі дана таңдап алып орындарыңа отырыңдар.

Оқушылар екі кітап алып орындарына отырады.

Енді осы кітаптардан қалай дыбыс шығаруға болады және қайсысы ақырын қайсысы қатты болады. Соны зерттеңдер. Дыбыс шығару үшін бізге тағы да не қажет?

Таяқшалардың орнына не алуға болады?

Активити «Барабаншы»

Жақсы балалар енді өздерің жұптасып жұмыс істеп белгілі ырғақ ойлап шығаруларыңа болады. Ол үшін дайындалу керек. Дайындыққа үш минут уақыт береміз, уақыт басталды.

Оқушылар дайындалып, әр жұп құрастырған ырғақтарын ойнап береді.

Ырғақты өте жақсы соға білдіңдер, қазір біз үйрене бастаған «Қарлығаш» әнін айтамыз. Сендер әнші және музыкант боласыңдар, себебі ауыздарың ән, айтса қолдарың әннің ырғағын соғады.

(Оқушылар әр түрлі әдіспен ырғақты соғып ән айтады.)

Рефлексия:

Активити «Кішкентай рэпер»

  • Рахмет балалар, енді барлығыңда ортаға шеңбер бойымен тұруға шақырамын.
  • Шеңбер бойымен тұрып рэп стилінде өз аттарыңды айтасыңдар. Ал қалған балалр тізелерін алақандарымен соғып ырғақ беріп тұрады

Оқушылар ырғақты соғып тұрып бір- бірден өз есімдерін атайды.

  • Балалар, бүгінгі сабақта не істедіңдер?

Оқушылар рэп стилінде жауап береді

Рахмет балалар рэп стилінде өте тамаша сөйледіңдер. Енді өзіміз үйренген қарлығаш әнінің бірінші жолының ырғағын соғайық.

Балалар, мына қабырғада ілініп тұрған әр түрлі флэш карталарда дәл сосы ырғаққа сәкес флэш карта бар ма?

Қараңдаршы

(балалар қабырғадан қарап сәйкес екі флэш- карта табады)

  • Өте жақсы енді әрқайсың өздеріңе ұнаған ырғақтардан тұратын бір флэш- карта аласыңдар, сосын мен үйде не істеу керек екенін айтамын.

(оқушылар қабырғалардан бір флэш-карталардан алып, орындарына отырады)

  • Осы ырғаққа сәкес қазіргі жыл мезгіліне байланысты бірнеше сөзді орындап келеміз, әннің сөзін жаттаймыз.

Балалар, осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!

Музыкалық ұрмалы шулы аспаптар

Флэш карталар

Үстелдің үстінде әр түрлі 20 кітап және 40 дана қалам, қарындаштар, фломастерлер жатады.

Әр оқушы бір флэш- картадан алады

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Оркестр

И. Штраустың «Полька» әуенін тыңдай отырып, шулы музыкалық спаптарда ойнау.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады

Әр топқа жеке барып бағыттайды, қажет ырғақтар мен ноталарды көрсетеді.

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері мен дексриптор бойынша бағалау

Оқушылармен әңгіме барысында әр баланы бақылау

Топтық, жұптық жұмыс кезінде бақылау

Қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу