«Менің әуендерім». Музыка, 2 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

«Менің мектебім»

Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А.Б.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Менің әуендерім»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.2.1.1 композицияларды шығару үшін ұсынылған немесе таңдалған суреттерді зерттеу және қолдану

2.2.1.2 музыканың көңіл күйін шығармашылық түрде ұсыну үшін музыкалық аспаптарды және өз дауысын пайдалану

2.4.2.1 дыбыстар мен символдардың арасында байланыс бар екенін түсіну

2.1.1.1 түрлі мәдениет пен жанрдағы қарапайым музыкалық материалдарды, ырғақ пен екпінін сақтай отырып жатқа ойнап ән айту

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • до-ми-соль ноталарына негізделе отырып қарапайым әуен шығарып орындайды;
  • ұйқас сөздерді қолдана отырып, мектеп жайлы шағын тақпақ шығарады;
  • әуенді қол белгілерін көрсете отырып орындайды.

 Бағалау

 критерийлері

  • ұсынылған сөздерді композиция шығару үшін қолданады;
  • музыкалық аспаптар мен өз дауысын пйдалана отырып шағын әуен шығарады;
  • композиция шығару барысында дыбыстар мен символдар арасында байланыс бар екенін түсінеді;
  • қарапайым музыкалық материалды ырғақ пен екпінін сақтай отырып орындайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

  • дыбыстардың қалай шығарылатынын,
  • дыбыстардың қалай өзгеретіндігін,

дыбыстарды салыстыруды білуі тиіс.

Пән лексикасы мен терминологиясы

қатты (форте) ақырын пиано

соль, ми, до

көгілдір- голубой

сары- желтый

қызыл- красный

  • Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері
  • Дыбыс қалай шығады?
  • Ол қалай өзгерді? Ол немен ерекшеленеді?

- бұл әуендердің ұқсастығы мен айырмашылығы неде?

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтастық- ұжымда жұмыс жасау

Құрмет- өзге топтардың және жұптардың жұмысына құрметпен қарау

Еңбек және шығармашылық- әр тапсырманы қызығушылықпен орындау, топтық жұмысқа қатысу

 Пәнаралық

 байланыстар

Өнер

 АКТ қолдану

 дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды

Бастапқы білім

Оқушылар ксилофон мен металлофонда ойнау және ми, соль ноталарын қол белгілерін қолдану дағдыларын пайдалана біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Музыкалық сәлемдесу

-қайырлы күн!

Добрый день!

Good day! /сәлемдесуді соль-ми-до ноталарымен орындау/

Жеке жұмыс

Оқушылар кезекпен металлофон аспабында ойнай отырып, до-ми-соль (аккорд (С-dur) – ноталарын әр түрлі реттілігімен орындайды. Әр оқушы ноталарды өзінің және достарының есімдерін қосып айтып береді.

  • Мұғалім оқушыларға «Ұйқас» ойынын ойнауды ұсынады.

Оқушыларға кез-келген сөздер айтылады, олар болса кезекпен және жылдамдықпен ұйқас сөз табу керек мысалы келдім-көрдім, тез-кез, үйрек- шүберек. /Бұл жаттығу оқушылардың ойларын дамытып, әуенге сай сөздер ойластырып қарапайым ән шығарған кезде қажет болады/

Оқушыларды 3 топқа бөлу

Әр топ до-ми соль ноталарына ұйқас сөздерді қолдана отырып қарапайым ән шығарады

Мысалы:

Мен мектепке келдім

Досыма кәмпит бердім

Досым маған қарады.

Алам ба деп ойлады?

Үн жоғарлығы атауларын өзіндік сөздермен ауыстыруын ұсыныңыз. Олар мектеп, оқу күні, достар туралы болу мүмкін.

Сергіту:

Тақтаға ирек сызықтар салыңыз. Оқушылардан сызықтар бойымен түрлі вокалдық дыбыстардың (муу, ми, ах және т. б.) көмегімен партитураны орындап беруін сұраңыз.

Олар дауыстың жоғарлауы мен төмендеуіне қарай бірден отыру немесе созылу керек.

Ән айту:

«Балалалық шақ әлемі»

муз. Мереке Күзембаев,

сөзі. Гүлайым Жотаева

1.Құшағында нұр Отанның еркелеп,

Бақыттымыз, біз балалар не керек.

Алдымыздан қол бұлғайды армандар,

Болашақты болжаймыз біз келешек.

Қайырмасы:

Балалық шақ әлемі,

Қандай ғажап әдемі.

Ашық аспан астында,

Күнде нұрын төгеді.

2.Армандардан қиялдардан жаралған,

Шаттық әні шартарапқа таралған.

Біз ұланбыз батыл өскен сеніммен

Әлі асамыз биік, биік шыңдардан.

Оқушыларға әннің сөзін тарату, әуенін үйрету

Оқушыларға сабақтағы жұмыстарын «күмән парақшасы» арқылы бағалауға тапсырма беріп сұрақ қойылады:

Әр оқушыға 2 дана «қосу мен сұрақ» парақшасын таратыңыз.

Сабақты түсінген оқушыларға «қосу» үлестірмелі парақшасын көтеруді, яғни «Маған бәрі түсінікті», ал сабаққа қатысты сұрақ туындаса «сұрақ» бейнеленген «Менің сұрақтарым бар» парақшасын көтеруді ұсыныңыз.

«Күмән парақшасы»:

+ ?

Оқушылардың пікірлерін тыңдау

Музыкалық қоштасу

Сау болыңдар,

до свиданья,

good bye! – до-ми-соль ноталарында қол белгілерін көрсете отырып қоштасу.

синтезатор

металлофон

Қағаздар мен қалам

Тақтадағы сурет

Әннің сөзі

Минусы, плюсовкасы

Рефлексия парақшалары

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады

Әр топқа жеке барып бағыттайды, қажет ырғақтар мен ноталарды көрсетеді.

Өзара бағалау

Бағалау критерийлері мен дексриптор бойынша бағалау

Оқушылармен әңгіме барысында әр баланы бақылау

Топтық, жұптық жұмыс кезінде бақылау

Қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу