Жылжымалы суретті кітаптар. Музыка, 2 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 А-бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Көкшетау қаласындағы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кенесарина Д.С.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылжымалы суретті кітаптар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.5.1

материалдар және оларды үйлестіру тәсілдерін анықтай отырып, формалар мен бұйымдардың жасалу жолын және олардың қалай жұмыс істейтінін түсіну

2.1.6.1

өзіндік және жинақталған тәжірибелер

негізінде қабылданған шешімдерді қолдау үшін ақпаратты жинақтай отырып, шығармашылық идеяларын шығару және дамыту

 Сабақ мақсаттары

Жылжымалы суреттердің қалай жұмыс істейтінін анықтау және жылжымалы суретерді өздігінен жасап көру.

Бағалау дескрипторлары

 

Жылжымалы суреттердің қалай жасалғанын және қандай материалдардан жасалғанын анықтайды;

Қызықты жылжымалы сурет жасайды;

Бөлшектерін берік біріктіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

  • Бағыт, жоғары, төмен, артқа, алға, оңға, солға;
  • Әрекет, тарту, итеру, қозғалтқыш, ілмек;
  • Білікке кигізу, қосу, қозғалу, айналу;
  • Қатырма қағаз, желім;
  • Нысандар, бет;

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Құрмет көрсету;

Сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу;

Сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау;

Бір-бірлеріне көмек көрсету.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану.

Математика.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Оқушыларға презентация көрсету барысында АКТ-ны олдану.

Бастапқы білім

Ойыншықтың түрлерін зерделеп, қозғалмалы ойыншықтар дайындау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Оқушылармен амандасау.

Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.

Оқушыларды мұқияттылыққа дағдыландыру мақсатында ұйымдастыру кезеңін ойын арқылы өткізу.

Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылар шеңберге тұрады. Мұғалімнің нұсқаулығымен бірнеше дене жаттығуларын орындайды. Дене жаттығулырын орындау кезінде «сынып» сөзі бірге айтылғанда ғана орындау керектігін ескерту.

  • Сынып оң қолыңды жоғары көтер;
  • Сол қолыңды көтер;
  • Оң аяғыңды көтер;
  • Сынып сол аяғыңды көтер;
  • Сынып қолыңды беліңе қой;
  • Оңға иіл;
  • Сынып солға иіл.

Сабақтың ортасы

7 мин

25 мин

Оқушыларға слайдер, ашылатын жақтаулы есік, бүгу механизмі және /немесе жоғары көтеріліп ашылатын терезе сияқты бір немесе бірнеше механизмдері бар, бірнеше кітап пен ашықхаттарды көрсетіп, тақырыппен таныстыру.

1-тапсырма:

Оқушыларды екі топқа бөлу.

Топтарға бөлу үшін, сабақтың алдында партаның астына қызыл және сары түсті стикерлерді жабыстырып қою. Қызыл түсті стикері бар оқушылар бр топқа, сары түсті стикерлері бар оқушылар бр топқа отырады.

Тапсырма:

Екі топқа екі түрлі механизім бар ашық хаттар беру. Оқушылар топтарында әр түрлі механизмдердің қалай жұмыс істейтінін, олардың қалай жасалғанын және қандай материалдарды қолданылып жасалғанын талқылайды . Содан соң топтың ішінен бір оқушы ортаға шығып, қолдарындағы ашық хаттың қалай қозғалысқа келетінін сыныптастарының алдында түсіндіріп таныстырады.

1-топ.

2-топ.

Дескрипторлар:

- суреттер қалай қозғалатынын анықтайды;

- қандай материалдар қолданылғанын атайды;

- өз жауаптрын сыныптастары мен мұғалімге

түсіндіреді.

2-тапсырма:

Шығармашылық жұмыс:

Оқушылар екінші топтағы ашық хаттың үлгісін таңдап, 1-қыркүйек білім күніне арналған парақ жасайды.

Ол үшін оқушылар мұғаліммен бірге көрсетілген келесі кезеңдерді орындайды:

  • Ақ түсті немесе сары түсті А4 пішінді қатырма қағазды алып, ортасынан бүктейді;
  • Қағазды бүктеген жағынан әр түрлі биіктікте 3-4 жолақ қиып, ішкі жағына қарай бүктейді;
  • Ашық хаттың ішкі жағында пайда болаған тіректерге шарлар, гүлдер, білім күніне арналған жазбаларды жабыстырады;
  • Артқы фонға түрлі-түсті қарындаштар мен фломастерлерді қолданып мектептің, аспанның суретін салады.

Шығармашылық жұмысты орындау барысында мұғалім оқушылардың алдында барлық кезеңдерді өзі орындап көрсетіп отырады.

Жұмыс барысында көмек қажет ететін оқушыларға, шапшаң оқушылардың көмектесіп жіберулерін ұсыну қажет.

Жұмыс барысында өткір немесе үшкір заттармен жұмыс жасау кезінде міндетті түрде қауіпсіздік ережесін сақтау керектігін ескеру.

Жұмыс барысында мұғалім әр оқушының жасап жатқан жұмысы мен іс-әрекетн бақылап жүреді.

Дескрипторлар:

- жұмысты кезең-кезеңмен дұрыс орындайды;

- артқы суретті көркем салады;

- жұмысты ұқыпты орындайды;

- қаупсіздк ережесін сақтайды.

Қызыл және сары түсті стикерлер.

Екі түрлі механизм көрсетілген ашық хаттар

Қайшы, желім, қатырма қағаздар, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер және т.б.

Видео жазба:

https://www.youtube.

com/watch?v=

7CkxiCq97zI

Сабақтың соңы

3 мин

2 мин

Рефлексия:

Оқушылар сөйлемдерді жалғастырады.

*Мен .......................................................... білдім.

*Мен үшін ............................ қызықты болды.

*Мен ................................................... қиналдым.

Әр оқушы өзінің жұмыс орынын жинастырады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қосымша тапсырма.

Шапшаң немесе өзінің жұмысын берілген уақыттан бұрын орындаған оқушыларға көмек қажет ететін сыныптастарына көмектесулерін ұсыну.

Оқушылардың жұмысын бақылау арқылы бағалау.

Желім, үшкір және өткір заттармен жұмыс істеу барысында мндетті түрде қауіпсіздік ережесін ескеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу