Жылжымалы суреттер. Музыка, 2 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 А-бөлім: Менің мектебім

Мектеп: Көкшетау қаласындағы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Кенесарина Д.С.

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жылжымалы суреттер

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.3.2.1

жұмысты жасауға әсер ететін факторларды анықтай отырып, әр түрлі өнер, қолөнер, дизайн түрлерінің кейбір сипаттамаларын танып білу және сипаттау

2.2.2.2

жұмыс барысында сурет салуға арналған нақты материалдардың ерекшеліктерін бақылай отыра, олардың қасиеттерін зерттеу

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар жылжымалы суреттермен жұмыс істеуді жалғастырады және жылжымалы суреттің екінші парағын жасайды.

Бағалау дескрипторлары

 

Жылжымалы суреттердің қалай жасалғанын және қандай материалдардан жасалғанын анықтайды;

Қызықты жылжымалы сурет жасайды;

Берілген үлгілерді көркем безендіріп, қолданады;

Бөлшектерін берік біріктіреді.

 Тілдік мақсаттар

 

  • Бағыт, жоғары, төмен, артқа, алға, оңға, солға;
  • Әрекет, тарту, итеру, қозғалтқыш, ілмек;
  • Білікке кигізу, қосу, қозғалу, айналу;
  • Қатырма қағаз, желім;
  • Нысандар, бет;

 Құндылықтарды

 дарыту

 

 

Құрмет көрсету;

Сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу;

Сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау;

Бір-бірлеріне көмек көрсету.

 Пәнаралық

 байланыстар

Дүниетану.

Математика.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Бұл сабақта АКТ дағдылары қолданылмайды

Бастапқы білім

Қозғалмалы кітаптың алғашқы парағын жасадық.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

Оқушылармен амандасау.

Оқушылардың көңілдерін сабаққа аудару.

Оқушылар көңілді шеңберге жиналып сұрақтарға жауап береді.

Өткен сабақта біз қандай іс-әрекет орындадық?

Қандай материалдар қолдандық?

Қандай біріктру әдістерн қолдандық?

Сабақтың ортасы

5 мин

3 мин

25 мин

Оқушылар өткен сабақты естеріне түсірген соң, бүгінгі сабақтың тақырыбы және мақсатымен танысады.

1-тапсырма.

Жұмысты сипаттау. Оқушыларға жұмыстың көлемді үлгісі беріледі.

Оқушылар көрсетілген жұмыстың қалай орындалғанын, қандай материалдар қолданылғанын және ненің бейнеленгенін анықтай отырып сипаттайды.

Дескрипторлар:

  • суретте не көрсетілгенін анықтайды;
  • қандай материалдар қолданылғанын атайды;
  • суретте не бейнеленгенін сипаттайды.

Сонымен қатар дерек көздерінде берілген ссылкадағы видео жазбаны көрсету.

Шығармашылық жұмысты бастамас бұрын дерек көздерінде берілген ссылғадығы видео жазбаны көрсету.

Оқушыларға бүгінгі сабақта оқу үдерісі жүріп жатқан бейненің көлемді ашықхатын жасайтынымызды айту.

Шығармашылық жұмыс:

Шығармашылық жұмысты орындау барысында оқушылар мұғалімді мұқият тыңдап, көрсеткен іс-әрекеттерін қайталап отырады. Бұл жұмысты барлық оқушылар бірдей орындай алу үшін , мұғалім оқушыларға жұмысты орындау кезеңдерін көрсетіп отырады. Жұмыс барысында көмек қажет ететін оқушыларға жанындағы сыныптасының көмектесуін ұсыныңыз немесе қажеттілігіне қарай қолдау көрсетіңіз.

  • А4 пішнді қатты қағазды дәл ортасынан бүктеп дайындап алады.
  • Содан соң келесі А4 пішінді ақ түсті қатырма қағазды астыңғы жағынан 2 см көтере және бүктейді.

(презентациядағы 1- 2-кезең)

  • Дайын болған қағазды ашықхаттың ортасына орналастырып, сыртында қалған бөлігін қиып тастаймыз.

(презентациядағы 3-5-кезең)

  • Қиып алған бөлікке сыныптың көрінісін саламыз (тақта, терезе, сағат, есік, қабырғадағы стендтер және т.б.)

Дайын болған қабырғаны ашықхаттың ортасына дұрыс орналастырып желімдейміз.

(презентациядағы 6-кезең)

  • Қабырғаның бергі жағына тарату материалдарында берілген оқушылардың сурет салып отырған бейнелерін қиып алып бояймы да бергі жағына жабыстырамыз.

(презентациядағы 7-кезең)

Дескрипторлар:

  • кезеңдерді дұрыс орындайды;
  • сыныптың қабырғасын көркем салады;
  • бөлшектерді дұрыс жабыстырады;
  • жұмысты ұқыпты орындайды.

3D көлемінде жасалған ашықхаттың үлгісі

https://www.youtube.com/

watch?v=U1Ev

DKWI948

Қайшы, желім, қатырма қағаздар, түрлі-түсті қарындаштар, фломастерлер және т.б.

Презентация

Сабақтың соңы

2 мин

2 мин

Оқушылар жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін алдын ала таратылған сигналдық карточка арқылы көрсету

Жасыл түс – түсіндім

Сары түс – әлі де мағлұмат керек

Қызыл түс – түсінген жоқпын

Әр оқушы өзінің жұмыс орынын жинастырады.

Жасыл, сары, қызыл түсті карточкалар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қосымша тапсырма.

Оқушыларға бір-біріне көмек көрсету керектігін ескеру.

Оқушылар жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін алдын ала таратылған сигналдық карточка арқылы көрсету

Жасыл түс – түсіндім

Сары түс – әлі де мағлұмат керек

Қызыл түс – түсінген жоқпын

Желім, үшкір және өткір заттармен жұмыс істеу барысында мндетті түрде қауіпсіздік ережесін ескеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу