Көркемөнер туындысындағы жұмысты таба аласындар ма?. Музыка, 2 сынып. Сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3В-бөлім: Менің отбасым және достарым | Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Карипжанов М.С. | ||||||
Сынып: 2 | Қатысқандар саны: 12 Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақ тақырыбы | Көркемөнер туындысындағы жұмысты таба аласындар ма? | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 2.1.2.1 Қазақстан және өзге халықтардың әртүрлі қолөнер, өнер және дизайн туындыларына қарап, өз іс-әрекетіне қатысты шешім қабылдау 2.2.1.1 қоршаған ортадағы визуалды элементтерді таңдау және пайдалану, оларды өз идеялары мен сезімдерін жеткізу және білдіру үшін қалай қолдану керектігін түсіне бастау 2.2.2.1 материалдар, процесстер және құралдарды пайдалану және тәжірибе жасау | ||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушы көркем туындылардағы мамандықтарды ажыратып олар жайлы қарапайым тілмен айтып және реңктерді жарық көлеңкені бейнелеп үйренеді | ||||||
Жетістік критерийлері | -оқушы мамандықтар жайлы қарапайым тілмен айтып бере алады. -оқушы реңктерді, жарық пен көлеңкені бейнелей алады. | ||||||
Тілдік мақсаттар | Талқылауға арналған сұрақтар:
| ||||||
Құндылықтарды дарыту | Сыныптастардың бірбіріне деген , бірбірініңойына деген, пікіріне деген сыйласымдықты диалогтік оқыту арқылы арттыру. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, қазақ тілі пәндерімен байланысты | ||||||
АКТ қолдану дағдылары | Бұл сабақта оқушылар АҚТ дағдыларын дамытпайды себебі, АҚТ технологияларын қолданбайды | ||||||
Бастапқы білім | Оқушылар бояуды қолдануды, қылқаламмен жұмыс жасау дағдылары бар. | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Ұйымдастыру бөлімі
ә) оқушыларды түгендеу. б) өткен сабақты пысықтау Оқушылармен бірігіп сабақ мақсатын, тақырыбын анықтау. Сабақ соңында оқушылар; реңктер мен жарық көлеңкені көрсетіп бейнелейді | ||||||
Сабақтың ортасы
| Балаларға бөлме айналасында галерея ретінде орналасқан мамандықтың әртүрлі түрлерін, мамандықтың бағытын және міндеттерін бейнелейтін бір немесе бірнеше суреттер іліп қоямын. Балалар суреттерге жақындап көрулеріне болдаы. Одан кейін балаларды қасыма шақырып аламында
осы суреттерге қатысты сұрақтар қоя отырып және «Мамандықтар» атты презентациядағы мамандықтарды анықтап, өткен сабақты пысықтаймын Таңдалған нысан қалай аталады? Оны не үшін қолданады? Оны пайдаланатын адамды таба аласын ба? Содан кейін балаларға көздерін жұмуды ұсынамын және қайтадан көздерін ашуларын сұраймын сол кезде олар тақтадан қоянның көлеңкесін көреді, осы сәтте мен ; Осындай ойын ойнап көрдіңдерме? Қай жерде? Кіммен ойнадыңдар? Сендер қай жерден көлеңкені байқай аласыңдар? Күннің қай уақытында сендер көлеңкені көрдіңдер? Ал қорыта келе көлеңке пайда болу үшін не керек? Осылайша сабақтың мақсатын анықтаймыз. Балалар орындарына отырады Енді қайтадан презентацияға ораламызда көркемөнер туындыларындағы жарық пен көлеңкені анықтаймыз, сол кезде қойылатын сұрақтар; Жарық қай жағынан түсіп тұр? Оны қалай білдіңдер? Ал заттың жарық жағындағы түстер қандай болады? Онда көлеңке жағындағы түстер қандай болады? Тамаша балалар. Енді біз сендермен практикалық жұмысқа кірісейік, бірақ оның алдында практикалық жұмысымыздың талаптарын (критерилерін) анықтап алайық, -ұқыптылық -ұқсату -дұрыс бояу, тамаша. Жұмысымызды жасауға кірісейік.
Практикалық жұмыс біткеннен кейін оқушылардың жұмыстарынан көрме жасаймыз, сұрақтар қою арқылы жұмыстары талаптарға сай болдыма жоқпа анықтаймыз; Бірінші талапқа сайма? Ұқсата алдыңба? Дұрыс боялғанба? | Әртүрлі жұмыстар, жұмыс бағыттары, міндеттермен айналысатын адамдардың суреттері.. Ол қазақстандық суретшінің және кез-келген төменде берілген суретшінің картинасы болуы мүмкін: Эдгара Дегтің балериналары мен жокейлері: http://www.edgar-degas.org/ Хирургтердің суреттері, Барбара Хепуорт: http://www.pallant.org.uk/docs/barbara_hepworth_hospital_drawings_images_0.pdf Үйде жұмыс істейтін аналардың суреттері, Мэри Кассат: http://www.marycassatt.org/ Түстік шеңбер Кескіндеме өнері кітаптары Бейне іздестіргіштер, бояулар (акварель бояулары), қылқаламдар, суға арналған ыдыс, штаттық қағаз | |||||
Сабақтың соңы | Рефлексия. Неліктен ………айта аласын ба? … сурет 3D/үш өлшемдік болатынын …сен осылай ойлайтыныңды Сен бүгінгі сабақта не үйрендің? Саған не қиын болды? Не оңай болды? Не қызықты болды? | ||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың барысында қабілеті жоғары оқушыға тапсырманы күрделетемін , мысалы; қосымша жемістер қосуын сұраймын | Өзінөзі бағалау, бір-бірін бағалау жүреді | Белсенді практикалық жұмыс |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды