Өнер фестивалі. Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8D-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Мектеп: Талдықорған қаласындағы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Карипжанов М.С.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Өнер фестивалі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.2.3.1

қарапайым әдістер арқылы материалдар мен компоненттерді біріктіру, қосу, жинақтау, формасын келтіру, белгілеу, қию, өлшей бастау

1.3.2.1

көркем туындылардың кейбір сипаттамаларын тани және сипаттай бастау

1.3.3.1

қажеттілігіне қарай өз жұмысы туралы қарапайым пікірлер айту

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар қарапайым әдістер арқылы материалдар мен компоненттерді біріктіру, қосу, жинақтау, формасын келтіру, белгілеу, қию, өлшей бастау.

 Жетістік критерийлері

-оқушы идеяларды қарапайым тілмен жеткізіп бере алады

-оқушы қойылым қойып үйрену кезінде өз идеялар мен сезімдерін әр түрлі тәсілдер арқылы шығармашылық түрде ұсына және жеткізе бастайды.

 Тілдік мақсаттар

 

Талқылауға арналған сұрақтар

• Бұны қалай жетілдіруге болады?

• Қорытынды қойылымның алдында сіз нені жақсартуыңыз керек?

• Егер көрермен болсаңыз сіз не ойлар едіңіз?

• жарық, түс, жарқын, солғын, жеңіл, қараңғы, ашық, қаралау, көлеңкелер, қозғалыс;

• формалар, сұлбалар, шеңберлер, кескін;

• кеңістік, өлшем, үлкен, кішкентай, біріктіру,

 Құндылықтарды дарыту

Оқушыларды ұлттық аспаптармен таныстыру және бір-бірінің пікіріне деген сыйластықты қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Дүние тану,

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АҚТ қолдану дағдылары дамыйды себебі сандық камера немесе смартфондарын қолданады

Бастапқы білім

Оқушы бейнелеу өнер құралдарымен жұмыс жасай алады және смартфон қолдану біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру бөлімі

  • сәлемдесу.

ә) оқушыларды түгендеу.

Оқушылармен бірігіп сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау.

Сабақ соңында оқушылар; қойылым қойып видео түсіріп үйренеді

Сабақтың ортасы

(Ұ, Ө, Ж) Алдыңғы іс-әрекеттердегі тақырыптарды қолдану. Бұл әрекеттер дұрыс ұйымдастырылған болуы керек, бір топ номерді көрсетіп жатса, басқалары жазба түсіріп немесе бейнежазба жасайды.

(Ұ, Қ) Қорытынды дайындық үшін барлық жұмысты біріктіріңіздер. Оны бейнетаспаға жазыңыз және оқушыларға көрсетіңіз. Қорытынды қойылым алдында нені жақсарту керектігі туралы олардың ойын талқылаңыз.

Сергіту сәті

-сыныптағы көркем жұмыстар салынған оқушылардың портфолиосы

1-сынып бойынша таңдап алынған үздік жұмыстар

Веб-дереккөздер –костюмдер Көркем материалдар мен құралдардың жиынтығы

Сабақтың соңы

Талқылауға арналған сұрақтар

• Сіз бұл нәтижеге қалай жеттіңіз?

• Сіз қандай материал қолданар едіңіз?

• Жұмысты жақсарту үшін келесі жолы сіз не істер едіңіз?

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, қабілеті жоғары оқушыларға жасаған жұмыстарына қосымша детальдар қосуды ұсынамын

Өзін-өзі бағалау мұғалімнің бағалауы

Сергіту сәті



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу