Өнер фестивалі. Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8D-бөлім: Дені саудың – жаны сау

Мектеп: Көкшетау қаласының физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Кенесарина Д.С.

Сынып: 1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

Өнер фестивалі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.2 Өнердегі әдіс-тәсілдерді талдау

3.3 Жұмысты қорғау және талқылау

1.3.2.1

  • көркем туындылардың кейбір сипаттамаларын тани және сипаттай бастау

1.3.3.1

  • қажеттілігіне қарай өз жұмысы туралы қарапайым пікірлер айту

 Сабақ мақсаттары

  • оқушылар өздерінің шығармашылық жұмыстарын талдайды, талқылайды және түсініктеме береді;
  • бейнематериал бойынша жасаған қорытындыларына сай тағы бір рет репетиция жасайды;
  • өз жұмыстарын көрмеге қоюға дайындайды.

 Жетістік критерийлері

-жұмыстарын ұқыпты және жауапкершілікпен орындайды;

-жұмыс барысында сыныптастарын тыңдап, құрметтейді.

 Тілдік мақсаттар

 

Түйін сөздер:

көрме , cахналық көркемділік, паспарту.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Құрмет көрсету

Сыныптастарымен ынтымақтаса жұмыс істеу

Сыныптасының ойын құрметтеу және тыңдау

Еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық байланыстар

Өнер.

Шағын-спектакльді, көлеңкелер театрын, биді музыка сүйемелдеп тұрады.

 АКТ қолдану дағдылары

Презентациямен таныстыру барысында АКТ-ны қолдану

Бастапқы білім

Жұмыстарды аяқтау және дайындықты бастау.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, көңіл-күйлерін сұрау және назарларын сабаққа аудару.

Сабақты өткен сабақта репетиция кезінде түсірілген бейнематериалдан бастаңыз. Бейнематериалды көріп шығу.

Сабақтың ортасы

Оқушылардын қойылымның қай фрагменті ұнағанын сұрау.

Қойылымды жақсатру үшін не істеуге болады? Оларға жақын арада өнер фестивалі ұйымдастырылатынын және соған қатысатындарын айту. Бұл олардың жетістіктерін көрсететін мереке екенін ескерту. Сахналық қойылыммен бірге көрме ұйымдастыру керек екенін айту. Көрме жақсы жұмыстарды көрсетуге берілетін мүмкіндік екенін ескерту.

Әрі қарай орындайтын тапсырма оқушылардың талдай білу және сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады. Оқушылар өздерінің оқу жылының басындағы, ортасындағы, оқу жылының соңындағы жетістіктерін салыстыра алады. Көрмеге оқушылардың оқу бағдарламасы бойынша әр түрлі тақырыптарға қатысты, әр түрлі техникада жасалған жұмыстарын қойылады. Оқушыларға жұмыстарды салыстыруды тапсыру. Оқушылар жұмыстарға қарай отырып, жұмыстың орындалу сапасында қандай өзгешелікті байқағандарын айтады. Өзгешелік неден байқалады?

Дайындық жұмыстары:

Бидің, шағынспектакльдің және көлеңкелер театрының қойылымына соңғы дайындық өткізу. Оқушыларға көрермендер туралы сұрақтар қою: Көреремендер сен туралы не ойлауы мүмкін?

Егер сахна көркемділігін көрсете алсаңдар, көрермендерге ұнауларың мүмкін бе?

Сахна көркемділігі дегеніміз адамның сахнадағы шынайы, ашық мінезі екенін түсіндіру. Осылайша көрермендерді өзіңе баурап алуға болатынын айту. Сахнада шынайы, ақ жарқын және жымиып тұру керек екенін тағы бір рет ескерту.

Оқушыларды шығармашылық жұмысқа жетелеу. Сұрақ қою:

Паспарту дегеніміз не?

Оқушылардың жауаптарын тыңдау.

Паспарту – суретті шет-шетінен бірдей жиек қалдыра отырып безендіру.

Шығармашылық жұмыс:

Бұл тапсырма оқушылардың практикалық және өз бетімен жұмыс істеу дағдысын қалыптастырады. Оқушыларға көрмеге қоятын жұмыстарын дайындауды тапсыру. Көрмеге қоятын жұмысты безендіруді, яғни паспарту, жасауды рет-ретімен көрсетіп түсіндіру. Оқушыларға мұқият қарап, тыңдап отыруларын ескерту. Ең алдымен суреттің бұрыштарын қарап шығу керек, сурет бұрыштарының тік болу керек екенін айту. Егер тіктеу керек болса, сызғышпен сызып алып, қайшымен қию керек.

Оқушыларға қатты қағаз немесе қатырма қағаз дайындап алуды тапсыру. Оқушылардың назарын қағаздың ашық солғын түсіне аудару. Одан кейін суретті қағаз бетіне орналастырып, белгілеп алуларын сұрау. Суреттің артқы жағынан, бұрыштарына желім жағып қағазға желімдеу.

Презентация-дағы суреттерді көрсету.

Сабақтың соңы

Рефлексия:

Оқушылар жұмыстарын көрмеге шығарады. Сонымен қатар алдыңғы сабақтардан жасап келген декорацияны, сахналық костюмді және силуэттерді бағалауға болады.

Оқушыларға осы сабақтың быйылғы жылдың соңғы сабағы екендігін айтып, жасағаан жұмыстары үшін алғыс айту және кішігірім сыйлықтар тарту ету.

Шағын сыйлықтар ретінде қалам, қарындаш немсе ұштағыш сияқты құралдар болуы мүмкін.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қабілетті оқушыларға мұғалімге көмек ретінде топтарға қажеттілігінше қолдау көрсетулерін ұсыну.

Оқушылар бір-бірлерін "екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы бағалайды.

Жұмыс барысында техника қауіпсіздік ережесін сақтап отырулары керектігін ескеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу