Мен мектебімді безендіремін. Музыка, 1 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 А-бөлім: Менің мектебім

Көкшетау қаласындағы

физика-математикалық бағытындағы

Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Кенесарина Д.С.

Сынып: 1

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны саны:

Сабақ тақырыбы

Мен мектебімді безендіремін

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.3.2.1

Көркем туындылардың кейбір сипаттамаларын тани және сипаттай бастау;

1.2.3.1

Қарапайым әдістер арқылы материалдар мен компоненттерді біріктіру, қосу, жинақтау, формасын келтіру, белгілеу, қию, өлшей бастау;

 Сабақ мақсаттары

- оқушылар қарапайым материалдардың көмегімен бедерлеме алу тәсілін үйренеді;

- оқушылар өз аты-жөндерінің бірінші әріптерін бедерлемемен безендіруді үйренеді;

 Жетістік критерийлері

 - шығармашылық жұмысында әріптерді сызған кезде ерекше және қызықты етіп ойластырады;

 - жұмыс барысында өте ұқыпты жұмыс істейді және техника қауіпсіздік ережесін сақтайды;

 Тілдік мақсаттар

 

Бедерлеме – оттиски – imprint;

Аты жөнінің бірінші әріптері – инициалы – initials.

Сабақ барысында тірек сөздерді оқушыларға қайталатып отырғызу керек. Оқушылар өз сөйлемдерінде тірек сөздерді пайдалану керек. Аты – жөндерінің бірінші әріптерін құрастырған кезде ағылшын әріптерін пайдалануға болады.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Еңбек және шығармашылық-жұмыс барысында шығармашылық қабілеттерін пайдаланады және еңбек етуге дағдыланады.

 Пәнаралық байланыстар

Дүниетану. Адамның жеке заттары.

Музыка. Музыкалық аспаптардың атауы. Музыкаға қатысты терминдер.

 АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақта АҚТ дағдыларын қолданбайды

Бастапқы білім

Ысқылау әдісі арқылы бедердің бейнесін салып үйренді

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгеру

Сабақтың басы, тақырыпты анықтау, сабақтың мақсаттарын қою

Өткен сабақтардағы өрнек және суреттерге шолу жасаңыз. Оқушылардан руббинг нысандарын табуды сұраңыз. «Руббингтің жасалуын жеңіл/ қиын екенін кім анықтай алды?» деген сұрақ қою.

Сабақтың ортасы

Презентациямен жұмыс:

Оқушылардың назарын сабаққа аудару үшін оларға мереке қарсаңында шармен безендірілген мектептің фотосуретін көрсету. Презентацияның екінші слайдын пайдалану. Оқушылардан мектеп қай кезде ерекше әдемі болатынын сұрау.

Мектептің гүлдер, суреттер және оқушылардың қолымен жасалған бұйымдармен безендірілетіні туралы айтып, әңгімені жалғастыру. Мереке күндері мектеп ерекше құлпырып кетеді.

Оқушыларға мектепті безендіруге қатысуларына болатындығы жайлы айту керек. Мысалы, мектепті оқушылардың аты-жөндерінің бірінші әріптерімен безендіруге болады. Одан кейін «инициал» сөзінің мағынасын түсіндіру.

Оқушыларды презентацияның үшінші слайдымен таныстыру. Ол бетте адамның тегі, аты және әкесінің аты жазылған инициял көрсетілген. Оқушыларға бұл әріптер қандай мағына беретіні жайында түсіндіру.

Инициял сөзінің мағынасын түсіндіру:

Инициал – адамның тегі, аты және әкесінің атының бірінші әріптері. Инициалды өзінің жеке заттарын таңбалау үшін пайдаланады.

Оқушыларға түсінікті болу үшін мысал ретінде сыныптағы бірнеше оқушының атын, тегін және әкесінің атын пайдалана отырып қалай құрастыру керек екендігін көрсетіп жіберу.

Оқушыларға «Бедерлеме» сөзінің бірнеше мағынасы бар екендігін түсіндіру үшін төртінші слайдты пайдалану.

1. Бедерлеме– кескін, із, жол бастыру арқылы алынатын таңба.

2. Басып салу арқылы орындалған сурет, кескіндеме және т.б.

3. Типографиялық әдіспен қағазға алған мәтіннің, суреттің таңбасы.

Оқушыларға суреттен өз аты-жөндерінің бірінші әріптерін тауып алуды тапсыру. Оларды қалай безендіруге болатынын ойлануды ұсыну. Ол үшін презентацияның бесінші бетінде орналасқан әріптерді көрсетуге.

Оқушыларға бедерлемемен безендірілген әріптер тартымды және қызықты болады. Бедерлеме–бастыру арқылы алынатын кескін, із. Басқаша айтқанда-таңба.

Шығармашылық жұмыс:

Оқушыларға баспатаңбаны алудың әр түрлі тәсілдері бар екенін оқушыларға айту.

Бірінші әдіс – заттың боялған бетінен басылған немесе тырналанған бедерлемені алу. Осындай бедерлеме алу әдісінің ретін көрсету үшін оқушылардың назарларын презентацияның алтыншы бетіне аудару. Алдымен суретке негіз болатын жұмсақ материал дайындап алу керек екеніне баса назар аудару. Бірінші сынып оқушылары үшін бір рет қана ұсталатын тәрелкелер немесе төбеге жапсыратын үлдір плиткалар ең қолайлы материал болады. Оларға қарындашты қаттырақ басып отырып, кескіндемені оңай алуға болады. Сурет немесе өрнек дайын болған соң қылқаламмен бояу жағу керек. Одан кейін бір парақ қағазды оның үстіне қойып, негізгі материалға қатты басу керек. Содан кейін негізгі материалдан қағазды шетінен бастап ақырындап ажыратып алу керек. Оқушыларға бедерлемені мөр (қалып) арқылы да алуға болатынын айту. Мөрді әртүрлі материалдан жасап алуға немесе дайын түрін пайдалануға болады. Бедерлемені көптеп дайындауға болатынын айтуды ұмытып кетпеу. Техника қауіпсіздігін сақтау керек екенін ескерту.

Қағаздан қиылған инициалдарын бедерлемемен безендіру. Әріпті бір немесе әр түрлі бедерлемемен безендіруге болатынын айту. Жұмысты аяқтаған соң, аты-жөндерінің бірінші әріптерімен қабырғаға коллаж жасау. Оқушылар әріптерді кескіндеме қызықты болатындай етіп топтастырулары қажет. Мүмкіндік болса, әріптерден буын немесе сөз құру. Оқушыларға әріптерді өз еріктерімен орналастырып, өздерінің сезімдерін, ойларын жеткізуге мүмкіндік беру.

Оқушылар жұмыстарына түсініктеме береді.

Төбеге жабыстырылатын үлдір плиткалар, ақ қағаз, қылқалам, бояу

Сабақтың соңы

Оқушылар жұмыстарын аяқтаған соң барлық әріптерді қабырғаға (тақтаға) іліп қою, жақсы жұмыстары үшін қол соғып, қошеметтеу қажет.Себебі ол оқушылардың әрі қарай одан да жақсы жұмыс істеуіне шабыттандырады. Өздерінің жұмыстарына қарап оқушылар өздеріне ненің ұнағандығын және жұмыс барысында қандай қиыншылықтармен кездескендері жайында баяндап бере алады.

Рефлексия:

Бүгін не үйрендің?

Қандай қиыншылықтармен кездестің?

Не қызықты болды?

Оқушыларға ауызша сұрақтар қою және оқушылар сабақ бойынша өз ойларын айтады.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Деңгейлеп оқыту – егер сыныпта практикалық дағдылары жоғары және берілген тапсырманы шапшаң орындаған оқушыларға қосымша тапсырма ретінде берілген дидактикалық материалды орындауға болады. Яғни берілген әріптерді ұзыннан, көлденең және қиғаш сызықтармен сызып шығу қажет

Оқушылардың жұмыстарын берілген критерилер бойынша бағалау және жұмыс барысында оқушыларды жасап жатқан жұмыстарының қандай керемет кендігін ескеріп қолдау көрсетіп отыру.

Жұмыс барысында оқушыларға техника қауіпсіздігін сақтау керек екенін ескеру.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу