«Мен мектеппен танысамын». Музыка,1 сынып. Сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 бөлім- «Менің мектебім»

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Магавин А. Б.

Сынып: 1

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

«Мен мектеппен танысамын»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

1.1 Ән айту және музыкалық аспаптарда ойнау

(жеке және топ құрамында)

        • тосыннан қосыла отырып, қарапайым музыкалық материалды жатқа ойнап ән айту

2.2 Идеялар ұйымдастыру және материалдарды жинау

1.2.2.1 музыкалық қойылымдар үшін идеяларды жинақтау

 Сабақ мақсаттары

оқушыларды домбыра аспабымен таныстыру

есту арқылы дыбыстардың ұзақтығын ажыратуға және анықтауға үйрету, дауыс пен қозғалыс арқылы дыбыстың ұзақтығын көрсетуді меңгеру.

 Бағалау

 критерийлері

түрлі дыбыстық композицияларды зерттей отырып, ұрмалы аспаптар арқылы әуенді шығармашылықпен ұсына алады.

қарапайым музыкалық материалды қосыла отырып жатқа орындайды

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

дыбыстардың құрылуы мен өзгеру тәсілдерін сипаттап, олардың музыкадағы мағынасын түсініп көрсете алуы керек

Пән лексикасы мен терминологиясы

Тірек сөздер

қысқа дыбыс – короткий звук – short sound

ұзақ дыбыс – длинный звук – long sound

дыбыстың ұзақтығы- длительность звука-length of sound

Диалогқа/жазуға қажетті сөз тіркестері

• Музыка нені еске түсіреді?

• Музыканы басқаша қалай өзгерте аламыз?

• Сіздің ұсынысыңыз қандай?

  • Қысқа және ұзын дыбыстың айырмашылығы неде?

 Құндылықтарды

 дарыту

Ынтымақтастық, құрмет, еңбек және шығармашылық

 Пәнаралық

 байланыстар

Ғылымға кіріспе- дыбыс шығарушы дененің тербеліс толқындары дыбыс шығарады, оның амплитудасы дыбыстың күшіне, оның қаттылығына әсер етеді. Балалар домбыра ішегінің дірілдеуі (немесе ғылыми түрде тербелісі) дыбыс шығаратынын, ал оның ұзақтығы ішектің қалай тартылатынына тәуелді екенін көрді.

Математика: дыбыстың ұзақтығын анықтағанда міндетті түрде санау қажет.

Бейнелеу өнерімен байланыс «Байланысты тап» айдарындағы жұмыстарды орындағанда, сонымен қатар жұмыс дәптеріндегі № 1, 3 тапсырмаларды орындау барысында байқалады.

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интерактивті тақта арқылы домбырашылардың өнерін, домбыраны жасау туралы бейне жазба көрсету

Бастапқы білім

Өткен сабақта оқушылар ұзын және қысқа дыбыс ұғымымен танысты, оларды ырғақтық флэш-карталарда сберілген төрттік және сегіздік ноталарды та, те буаындарына айтып, ырғағын соғып, және сәйкес мектеп туарлы сөздермен айтып көрді. Жұптық жұмыс барысында мек теп туарлы екі сөйлем шығарып ырғақпен орындады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сабақтың ортасы

Сабақтың соңы

Сабақ домбырада ойналып тұрған күмбірлеген күйден басталады.

Оқушылармен сәлемдесу

«Сәлеметсіңдер ме!»

«Здравствуйте!»

«Good day!»

оқушылардан сұрау:

  • Балалар, сендер сабаққа кірген кезде қандай әуен ойналып тұрды? Естеріңде ме?
  • Бұл домбыра аспабы. Оқушыларға домбыра аспабын көрсету.
  • Қалай ойлайсыңдар, бұл аспап қандай дыбыстар шығарады? /Домбыра туралы оқушыларға түсіндіру/

Домбыра – қазақ халқының ең көп таралған және сүйікті аспабы. Домбырада әртүрлі сипаттағы шығармалар, соның ішінде, лирикалық, трагедиялық, салтанатты, көңілді, мұңды аспаптық шығармалар - күйлер орындалады. Қазақтың халық әндері де домбыраның сүйемелдеуімен орындалады.

Дыбыстың ұзақтығы ішектің тербелісіне, дауыс желбезегіне және үрмелі аспаптардағы ауаның ағынына тәуелді болады.

2010 жылы Қытайда 10 мың домбырашы-қазақтардың бір мезгілде орындаған «Кеңес» күйінің домбырадағы орындалуы Гиннес рекордтар кітабына енген

Бұл аспап әмбебап онда «күй» деп аталатын соло музыкалық шығармалар және әнге сүйемелдеу де ойнауға болады.

Музыка тыңдау

Оқушыларға халық күйі «Кеңесті» аспапта орындап беру.

Зерттеушілік әрекет:

  • Балалар бұл шығармада қандай дыбыстар көбірек ойналды ұзақ дыбыстар ма әлде қысқа дбыстар ма?
  • Қазір сендер өздерің домбыраның ішегін тартып тұрып, тез жіюере салыңдар. Ал енді дыбыстың қанша уақытқа созылғанын бірге санап көрейік.

/Балалар домбыра ішегінің дірілдеуі (немесе ғылыми түрде тербелісі) дыбыс шығаратынын, ал оның ұзақтығы ішектің қалай тартылатынына тәуелді екеніне көз жеткізеді/

  • Ішек тербеліп тұрғанша (немесе дірілдегенде) дыбыс шығады Бұл дыбыстың ұзақтығы деп аталады. Дыбыстың ұзақтығын уақыт бой ынша сезуге тырысыңыздар.

/Аталған тапсырманың орындалуы оқушыларды «дыбыстың ұзақтығы» түсінігімен таныстырады. Дыбыстың ұзақтығы уақытқа тәуелді екеніне назар аударыңыздар, ұзақ дыбыс уақыт бойынша көпке созылады/

Терминдермен жұмыс

-оқушыларға сөйлейтін қабырғаларда тұрған терминдерді көрсету, қажет болған жағдайда қарап есіне түсіруге болатыны жайлы айту

дыбыстың ұзақтығы- длительность звука-length of sound- жаңа терминін үш тілде қайталау. Сөйлейтін қабырғаға ілу

Практикалық бөлім:

Ырғақ соғу

Күйдің ырғағын соғып көру,

/оқушылардың жауабын тыңдау/

-Оқушылар қазақ халқының ұрмалы аспаптарымен күйге сүйемелдеу жасайды.

Бір топ аспапшы, екінші топ биші болып өз рольдерін орындайды

Ән айту

Күз туралы өткен сабақта үйренген әнді қайталау.

Оқушыларды үш топқа бөлу

Ырғақтық флэш-карталармен жұмыс

Әр топқа ноталардың ішінде жазылған бірнеше сөздер және ырғақтық флэш-карталар беріледі. Оқушылар берілген мектеп туралы сөздерді ырғаққа салып бірге айтулары керек.

Рефлексия:

әр оқушыға + - ? белгілі көрсетілген қағаздар беріледі. Оқушылар

сабақты түсінгендерін сол белгі бойынша білдіреді. Әр оқушы рефлексия парақтарына өз есімдерін жазады.

https://www.youtube.com/watch?v=hbXNcGPaL8M

https://www.youtube.com/watch?v=ARqcfrmL0Ds

Домбыра жасау бейнетаспасы

https://www.youtube.com/watch?v=tsjNLzHdTjA /үзінді алу /

Презентация

Домбыра аспабы

https://www.youtube.com/watch?v=tsjNLzHdTjA /үзінді алу /

Сөйлейтін қабырғалардағы терминдер

Асатаяқ, тоқылдақ, дауылпаз, тұяқтас

Әннің минусы

https://www.youtube.com/watch?v=hbXNcGPaL8M кеңес күйі- сүйемелдеу үшін

Ырғақтық флэш-карталар

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында мұғалім көмек қажет ететін кейбір оқушыларға бағдар беріп отырады

Ырғақтық тапсырманы тез орындап болған кейбір оқушыларға берілген сөздерден сөйлем құрып ырғақпен орындау ұсынылады.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау кезінде әр оқушыға бағыт бағдар беру

Өзара бағалау

Жетістік критерийлері бойынша бағалау

Топтық жұмыс барысында дұрыс орындау, ырғақтарды жеке орындау барысында оқушыларды бақылап қалыптастырушы бағалау жүргізу.

Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау кезінде әр оқушыны бақылау

Қауіпсіздік техникасын сақтау

Күйге сәйкес би қимылдарын орындау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу